Күні: 21.11.2018 ж
Тақырыбы: «Қазақстанның географиясы» географиялық кеш
Мақсаты: Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.
Міндеті:
- Туған өлкенің табиғатын аялауға
баулу.
- Туған жердің сырын терең түсіне білуге
үйрету.
Көрнекілігі:
Табиғат туралы қанатты сөздер, табиғат
көріністері, сазды сурет, гүлдер,
шарлар.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар «Қазақстанның географиясы» атты географиялық кешімізге қош келдіңіздер. Осынау кең – байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бәрі болашақ ұрпақ, келешек азаматтары сендерге өсиет болып қалады. Ал сол болашақ иегерлері, сендерсіңдер.
2-жүргізуші: Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кірді.
1-жүргізуші: Батыстан толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь - Шань тауларына дейін Ұланғайыр жерді алып жатқан тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытаймен шектеседі.
2-жүргізуші: Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке. Алдарыңызда 10-сынып оқушысы Құрманбекқызы Еркежанның «Алтын бесік» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші: География пәні-өзіндік ерекшелігі бар пән. Ол жалпы құрлық-жер бетін, планетамызды, табиғатты, ондағы тіршілік ететін өсімдік, жануарлар дүниесін, жер бедерін, байлығын және өмір сүріп отырған бірнеше мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың тіршілігін зерттейтін ғылым.
2-жүргізуші: Қазақстан жері ерте кезден бастап зерттеліп, қазақ жері туралы мәліметтер ерте замандарда-ақ Еуропа ғалымдары мен саяхатшыларына мәлім болған. Осы зерттеушілердің Қазақстан туралы алғашқы деректеріне құлақ түрсек.
Замира: Қазақстан туралы алғашқы деректі Геродот (б.з.б. V ғ.) өзінің «Тарихына» кіргізген. Ол Каспий теңізінің алып жатқан орнын, оның басқа сулармен жалғаспайтын тұйық алап екенін, солтүстіктен оңтүстікке созыла біткен жалпы пішінін көрсеткен. Ғалым теңіздің шығыс жағында «қараса көз жетпейтін ұлан-ғайыр, жазық дала» жатқанын, Жайық өзенінен әрі қарай «тастақты жерлер», «заңғар таулар» (Жалпы Сырт, Орал тауы) барын жазған. Геродот жасаған «Жер пішіні» картасында Cap (Еділ), Лик (Жайық), Сергис (Жем) өзендері бейнеленген. Бірақ олардың атаулары мен пішінін көрсетуде көптеген дәлсіздіктер кездеседі. Бұдан кейінгі Қазақстан жайлы мәліметтерді ежелгі Рим ғалымдары Страбон мен Птолемей еңбектерінен кездестіреміз.
Динара: Страбон (б.з.б. 63-24 ж.) Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы санаған. Ол кезде теңіздің бәрі мұхитпен жалғасып жатады деп ойлаған. Арал теңізін Каспийдің шығанағы («Скиф шығанағы») деп есептеген. Ол Сырдария (Яксарт) мен Әмудария (Окс) жөнінде дұрыс мәлімет қалдырған.
Фатима: Птолемей (б.з. 90-160 ж.), негізінен, картографиялық бағыт ұстанған. Ол өзінің «Географияға жетекші» атты еңбегінде жер туралы картографиялық деректерді жинақтаған. Ол Геродот сияқты, Каспий теңізін тұйық алап ретінде көрсеткен. Бірақ оның пішінін шығыстан батысқа қарай созылған күйде қате бейнелеген. Сырдария мен Әмудария Каспийге құяды деп ойлаған. Арал теңізін (Оксиан) картаға түсірген. Алыс өлкелердің картаға түсірілуіндегі қателіктеріне қарамастан, Птолемей ежелгі дүние елдерін сызып бейнелеп, ендіктер мен бойлықтар бойымен көрсетуде, күннің ұзақтығын анықтауда көп жаңалықтар ашты.
Халиса: Біздің заманымыздан бұрынғы II-I ғасырларда Қазақстанға Қытай саяхатшылары Чжан Цянъ мен Сюань-Цзан келеді. Олардың жазбаларында Жетісу бойының, оны мекендеген Үйсін елінің табиғаты мен тұрмысы, Ақсу, Шу, Талас өзендері туралы мәліметтер сақталған. Осы және басқа деректерді жинастырып, қытайлықтар сол кездің өзінде Орталық және Орта Азияның картасын жасаған. Оған Жетісу, Сырдария, Талас алқаптары кірген.
1-жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап
жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда 6-сынып
қыздарының мың бұралған бишілерін ортаға
шақырамыз. Би: «Қазақ
биі»
2-жүргізуші: Белестерден белестерге ұласқан,
Орман, шөлім, өзен-көлім қыр асқан.
