Тәрбие сағаты "Отбасым алтын дінгегім" 6-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Отбасым алтын дінгегім" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіріп ,оқушылардың бойында отбасына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу мақсатында өттім
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы :

6

Күні: 09.09.2017ж

Мұғалімі:

Абдикулова Молдир Ердалықызы

Сабақтың тақырыбы:

Отбасым алтын - мекенім

Сабақтың мақсаты:

Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру; оқушылардың бойында отбасына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру; оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі

Слайд, суреттер, нақыл сөздер мен мақалдар жазылған плакаттар

жоспары

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу оқушыларды түгелдеу

Қазақстанның әнұранын орындату

Сыныпты топқа бөлу: «Ата», «Апа», «Әке», «Ана»,

Қызығушылықты ояту


Мұғалім:

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы, ата-ана. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана – отбасының ұйытқысы. Қай халық болса да, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі - ата-бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерінде.

І ,ІІ,ІІІ топтарғ а сұрақтар

  1. Балдан тәтті не? ( бала)

  2. Шаңырақ иесі кім?( кенже ұл)

  3. Балаға кім сыншы ? ( ата- ана)

  4. Әкеден балаға беріледі ( мұра)

  5. Үйде кім, елде кім қадірлі ( қонақ, әкім )

  6. Үйдегі алтын қазық (ана)

  7. Бес дұшпанды атаңыз? Өтірік ,өсек, еріншек мақтаншақ, мал шашпақ

  8. Ұл атадан көрмейінше сапар шекпесін кімнің мақалы (қорқыт ата)

  9. 18 жасқа толмаға адам ( бала)

  10. Қазақстанда қандай білім алуға міндетті (орта)


Мағынаны тану

«тығырықтан шығу» жағдайат

  1. Сенің өзіңе жақын адал достық бар, бірақ оған ата- анаң қарсы сен не істейсің?

  2. Сен тәртіпсіздік жасадың, мұғалімің саған қатты ұрысты сен не істейсің?

  3. Саған мұғалім тапсырма тапсырды сені сынау мақсатында сен ол тапсырманы орындамадың мұғалім сенен сұрауда сен не істейсің?

Ой- толғаныс

Балалар мақалды бастайды, келесі оқушы мақалды аяқтау керек
Әдепті бала ата - анасын мақтатар… (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар).
Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без…(шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без).
Қарағайға қарап тал өсер… (қатарына қарап бала өсер).
Үйінде ұлы - қызы бардың…(көгінде сөнбес жұлдызы бар).
Ана сүтін ақтамағанды …(ешкім жақтамайды).
Жығылып жатып…(сүрінгенге күлме).
Күлме досыңа…(келер басыңа).
Әдепті бала арлы бала…(әдепсіз бала сорлы бала).
Ауру қалса да… (әдет қалмайды).
Ұяда нені көрсең … (ұшқанда соны ілесің).

АТА - АНАНЫҢ ПАРЫЗЫН.....( ӨТЕУ - СЕНІҢ ҚАРЫЗЫҢ )
Отбасы туралы жаттаулар

Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн,
Бір күн бар мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,


"Әке" деген сезімді ұмытар кім?!
Ана - жарық сыйлаған жан екенсің,
Ана - шуақ шашатын таң екенсің.
"Ана - өмір, ана - бақыт, ана - жүрек"
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің.

Келе ғой ботақаным өзіме деп,
Анам кеп сипағанда шашымды жәй.
Күйімді кешсеңдер - ау сол кездегі
Әкемнің маңдайымнан өпкен кезі - ай.

Тұрғандай ана сөзі тербеп мені,
Өмірім өнеріммен өрнектелді.
Тілейді әр ізіме ақ жол менің,
Әрқашан әке үні жебеп мені.

Текті білу ұрпаққа, біздерге сын,

Құрметтеп ата-баба, салт-дәстүрін

Тыңдайық кезекпенен жанұяны

Құлшынып ортамызға келген бүгін.




О, ата-анам,

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болса екен деп қашанда.

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің!



Отбасы ордасын

Періштелелер қорғасын.

Тіккен әрбір отауға,

Тәңірім жақсылық жолдасын.

Халқы бар ынтымақты шырақ еткен,

Тәрбиелі, үлгілі ауыл неткен!

Шағын орда отбасы аталады,

Сыйластық, жақсылықтың дәнін еккен.


Анаң-күнің жүрегің, Әкең -өмір тірегің.
Сен бақытты ұлансың,  Бәрі саған қуансын. 
Әжең- асыл ардағың, Атаң- дана қорғаның
Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын.
Ағаң –қамқор асқарың, Інің- мөлдір аспаның.
Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын

Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар
Отбасым мыналар:
Ең жақын адамдар-

Әкем мен анам бар,
Бір туған сіңлім бар,
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін,еремін!

Менің ата-анам:

«Түп қазығың – Отаның,

ар-намысың – тілің,

кәусар бұлағың – ұстазың,

қамқоршың – әкең, ақылшың – анаң», - деген сөздері көңілімде жатталып қалды. Болашақта ата-анамның үмітін ақтауға бар күшімді саламын.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2018
802
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі