«Теміртау қаласы №4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Тәрбие сағаты
Қай жерлерден жолдан өтуге болады?
Сыныбы: 3 «Б»
Сынып жетекшісі: Абдисаматова К.Т
Күні:
Сыныбы: 3 «Б»
Тақырыбы: Қай жерлерден жолдан өтуге болады?
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға көшенің қозғалыс бөлігінде ойнаудың қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіру; жолдағы қауіпсіздік қағидаларын ұстануға машықтандыру.
Дамытушылық: Ауланың қай жерінде ойнауға болатынын, қай жерінде болмайтынын түрлі тапсырмалар арқылы ойларын ұшқындатып, дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстана отырып, сақтық пен қырағылыққа шақыру.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, жол бергілері плакаты, дидактикалық ойындар, интер тақта.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану, дене шынықтыру, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
-
Сәлемдесу
-
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз Құрметпенен сіздерге Сәлем бердік біз Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін.
-
Сәлеметсіздер ме оқушылар! Бүгін бізге қонаққа авто инспекция қызметкері келіп отыр.Сендердің қаншалықты жолда жүру қағидаларын меңгергендеріңді тексеріп көрмекші.
-
Балалар сонымен қатар Шеврон компаниясы бізде қонақта. Шеврон компаниясы еліміздегі үлкен мұнай газ корпорациясы. Бұл корпорация еліміздегі денсаулық сақтау, білім беру, денсаулық сақтау салаларына елеулі үлес қосып отыр.
-
Шеврон компаниясына үлкен алғысымызды білдіреміз!
Топқа бөлу
-Балалар бағдаршамның қанша түсі бар?
Бағдаршам түсіне сәйкес ұшақтарды (өздеріңе ұнаған түсті) таңдап үш топқа бөлінеміз.
1 топ- Тазалық
2 топ – Ұқыптылық
3 топ – Салауаттылық
ІІ Үй тапсырмасы
-
Балалар назарымызды тақтаға аударып топ бойынша сұрақтарға жауап берейік.
Дұрыс жауап берген топ көліктер фишкасын жинайды. Жеңген топ марапатталады.
1 топ- Тазалық
-
Жаяу жүргінші жолдан өтпес бұрын неге назар аударуы тиіс?
-
Бағдаршам деген не? Оның әр түсі не мағына береді?
-
Көшеде жол ережесін білу бізге не үшін қажет? 2 топ – Ұқыптылық
-
Үй мен мектеп арасындағы жолсызба не үшін қажет?
-
Көшеде жол тәртібін кім басқарады?
-
Жолдың жиегіне жақындауға бола ма?
3 топ – Салауаттылық
-
Жиекжол дегеніміз не?
-
Көшеде адамдарға қандай жолмен жүруге рұқсат етілмейді?
-
Қоғамдық көліктерде (автобус, тралейбус, трамвай) адам өзін қалай ұстауы керек?
ІІІ Жаңа сабақ
Бүгін біз балалар сендермен көшенің қай жерінде жүруге болатынын және болмайтынын талқылаймыз.
Әрқайсымыз әртүрлі ойындарды жақсы көреміз. Көптеген адамдар және балалар компьютер ойындарын ұнатады. Кейбір балалар тек көшеде ойнағанды жақсы көреді.
Кейде ойын ойнаған кезде ойынға беріліп кетіп, айналадағы жағдайларды байқамаймыз. Компьютердің алдында отырып та өзімізге зиян келтіреміз. Қалай дейсіңдер ме? Тамақ, сабақ, туғандарға көмектесу, тіпті достар туралы да ұмытамыз. Бір орында отыа береміз. Бұның өзі сендердің денсаулықтарыңа зиян. Осы кезде балалар Абай атамыздың балаларға арнап жырлаған өлеңі еске түседі. Оны өздерің де біліп отырсыңдар.
-
Абай атамыздың айтқан дана сөздерін көңілімізде мәңгі түйіп жүрейік!
-
Ал сендер бос уақыттарыңда немен айнасасыңдар?
-
Қандай пайдалы іспен шұғылданасыңдар?
-
Аулада ойнау пайдалы ма? Таза ауада жиі серуендейсің бе?
Есте сақта! Жолда жүру қағидаларын мұқият зерделеп шық. Жолда жүру қауіпсіздік дағдыларын барлық жерде сақта. Өз достарыңды көшелер мен жолдарда теріс қылықтар жасауға жол берме!
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі тапсырмалар талданып, орындалады.
Сергіту сәті
Тазша бала мен Буратино келе жатады.
Тазша бала:Сен білесің бе, астанада бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған салтанатты жиын өтеді. Бірақ оған қатысу үшін жол ережесін өте жақсы білу керек.
Буратино:(сасқалақтап): Ой, ой, мен білмеймін ғой.
Тазша бала:Сен қорықпа. Бар болғаны мына сызбадағы сандар белгіленген жерге жол белгілерін дұрыс орналастыру керек. Дұрыс орындасаң,екеуміз де сол жиынға қатыса аламыз.
Буратино түсіндіре отырып жол белгілерін орналастырады.
1.Еее! Мынау жаяу жүргіншілерге арналған жол өтпесі ғой. Оған мына белгіні қояйын. Мен бағана осыған байланысты бір қате жіберіп едім. (ұялады).
2. Ал бұл жерге мына белгіні қоямын. Бұл белгі, жақын жерде тамақтануға арналған орын бар деген сөз. Бұл ақпараттық белгіге жатады.
3. Мына жерде мектеп бар деген. Ендеше осы белгіні орналастырамын.
4. Ал бұл пойыз жүретін жол екен. Оған мына белгіні қоямын. Бұл-ескертпе белгісі.
5.Мына жерде демалыс орны бар, ендеше бұған мына белгіні қоямын. Бұл да ақпараттық белгілердің бірі.
Мен мектепте мұғалімдерді тыңдап, жол ережелерін біліп жүрсем, мынадай қателіктерге жолықпас ем. Бірақ сендер, балалар, мұғалімдеріңді тыңдап, жол ережесін қатаң сақтаңдар!
Топтық тапсырма «Адасқан әріптер» ойыны
Топтық тапсырма
1 топ- Тазалық тобы жолда жүру ережелері, балаларға қай жерде ойнау қолайлы тақырыбында постер құрастырады.
2 топ – Ұқыптылық тобы бұрын жаттаған тақпақтарын қолдана отырып шағын көрініс қояды
3 топ – Салауаттылық тобы
Бес жолды өлең
............................................. балалар, .............................................жолдан, ............................................. ұмытпа, ............................................ сақта! . ...................................................!
ІV Қорытынды 3 топқа берілген жағдаяттарды талдау
-
Аулада қай жерде ойнауға болады?
-
Қай жерде ойнауға болмайды?
-
Жолдың бойына ойнау не үшін қауіпті?
-
Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну қажет. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман- есен жүруге болады. Көшеде жол тәртібін сақтау сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе ғана қауіп төндіріп қоймай, басқа адамға да зияныңды тигізесің. Сондықтан жолда сақ бол! V Бағалау
Жиналған көлік фишкаларын санап, бағалау
VІ Үй тапсырмасы Сен ауланың қай жерінде ойнайсың?/ әңгімелеу. Жол қағидалары туралы іздену.
Рефлексия Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып «Аралдар» бұрышына ілу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Қай жерден өтуге болады?"

шағым қалдыра аласыз