Тау мен тасын жауып құмның етегін,
Баурайында сылдыр қаққан бұлақтар
Менің жерім дәнге, малға, кенге бай, Қазақ елі өз табиғатымен дүниежүзін талай тамсандырған.
1-жүргізуші:
Құшақтап бір өзіңді, туған
далам,
Жатамын көк шалғында жаным
балқып.
Тасып жатқан өзендер
жағасынан,
Тарайды дән жұпары бар
әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан-дей келе дархан
Еліміздің табиғатын жыр ететін оқушыларымызды ортаға
шақырайық.
Мөлдір:
Сұлу дала! Менің сүйген
еркемсің,
Жаның жайсаң жаратылған
өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып
туғаным,
О, туған жер, тамашасың,
көркемсің!
Кең дала көркемсің сонау
жатқан,
Өзен, су, бұлақтарың мөлдір
аққан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен
өзен,
Әне, сол анам еді мені
тапқан.
Ойласақ табиғат пен адам
егіз,
Жылдың сол мезгілінен өзге
неміз?
Табиғатсыз қоғам жоқ, болған
емес,
Ал қоғамсыз табиғатты өлі
деңіз.
Камила: Киінген келіншектей оқалы орман,
Гүлді орман жанға сая , малға қорған.
Бабамыз бауырында малын бағып ,
Үй салып , құрық алып , уық жонған .
Осында табиғаттың бар асылы,
Көркейген келбетімен дала сыны.
Ақ қайың , жасыл желек қарағайлар,
Секілді- ау көзіміздің қарашығы.
Байкен: Табиғатты тарих талай сынаған
Бірақ оған қаймықпаған, шыдаған
Табиғат та әке болып еңіреп,
Таиғат та ана болып жылаған.
Айта алмаймын қасиетін мүлде мен ,
Табиғаттан жаратылған мен балаң.
Адия: Кең байтақ, көз
жетпейтін жерім менің.
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқын жетті.
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің.
Ғажап қой сұлу көктем,
жазың әне,
Тыңдарсың он жүректің сазын әлі.
Шіркін - ай жер жетпейді бір өзіне,
Қойнауың тұрған байлық қазыналы.
Алмас: Көз алдыңда көгілдір тау
мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалғып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам.
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
Тасып жатқан өзендер
жағасынан.
Сары белде сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге.
Қазақтың қасиетті даласынан.
Аян:
«Қазына қара жерде» дейді
қазақ,
Күн көрген осы жерден біраз
алып.
Жер - анадан үзіліп кете
алмаған,
Кемеңгер небір дана, небір
алып.
Кен айтады ел мен жұртың
өлшемін,
Кенде жатыр күн қуат пен мол
сенім.
Кенің барма, жоқ болса
жарлысың,
Кенің болса келешегің зор
сенің.
Жұлдыз:
Қазақстан – туған
өлкем,
Табиғатың қандай
көркем.
Көрсін деп күллі
әлемге,
Жалауыңды желге
желпем.
Көз алдымда көгілдір тау
мұнартып,
Аспанымда аққудың әні
қалқып.
Шара: Табиғаты қойған сынап кенелте,
Қазақстан – байтақ, өлке, кең өлке
Қазақстан – ғажапстан бұл күнде,
Ағыл-тегіл ақтарылған кең өлке.
Отан-Ана қадіріңе жетемін
Сенен басқа Отанды мен не етемін!
Сен мұңайсаң, мен де бірге мұңаям,
Сен қуансаң мәңгі күліп өтемін.
«Туған өлкем – қандай көркем» - еді деп,
Табынамыз саған, атамекенім!
2-жүргізуші: Қазақтың қасиетті жерінің асты да – байлық, үсті де – байлық. Қазақ елі жер-жаһанға өзінің керемет табиғатымен, жер көлемінің кеңдігімен көзге түсуде және де минералдық ресурстарға өте бай.
1-жүргізуші: Казақстанда барлық өнеркәсіп салаларының жедел дамуына қажетті минералдық-шикізат ресурстары жеткілікті. Оған дәлелімізде бар.
Қазақстанның картасы ортаға шығарылады. Қазба байлықтарды тізіп көрсетеді.
Мөлдір. Тас көмір – Қазақстанда барланган тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд. тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастұз. Дүниежүзі бойынша көмірден 9-орында. Қарағандыда жабық, Екібастұзда ашық әдіспен өндіреді.
Тоғжан. Мұнай мен газ. Қазақстанның жер қыртысы мұнайға бай. Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна. Дүниежүзі бойынша мұнайдың барланған қорының көлемінен 12-орында, газ бен газды конденсат — 15-ші, мұнай өндіру — 23-орында. Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры, табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар.
