Отан – мен сенің ботаң
Мақсаты: бала бойына ертеңге деген сенім ұялату. Отанын сүйе білуге, ұлттық патриотизмге тәрбиелеу. Отанға, мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Тілін, салт – дәстүрін құрметтейтін тұлға қалыптастыру. Сөздік қорын дамыту.
Көрнекілігі: шарлар, жалаушалар, гүлдер.
Барысы
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар мен қонақтар! Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз, балалар. Сондықтан өз жеріміздің, өз еліміздің ата - бабаларымыз сияқты қадірлеп, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Толтырған гүлге даланы,
Жаңартқан ауыл қаланы.
Ардақты ата мекенім,
Отаным – Қазақстан –
дегендей XXI ғасырда Қазақстанда тыныштық, бейбітшілік болсын деп тілей отырып бүгінгі «Отан – мен сенің ботаң» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Мемлекеттік әнұран орындалады.
Сөз кезегі мектеп директоры ______________________ беріледі.
Жүргізуші: - Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?
Хормен: Қазақстан
-Елбасымыз кім?
Хормен: Н.Ә.Назарбаев
-Елордамыз қай қала?
Хормен: Астана
-Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?
Хормен: Қазақ тілі
1 оқушы: Ақыл – ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Ән: «Туған жер»
Көрініс: Бала мен атаның әңгімесінен үзінді
Бала: Ата, айтшы, ал енді,
Тәуелсіздік деген не?
Ата: Тәуелсіздік? Бұл-бақыт,
Сарқылмайтын шаттық қой.
Мейірімімен тербеген
Тәуелсіздік-жарқын күн.
Жүргізуші: Балалар біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің рәміздері дүниеге келді. Олар:
Хормен: Ту, Елтаңба, Әнұран
2 оқушы: Көк байрағы бабаның-
Бүгінгі ұрпақ алауы,
Мияты әке, баланың-
Қазақстан жалауы!
3 оқушы: Мағыналы, сымбатты
Бар осындай белгіміз.
Маған, саған қымбатты
Елтаңбасы ол-еліміз.
Ойын: «Асық тастау»
1 тәрбиеші: Балалар сендер өзіміздің Отанымыз, тіліміз, жерімізге байланысты өлең жолдарын білесіңдер ме? Айтып беріңдерші.
4 оқушы: Анамыздай тілеуі ақ,
Отан бізде біреу-ақ!
Ол біздің Қазақстан!
5 оқушы: Қызық күндер өткіздік
Шағын орталық бағында,
Көп оқимыз, білеміз
Ел мен Отан жайында.
6 оқушы: Біз намыскер
Қазақ елі ұланымыз!
Қорғайтын жерді
Отан қыранымыз!
Би: «Домбыра»
7 оқушы: Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер төккен.
Билігім өз қолында,
Еркіндігім, елтаңбам.
8 оқушы: Толтырған гүлге даланы,
Жайнатқан ауыл, қаланы.
Ардақты атамекенім,
Отаным – Қазақстан!
Ұлттық салт-дәстүрден көрініс: «Тұсау кесу»
Бейбарыс қаз тұрып, тәй-тәй басып жүре бастаған кезде жасалатын салт-дәстүр. Әдетте баланың туғанына 12-14 ай толғанда жасалады. Тұсау кесу тойының негізгі жабдықтары 1,5 метр ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ. Тұсау кесу тойына ауылдың қыз-келіншек, бәйбішелері түгел шақырылады. Ет асылып, шай қайнатылады. Тойға келгендер шашуға кәмпит, балаға ойыншық, асық, сылдырмақ әкеледі. Баланың шешесі шаруаға икемді елкезек, пысық әйелдердің біріне қайшы мен жіпті ұстатып, баланың тұсауын кесуді ұсынады. Тұсау кесуші жүре бастаған баланың аяғына ала жіппен тұсау салып жатып:
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін-
деп өлеңдете отырып тұсау жіпті қайшымен қияды да баланы 3-4 аттатады. Той үстінде кәмпит (шашу) шашылады. Тұсау кескен кісіге көйлек сыйланады.
Жүргізуші: Тәуелсіздік-қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек жан-тәніңмен ұғып біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал талдайық, жеткенінше қызыл тіл.
Т - білдіреді теңдікті
Ә – Әдептілік әлдікті,
У – Уайымсыз уақытты,
Е – Егемендік, елдікті,
Л – Дейді Лағып лепірме
С – Сенімділік секілді ең
І – Ілтипат пен ізет қой,
З – Зиялылық тілек қой,
Д – шақырады Достыққа,
І – Ілкімді боп сақтыққа,
К – Дейді, Күн бол көктегі,
Көз алартпа көршілерге қол сұқпа.
Жүргізуші: Қазақтың ұлттық тағамдарына нелер жатады.
Бауырсақ, бешбармақ, ірімшік, қоспа, құрт, көже.
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Сендер нағыз Қазақстан Республикасының жас ұландары екенсіңдер. Бүгінгі өнерлерің үшін рақмет!
Ән: “Әрқашан күн сөнбесін”
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Отан-мен сенің ботаң" 1 сынып

шағым қалдыра аласыз