Қазақстан
Республикасы бүгінгі күнге жетпес бұрын көптеген қиындықтарды
бастан кешірді. Еліміздің бүгінгі күнге жетуі үшін талай
аға-апаларымыз құрбан болды. Балалар, өздерің Ұлы Отан соғысы мен
Желтоқсан оқиғасына қатысқандардан кімдерді
білесіңдер?
-Б.Момышұлы,Т.Тоқтаров, қайсар қыздар
Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Р.Қошқарбаев, 1986 жылы Желтоқсан
оқиғасына қатысқан
Е.Сыпатаев,Қ.Рысқұлов,С.Мұхамеджанова,Л.Асанова.
Біз аталған
есімдерді ешқашан ұмытпай, құрметтеуіміз керек. Республикамыз
бірден қазіргідей болып қалыптасқан жоқ. Қазақ жері әр түрлі
кезеңдерден өтті.
Қысқаша айтар
болсақ,
1920 жылы 26 тамызда
Қазақ ССР-і құрылды.
1936 жылы 5
желтоқсанда Одақтас Республикаға
айналды.
1941-1945 жж. Ұлы
Отан соғысы жылдары.
1986 жылы Желтоқсан
оқиғасы басталды.
1991 жылы 16-
желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсізідігін
алды.
1992 жылы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заң
қабылданды.
1993 жылы ең бірінші
Конституция қабылданды.
1994 жылы «Ядролық
қаруды таратпау» туралы келісім шарт
бекітілді.
1995 жылы 30-
тамызда екінші рет Ата-заңымыз Конституция
қабылданды.
1998 жылы елімізідң
астанасы –Ақмола қаласының аты «Астана» деп
өзгертілді.
Ал, балалар тәрбие
сағатымызды әрі қарай ойын арқылы
жалғастырайық.
Қазіргі кезекте «Кім
жылдам?» ойыны. Ең алдымен 3 топқа қатар бойынша бөлінейік.Ойынның
шарты: мына әріптерден (алдарына әріптер таратып шығамын)сөздерді
жылдам құрастыру.Құралған сөзді тақырып етңп алып, осы сөз
төңірегінде шағын шығарма жазасыздар. ( «Отан», «Отбасы», «Астана»
туралы өз шығармаларын әр топтан 3 оқушы оқып
шығады.)
Қай ел болмасын
егемендік алғаннан кейін тәуелсізідгінің белгісі болады.Ол
мемлекеттік рәміздері. Қане, балалар, кім маған ҚР мемлекетік
рәміздерін атап береді?
-ҚР мемлекеттік
Туы,Елтаңба,Әнұраны.
Дұпыс
айтасыңдар.Біздің туымызда не бейнеленген?Түсі
қандай?
-Тудың түсі
көк,қыран құс, сәулелі күн, бедерлі ою.Көгілдір түс бұлтсыз ашық
аспанды, бейбітшілк пен тыныштықтың, адалдықтың белгісі. Қыран құс
алысқа самғаудың, сәуле шашқан күн байлық пен ырыстың, бедерлі ою
қазақ халқының мәдениетінен сыр
шертеді.
Тудың авторы:
Ш.Ниязбеков.
-Ал, елтаңбамызда не
бейнеленген?
- Елтаңбамызда
шаңырақ елтаңбаның жүрегі.Әлемнің тұтастығын, ошқтың амандығын
білдіреді.Шаңырақ киіз үйдің күмбезі, уықтары алтын сәулелелерді
елестетеді.. Тұлпар- дала пырағы, мәңгіліктің белгісі. Елтаңбадағы
бес бұрышты жұлдыз Күн мен айды жұлдызды кие тұитқан халқымыздың
«бағымыз ашылсын, жұлдызымыз жарқыоай берсін» еген асыл арманын
арқалап тұрғандай.Елтаңба авторы Шота- Аман Уәлиханов,
Ж.Мәлібеков.Ал, Қазақстан Республикасының Әнұранының авторы кім
біледі?
-Сөзін жазған:
Н.Ә.Назарбаев,
Ж.Нәжімеденов.
-Әнін жазған:
Ш.Қалдаяқов.
Өте жақсы.Ендігі
кезекті «Пошта»ойынына берейік.Қазір әр топтан бір-бірден балалар
шығып, пошталық жәшіктегі карточкаларды алып, ондағы
мақал-мәтелдердің жалғасын табу, мағынасын түсіндіру сияқты
тапсырмаларды орындайды.
|