Аяжан. Темір. Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Қостанай облысында Торғай темір кен бассейнінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлактар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады
А. Диана. Хромит. Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындары бар. Кеннің ұзындыгы 80 км, ені 0,6-дан 30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60% ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кең орны жоқ. Хромит кенін өндіру бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты.
Аян. Марганец. Марганец кендері Атасу темірмарганец бассейнінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда, Маңғыстау мен Семейде анықталған.
Шара. Титан. Титан кендері Қостанайда, Көкшетауда, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында барланған. Ұлытау, Оңтүстік Алтайда және Жезқазған облысындағы қоры белгілі.
Аяулым. Никель. Никель және кобальт кендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Карағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді Жоғары сапалы никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындағы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері басқа Семей және Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан металлургиялық өндеу барысында талқыланады.
Динара. Уран. Қазақстанның минералды шикізат базасы дүние жүзінде уранның 25%-ын құрайды. Экзогендік кен орындары басым таралған. Елімізде уранның 100-ге жуык кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстанда орын алады. Ірі органогендік кен орындары Маңғыстау түбегінде кездеседі. Барланған қоры (470 мың тонна) жағынан Қазақстан дүние жүзінде екінші орында. Қазақстанда бүкіл ТМД жерінде өте қуатты уран минералдық базасы бар.
Фатима. Алюминий. Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады.
Замира. Қорғасын. Мырыш. Қорғасын-мырыш (полиметалл) кендері Кенді Алтайда, Сарыарқада, Қаратау мен Жоңғар Алатауында таралған. Олардың негізінде ірі тау-кен байыту және металлургиялық кәсіпорындар Лениногорскіде, Зыряновскіде, Өскеменде, Текеліде, Шымкентге, Қарағайлыда, Кентауда жәие т.б. жұмыс істейді.
Аяжан. Алтын. Күміс. Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысымен солтүстігінде өндіріліп келген. Солтүстікте — Ақсу, Машайық, Жусалы, Жақтабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары. Шығыста — Қалбы алтынды ауаны. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған.
Байкен. Мрамор. Гранит. Қазақстанда мрамор мен гранит кездесетін мыңнан астам кен орындары бар. Алматы, Екібастұз, Теміртау, Ақмола және т.б. комбинаттарындағы мрамор өндірісі 20 мың куб метр және гранит 32 мың куб метр құрайды.
1-жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен әсем күй,
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай ән жан азағы. Ахмади Еңлік пен Рақымжан Ақжолдың орындауында «Қыдырып қайтайық» әні.
2-жүргізуші: Қазақстан – әлемдегі туристік елге айналу керек және сол бағытта жұмыс жасап жатқан бірден-бір мемлекет. Қазақстандағы туризм мәселесі болашағы жарқын, елдің экономикасы үшін үлкен үлес алып келетін сала. Жерімізде көз тартарлық әдемі, көрікті жерлер көп. Соның алдыңғы қатарда тұрған демалыс орындары туралы сөз қозғамақпыз.
Мадина: "Алтын Емел" ұлттық паркі. Алматы облысы "Алтын Емел" атауы моңғол тілінен шыққан және "Алтын ер" дегенді білдіреді. Бір аңыздар бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы "Алтын ер!" деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда ер-тоқымға ұқсайды. Алтын Емелдің бір көркі - Іле өзенінің түбінен жел ұшырып келген құмнан түзілген әнші шағылдар. Құм төбелердің дыбыс шығаруының себебі - құм түйірлерінің бір-біріне үйкелгендегі дыбыс.
Аяжан: Іле Алатауы. Алатаудың
күнгей беті тау сілемдерін жалғап жатқан, жоталар мен жартастар
мекені. Алматы аумағынан басталып соңы Қырғыз елінің Ыстық көл
маңына дейін созылып жатқан Алатау, туристер үшін таптырмас мекен.
Таза ауа, мөлдір бұлақ, түрлі жемістер мен гүлдердің,
жан-жануарлардың мекені.
Жасмин: Қайыңды көлі – Алматы
облысында орналасқан, осыдан бір ғасыр бұрын жер сілкінісі және
көшкін әсерінен пайда болған табиғи көл. Алматыдан шығысқа қарай
бет алсаңыз, 280 шақырым жерде сіз көру керек Қайыңды көлі тұр.
Теңізден 1900 метр биіктікте орналасқан. Түрлі жынысты ормандар мен
көз тартарлық сұлулыққа көңіл сергітіп қайта
аласыз.
Бакош: Шарын шатқалын білмейтін қазақстандық жоқ шығар. Тек біздің ел азаматтары ғана емес, әлем елдері үшін де бұл атауы таңсық емес. Себебі жыл сайын Алматы облысына келетін туристердің көпшігілі Шарын шатқалына міндетті түрде барады. Ғалымдардың зерттеуінше Шарын шатқалының қалыптасу уақыты 12 миллион жылға тең. Бұл аймақта осыдан 25 миллион жыл бұрын пайда болған ағаштар бар.
