Материалдар / тәрбие сағаты "отбасы - бақыт мекені"

тәрбие сағаты "отбасы - бақыт мекені"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты 5-сынып оқушыларына арналған. Материал 5 сынып жетекшілеріне өз жәрдемін береді деген ойдамын.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қарағанды қаласы, №63 ЖББОМ







ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы: Отбасы – бақыт мекені




Орындаған: Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі,

5-сынып жетекшісі Елтаева Айымгул Ермековна






















2017-2018 оқу жылы

Күні: 08.09.2017

Сыныбы: 5 «Б»

Мақсаты: Бала бойына отбасына деген сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, суреттер

Барысы:

Мұғалім: "Ана – сая болар бағың болса,

Әке – асқар тауың" дейді қазақта.

Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,

Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.

Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,

"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!

Ана – жарық сыйлаған жан екенсің,

Ана – шуақ шашатын таң екенсің.

"Ана – өмір, ана – бақыт, ана – жүрек"

Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.

Әке мен ананың орны адам өмірінде ерекше емес пе?!
Бүгін «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында Отбасы мерекесіне арналған тәрбие сағатын бастайық!

2013 жылы 8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күнi аталып өтті. Алғаш рет бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi. "Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн осы жылдан бастап қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Ел Президентi мемлекет – отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын тағы да атап өткiм келедi» деген болатын мәлімдемесінде.

Ендеше "Ұлылардан қалған ұлы сөздерге" құлақ түрейік. Ғабиден Мұстафин "Балаға сіңірген ата-ананың еңбегін бала өмір бойы ақтап бола алмайды. Ол – өле-өлгенше суынбайтын, сарқылмайтын махаббат" деген екен. Ал оқушылар сендер қандай ұлылардың сөздерін білесіңдер. Сөз кезегі оқушыларда:

1 оқушы: Мұхаммед Пайғамбар: "Әуелі анаңды сыйла, сосын анаңды сыйла және тағы да анаңды сыйла!"

2 оқушы: Кeмал Кеніш: "Үйіміздің шуақты нұры аяулы ана болса, аскар тауы, ақылшы тірегі – әке өзіңсің".

3 оқушы: Дулат Бабатайұлы: "Ата-ана ақылы қазылған қара кенмен тең".

4 оқушы: Махмұд Қашқари: "Атасынан ақыл алса - тентек ұл да жөнделер"

5 оқушы: Виктор Гюго: "Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол сәби үшін жылы ұя".

6 оқушы: Қадыр Мырза әли: "Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең ізгі жан иесі".

7 оқушы: Ғабит Мусірепов: "Ана – бар тілегін перзентінің жолына, бақытына арнаған әлемдегі ең мейірбан жан".

Мұғалім: Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар – әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мем лекетіміз мықты болуы мүмкін емес. Бала – ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.

Оқушыларға сұрақтар:

1. «Отбасы», «Отау иесі», «Отағасы» ұғымын қалай түсінесіңдер?

2. Отбасы негізі не деп ойлайсыздар?

3. Ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас қандай болу керек?

4. Баланың отбасындағы міндеттері қандай болу керек?

Құндылық құны

Отбасымда ең сыйлы ______________________________________

Ең қымбатты _____________________________________________

Ең ақылды _______________________________________________

Ең сүйкімді ______________________________________________

Ең құрметті ______________________________________________

Ең құнды ________________________________________________

Ең бағалы ________________________________________________

Ең қажетті _______________________________________________

«Бақытты отбасы модулін» жасайық. Оқушылар өз ойларын білдіріп, ортақ бір бақытты отбасы моделі жасалады.

Мұғалім: Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке – біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата – бәйтерек,бала –жапырақ», «Әкеден – ақыл, анадан – мейір», «Ағасы бардың – жағасы бар, інісі бардың – тынысы бар»,- дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз – бақыттымыз.

Оқушыларға жалпы бірдей сұрақ:

  1. Отбасыларында дәстүрге айналған мәселелер бар ма ?

2. Әр отбасының ұстанымы болады, сендердің отбасыларында қандай ұстанымдар бар?

Мұғалім: «Әке – асқар тау. Ана – ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ» дейді атам қазақ. Әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болмақ.


ЖИ арқылы жасау
18 Желтоқсан 2017
2692
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі