Күні: 24.12.18ж.
Мектеп: Жалпы білім
беретін №8 орта мектеп
Пән: Тәрбие
сағаты
Сынып: 3
А
Сынып жетекшісі:
Касен
Ақбота
Машықкер: Молдабекова
Алия
Сабақтың түрі: аралас
Тәрбие сағатының
тақырыбы: «Отбасы – бақыт
ұясы»
Тәрбие сағатының
мақсаты:
1.Оқушылардың отбасы, жанұя
туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын
дәріптеу.
2.Оқушылардың естес
ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу
дағдыларын дамыту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа,
жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы
құндылықтарын сыйлауға
тәрбиелеу.
Тәрбие сағат
көрнекілігі: Тақтаны тақырыпқа лайық
безендіру,видео.
Ұйымдастыру
кезеңі:
I.Сабақтың
басы:
а)
Амандасу. Көңіл-күй
сұрау.
б) Психологиялық
дайындық
II.Сабақтың
ортасы:
а)
Видео
көрсету
б)
«Мақалды жалғастыр»
ойыны
c)
Сергіту
сәті
д)
«Менің отбасым»
ойыны
е)
Викториналық
сұрақтар
III.Сабақтың
соңы:
Сабактан алған әсерлерін
смайлик арқылы көрсету.
Тәрбие сағатының
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
I.Мұғалім:
-Сәлеметсіңдер ме оқушылар!
(Сәлеметсізбе мұғалім)Көңіл-күйлерін қалай, сабаққа деген
ынта-құлшыныстарын қалай?(жақсы) Оқушылар бүгінгі сабаққа
дайынсыңдарма? (Иа)
Психологиялық
дайындық:
Оқушылар сабағымызды бастамас
бұрын орындарымыздан тұрып психологиялық дайындықты өткізіп алайық!
Балалар мен сендерге әртүрлі дене мүшелерін айтамын сендер сол
мүшені ұстауларын керек.Бірақ мен сендермен бірге жасап, сендерді
шатастыру тырысам.Алайда, сендер шатаспауларын
керек.
II.Сабақтың
ортасы:
а)
Видео
көрсету «Бақытты отбасы
үлгісі»
Бейнеролик бойынша сұрақтар
қойылады.
Тақырыппен
танысу:
Маған да, саған
да,
Жақын, туыс
адамдар.
Бәрі де өз
жұртың,
Айтыңдар, олар, кім ?
(Отбасы)
- Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы
екен.
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп
тұрсыңдар?
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір -
біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан
басындағы отбасы мүшелерін көріп
отырмыз.
Отбасы туралы әңгімелеу.
-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
-Отбасы деген не?
-Отбасы құрамы деген кімдер?
-Отбасының адам өміріндегі маңызы
қандай?
Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние
есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер
жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала
тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң
қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі
баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе
жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың
тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып
табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие
мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді
қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында
қаланады.
Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке,
ана, бала отбасы шағының үш тағаны
іспеттес.
Жарайсыңдар балалар!Ал енді
бәріміз тақтаға назар аударайықшы!Балалар тақтада кімдер
бейнеленген? (Балалардың пікірлері)Дұрыс айтасыңдар, тақтада
Қазақстанның әйгілі адамдары бейнеленген.Сонау батырлардан, қазіргі
спортшыларға дейін көрсетілген.Сонау заманда Қабанбай, Бөгенбай,Наурызбай
сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі Желтоқсан
оқиғасына дейін жалғасты. Олардың күрес жолдары мен ерен
ерліктерінің бәрі Тәуелсіздігімізге жеткізді. Бүгінгі сабағымызда
бізді осы қазіргі кезге жеткізген батырларымыз, ақын,жазушыларымыз,
қазіргі кезде отанымызда әйгілі азаматтар туралы білетін боламыз.
Білетін білімдерімізді әрі қарай
жетілдіреміз.
б)
«Мақалды жалғастыр»
ойыны
1.Ұяда не көрсең ,
....................................( ұшқанда соны
ілерсің)
2.Балалы үй базар,
..................................( баласыз үй қу
мазар)
3.Ата көрген оқ жонар,
..........................( ана көрген тон
пішер)
4.Ананың
сүті – бал, ................................( баланың тілі –
бал)
5.............. – ананың бауыр еті, көз нұры. (
бала)
6. Әке – асқар тау,
.............................( ана- шалқар
көл)
7.«Жеті атасын білмеген:
................(жетесіз»),
8.Ата көрген оқ жонар,
..........................( ана көрген тон
пішер)
9.Әке тұрып ұл сөйлегеннен
без,…(шеше тұрып қыз сөйлегеннен
без)
c)
Сергіту
сәті
«Атом және
молекула» ойыны бойынша оқушыларды топқа
бөлу. Оқушылар сынып ішінде атомдар мен молекулалар сияқты еркін
қозғалыста болады. Мұғалімнің басқаруымен әртүрлі сандар айтылады.
Сол санға сәйкес әр ойыншы бір-біріне жұп таба білу қажет. Мысалы:
3 деген сан айтылғанда 3 ойыншыдан жиналып тұрып қалу
қажет.
д) «Менің
отбасым» ойыны
Оқушыларға гүлдің суреті бар
карточкалар беріледі.Әр оқушы гүлдің күлте жапырақшаларына озинин
отбасы мүшелерін жазады.Сол отбасы мүшелеріне байланысты бир екі
сөзден айтвп кетеді.
е)
Викториналық
сұрақтар
1. Бес асылды атаңыз
(талап, еңбек, терең ой, қанағат,
рақым)
2. Үш арсызды ата? ( ұйқы,
тамақ, күлкі)
3. Отбасын кімдер құрайды? (
Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке,
сіңілі,
іні.)
4.
Ұл мен
қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)
5.
Отбасының әдет
-
ғұрпы туралы түсініктеме беру. ( Үлкенді сыйлау, айтқан
ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші. Отбасының басшысы кім? ( Әке)
4
Жеті қазынаны ата. (жүйрік ат;қыран бүркіт;құмай тазы;берен мылтық;ер жігіт, сұлу әйел; ақыл-білім)
5. Ер жігіттің неше жұрты болады? (3жұрты.
Өз,қайын жұрт, нағашы)
6. Сенің туған әпкеңнің әкесінің жолдасының әкесі
сағат кім? (нағашы ата)
III.Сабақтың
соңы:
- Біз бүгін өзімізге ең жақын,
ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға -
әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын
адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері
аман – сау болсын! Сабактан алған әсерлерін смайлик арқылы
көрсету.