Зейін: Катонқарағай Шығыс Қазақстандағы ең керемет, еліміздегі ең бір ерекше мекен. Себебі Қатонқарағайда мәңгі жасыл тартып тұратын шыршалар мен қарағайлар алқабы бар. Одан қала берді отандық жазушылардың шығармаларында сұлулық бейнесі ретінде суреттелген Катонқарағайға деген туристердің келуі көп. Оралхан Бөкейдің шығармаларында көптеп кездесетін, өзінің табиғи сұлулығымен ерекшеленетін мекенге барған да, бармаған да арман.
Мадина: Бурабай Атын атаған кезде көңілден бұрын, жүрек тартып кететін мекен. Шарын шатқалынан кейін атағы атой салып тұрған мекен Қазақстандағы ең тұрақты келушісі көп аймақ. Демалыс аймағы, саябақтар, аты аңызға айналған мүсіндер, тастар, таулармен қоршалған мекенге саяхат жасаудан бұрын, сол жердің тарихын естіп қайтудың өзі бір мақтаныш.
Аяжан: Көлсай Тянь-Шаньның солтүстік аймағында орналасқан Көлсай демалыс орнын қазақстандықтар жақсы біледі. Алыс-жақын шет елден де келіп демалатындар саны көп. Себебі оның тағы бір ерекше атауында тұр. Көлсайды шетелдіктер «Тянь-Шаньның моншағы» деп атайды. Моншаққа оранып жатқан орманды, таулы аймақтың қонағы болу да бақыт.
2-жүргізуші: Көркейтейік туған жер табиғатын,
Кең даламда жайқалсын алтын астық,
Болашаққа сеніммен қадам бастық демекші алдарыңызда көрініс «Болашаққа нық сенім»
Баласы: Амансыз ба, ата.
Ата: Аманбыз балам, отыра ғой. Әй сен кім боласың?
Баласы: Мен Елдің баласымын ата.
Ата: ЕЕЕЕ. Ел баласы болсан елімізде болып жатқан жаңалықты осы сендер жасайсыңдар ғой. Теледидардан жаңалықты естіп жатырмыз, енді сенің аузыннан естиік.
Баласы: Иә, ата Қазақстан тұрақты даму жолында. Қазақстанда адам капиталының сапалы өсуі, ең алдымен білім беру мен денсаулық сақтау жолында нәтижелі жұмыстар атқаруда.
Ата: Еее, жарайсыңдар. Латын әліпби дей ма, сонынды түсінбедім балам.
Баласы: Мемлекет басшысы «Қазақстан 2050» Стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында тіл мәселесіне айрықша тоқталған болатын. Елбасымыз «Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде» және де 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі керек деген деген болатын. «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қаріпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек» деген тапсырмасын қолға алып, жұмыстар жасап жатырмыз.
Ата: Иә, балам біз ата-бабаларымыздың жерін мұраға алған жоқпыз, біз оны өзіміздің балаларымыздан, сендерден қарызға алдық. Қазақ елін көркейту, дамыту, алдыңғы елдер қатарына қосу сендердің қолдарынды. Бұл сендердің замандарын балам.
Бала: Ал, ата рұқсат болса мен қайтайын. Жұмыс көп.
Ата: Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет балам. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Оқушылардың барлығы
шығып,
Б- білімімді
арнайтын
О- отанымды
қорғайтын
Л- лаңкестікті
даттайтын
А- адалдықты
жақтайтын
Ш- шуағымды
шашатын
А- асулардан
асатын
Ғ- ғарыш сырын
меңгерген
Ы- ынтымақты тең
көрген
М- менмендікті жек
көрген
Қ- қазаққа қызмет
ететін
А- арманына
жететін
З- заңды жақсы
білетін
А- алға қарай
жүретін
Қ- қайырымды
елімнің
С- салтанатты
жерімнің
Т- толықтырам
сенімін
А-
абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан
бермейтін
Бәрі: Мен боламын
еңбекқор,
Болашағы
елімнің!
Ән: Мен қазақпын.
1-жүргізуші: Бұл күнде қазақ елі дамып жатыр,
Аты – жөнін жер әлем танып жатыр.
Халқының ілгерілеу қамын ойлап,
Елбасым шартарапқа барып жатыр.
2-жүргізуші: Аман жүрсін бар қауым тыныс алған.
Тыныштық болса дейміз жер бетінде,
Бейбітшілік, азаттық ел еркінде.
Желбіреп көк байрағы қазағымның,
Биік бола берсе екен ел көркіне-дей келе бүгінгі «Қазақстан географиясы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар.
«Болашаққа нық сенім»

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты Қазақстанның географиясы

шағым қалдыра аласыз