Тәрбие сағаты: "Қара қағаз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты: "Қара қағаз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысы кезіндегі отбасының қара қағаз алғаны туралы. Сынып жетекшілерге керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қара» қағаз

  1. Әуен. (Соғыстың басталғаны туралы радиодан хабарлайды.)

Автор сөзі: ... Осылай сұм соғыс басталған еді.Бұл отбасынан 4 жыл бойы бірінен кейін бірі 3 азамат соғысқа аттанды.Қолда екі келін қалды. Отбасында Мәуи шал, Ултуған шеше,үлкен келіні Үрхия, ортаншы келіні Мақпал.Үлкенінен бір қыз бар,екіншісі айы күні жетіп отырған, зарыға күткен ортаншы баласы Мақсұттың тұңғышы еді.1945 жылдың мамыр айы.

Мақпал самаурын әкеле жатыр.Үрхия тез түрегеліп, самаурынды алады.

Үрхия: Маған айтсайшы! Өзім әкелемін ғой.

Ултуған шеше: Әй, Мақпал, ұйқың тыныш па? Еш жерің ауырмай ма?

Мақпал: Жоқ.

Ултуған шеше: Айналайын, бәрі жақсы болсын.Қасыңда Мақсұт болғанда ғой.Мейлі аман келсінші. Күні-түні ұйықтамасам да өзім қараймын. Мақсұттың аманатысың ғой.Алла саған денсаулық пен шыдамдылық берсін.

Үрхия: Апа, мен конторға кеттім.Шайларыңызды іше беріңіздер.

Ултуған шеше: Бара бер, жарқыным, бара бер. Бізге қарама.Біраздан кейін атаңның тамағын алып, Афанаси пошташыға кіре кетейін. Құлындарымнан хабар бар ма екен, біле келейін.

Осы кезде көшеден у-шу, қатты дауыстар шықты.Балалар үйлерге кіріп сүйінші сұрап жүр.

  • Радио!Москва!Жеңіс!(Радио сөйлейді. Жеңіс туралы)

Ултуған шеше: Не дейді мыналар! Жеңіс дейме? Дауыстарыңнан айналып кетейін!Сендерге не берсем? Мә, бір-бір қанттан ала қойыңдар.Мақпалжаным, кел сені де құттықтап қояйын.Жеңісіңмен!Жеттік-ау бұл күнге де.Шүкір,шүкір.

Үрхия: Апа,Мақпал, Жеңіс, жеңіс келді.Естіп қайта жүгіріп келдім.(Бәрі құшақтасады)

Ултуған шеше:Атаңа барайын, хабарды естіртейін. (Асығып бара жатады.Осы кезде Мәуи шал Ултуған шешенің алдынан шығады.)

Ултуған шеше: Әй, шал, не болды басың салбырап, Жеңіс деп шулап жатыр ғой айналаң.Жоқ, әлде бірдеңе болды ма? Айтсаңшы!(Бәрінің көзі Мәуи шалдың қолындағы хатқа түсті)

Мәуи шал: Ултуған, Мақпал келінім, бекем болыңдар! Ошағымыздың бір аяғы сынды.Мақсұтымыздан айырылдық.

Ултуған шеше: Не деп тұрсың!Алжыған шал! Мұндайды айтуға қалай ғана тілің барып тұр.

Мәуи шал: Бетін бас киіммен басты.

Ултуған: Ей, құдіретті Аллам! Мені неге керең қылмадың, мына хабарды естігенше, неге көр етпедің, Мақпалымның көз жасын көргенше.Мақпалжаным, мен кінәлімін, мен. Мен қорғай алмадым құлынымды, Мақсұтымды. Аллам, мені жазалап жатқан шығар.Аллам мені алмадың ба?

Урхия: Жас, қайным-ау! Өзің бір жаңа ашылған көктемнің гүліндей едің. Ата-анаңды, Мақпалыңды кімге тастадың? Өмірге келетін сәбиіңді көре алмай кеттің-ау! Көп нәрсені армандап едің! Қай жалмауыз сені арамыздан жұлып кеткен.

Ултуған: Аллам, не жазып едім, не жазып едім.Құлыным –ау, қыршыннан қиылған, жарығым-ау.Сәбиіңнің маңдайына жетімдік жазылған ба? Әкесіз өсу жазылған ба? Аллам!

Мәуи шал: Тыныштал, Ултуған. Жыламаңдар, қымбаттыларым. Алламның қалауы шығар.Менің де кәрі жанымды жараламаңдаршы. Сабыр,сабыр.Тынышталыңдар.

Ултуған шеше: Қарғыс атсын сені, Гитлер! Құдіретті Аллам, жазасын бер , жауыздың!Лағнет! Лағнет!

Ауыл тағы да қайғы жұтты. Ауылдың адамдары Мақпалға жаны ашыды.Мәуи шалдың үйіне келген қайғы, басқаның үйіне де келетінін әрқайсысы түсінетін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
512
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі