Тәрбие сағаты "Қазақстаным жүрегім, Түркістаным тірегім" 8 - сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Қазақстаным жүрегім, Түркістаным тірегім" 8 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстаным - жүрегім, Түркістаным - тірегім»

Сабақтың мақсаты:   

Ежелгі қазақ хандығыны астанасы болған Түркістанның елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихын осы қала арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді оқушыларға дәріптеу, оларды Отан сүюге, ұлттық салт- дәстүр, әдет-ғұрпымызды берік сақтауға тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекілігі:

  Қазақстанның картасы, Тайқазан, Түркістан, Қ.А.Йассауи кесенесінің суреттері, нақыл сөздер жазылған плакаттар, т.б.

Мұғалім сөзі:

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға тәрбиелеу.

1 - жүргізуші:

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Ата-бабамыздың қолымен келген қасиетті тәуелсіздікті берік етер, іргесін сөкпей, алдыңғы отыз елдің қатарына жетелер XXI ғасырдың көшбасшылары, құрметті қонақтар, егемендігіміздің 27 жылдығы құтты болсын.

2 - жүргізуші:

Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер көп. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік. Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі тәуелсіздіктің нәтижесі.

1 - жүргізуші.

Отан... Атамекен...Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды.

2 – жүргізуші:

Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан асыр даму көшінің өн бойында жер үшін,елі үшін сан дүрбелеңдер көп болған.Осындай дүрбелеңдерден кейін ыдыраған империяның орнына 15 тәуелсіз мемлекет пайда болды.Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.

1 – жүргізуші:

Қазақстанның табиғаты таң ғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдары, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдері ақ жол толқындары, асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізі, күні от шашқан шөлейіті, арналы өзен, ну орманды көруге болады.

2-жүргізуші:

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер,

Мерейің құтты болсын Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер!


дей отырып 8 сынып оқушыларының «Қазақстан жүрегім, Түркістаным тірегім» атты тәрбие сағатын тамашалаңыздар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.


1-жүргізші:

Түркістан-көне қала ғана емес, ірі оқиғалардың куәгері. Қазақ мемлекеттігін құрған, қалыптастырған хандардың, билердің, батырлардың бұл қасиетті шаһарда тұрмағаны немесе соғып өтпегені жоқ деуге болады. Демек, Түркістанның әрбір көшесі тарихи бертерге толы.

Ал енді сөз кезегін оқушыларға берейік

Ақжарқын:

IV-X ғ Түркістан орнында Шағбар деген үлкен қала болған. IX-X ғ ол жақсы қалалар қатарына қосылып, гүлденеді. Сол кезден бастап Яссы, ал  XV ғ –дан бастап Түркістан деп аталады. “Түркістан деген сөз – түріктер мекені, елі” деген сөз. Өйткені сол заман бұл аймақты түркі тілдес халықтар мекендеген. Сол кезден бастап қала түркі халықтардың діни орталығы болып келді.

Аңсар:

XVI ғ бастап Түркістан  қаласы мен төңірегінде  қазақ хандығының бөлігіне берілді . Қала көп уақыт қазақ хандығының орталығы болды. Жаугершілік заманында сыртқы жаулардан қорғану мақсатында қаланы айналдыра қорған салынған. Қорған мен қақпаның беріктігі сондай, кейде сырттан келген шапқыншылар бұза алмаған.

  Әсем:

Ежелгі Түркістан қаласы қазақ топырағындағы сол кездегі саяси мәселелерді, дау-дамайларды шешу орталығы болған. Бұл қаланың  түбінде мәр төбеде  үш  жүздің өкілі ылғи бас қосып, уәжге  келіп  отырған. Жер  дауы , жесір дауы  осы  арада  шешіліп, әңгіме өзек болған.

 Тұнжыр:

Исі түркі халықтарының  екінші  меккесі  атанған Түркістан аумалы-төкпелі заманда елге нық сенім беріп, діни және рухани  беріктікті  сақтап  қалуға көмектескен рухани тазарту орталы болған.Оны  қазақ  жерінің әр жерінің тұкпірінен  мінәжат етіп  келген халық ауыр қасіретпен  қиындықтан  қорғайтын  пана деп білген.

Нұрасыл:

Қазақстанның  халық жазушысы  Ш.Мұртаза «Киелі Түркістан» деген  мақаласында  былай деген: “Әр елдің, егер ол өз  тарихын ,өз мәдениетін, өз намысын бағалай білетін ел болса, сол елдің пір тұтатын бір мекені болды.”Мысалы, ол өзбектерде Самарханд, Бұхара, орыстарда Суздаль,Владимир,Иранда-Машхат.Ал біз үшін қазақтар үшін сондай рухани алып –Түркістан. Бүкіл қазақ халқы мойындайтын піріміз-Түркістан.

Нұрсұлу:

Қасиетті Түркістанға барғанда теңгесі жоқ Ахмет Иассауидің сөулетті ғимараты  ерекше көзге түседі.Мұны Х1V ғасырдың алдында әйгілі Ақсақ Темір салдырған.Оның ені 46,5  ұзындығы 62,5 биіктігі 40 метрге жуық.Әр түрлі мақсатқа пайдаланатын  35 бөлмеден тұрады.Ортада қазандық деп аталатын бөлме бар.Осы бөлмеде салмағы 2тонна келетін ішіне 60шелек су сиятын үлкен  «Тайқазан » орнатылған.Тайқазан 1399 жылы Түркістан  шаһарынан  25 шақырым жерде Қарнақта  7 асыл металдан жасалған.

Нұрдәулет:

1935 жылы Санкт-Петербургте Иран өнері жөніндегі 3 халықаралық конгресс өтті.Конгреске байланысты  Қазақстан үкіметінің рұқсатымен тайқазан Санкт-Петербургке жіберілді.Тайқазан әрмитажда ұзақ жыл тұрды.1939 жылы Тайқазан Түркістанға қайта  әкелінді.Тайқазан-молшылықтың белгісі.

Гүлзира:

Қожа Ахмет Иассауи ХХ ғасырда өмір сүрген.Қазақ халқының көне мәдени тарихын айрықша орын бар.Бұхар қаласын діни білім алған кейін Түркістанға келіп, сол кезде Орта Азияда кең тараған софылық діни мистикалық идеялардың насихаттаушы болды.

Ахмет Иассауидың бүгінгі ұрпақ жеткен  шығармасы  «Диуани Хикмет».Онда қазақ халқының ежелгі мәдениеті,әдебиеті,тарихы,этнографиясы,экономикасы жазылған.

Эльмира:

Есімі ежелден ел жүрегінде сақталған,асыл сөздері зерделерде жататын инабаттылық пен имандылыққа шақырған адамгершілік биік мұраттарын уағыздаған ұлы ғұлама ,киелі әулие Құл-Қожа Ахмет Иассауидің халқымыздың рухани өмірінднгі өнегелі орны өзгеше жоғары . «Мадинада –Мұхаммед,Түркістанда –Қожа Ахмет».

«Мына бізге жәрдем ет,» деген аталы сөз, мәртебелі теңеу орынды айтылған.

1- жүргізуші:

Түркістанның «Екінші мекке» атануыда осы әруақты атамыздың  бәтуалы  бабамыздың бүкіл Түркі дүниесін нұрландыған шапағат шам шырағы екенін айқындайды.

Уа,көне көз Түркістан

Иассауиден бата алған

Ғажайып қай түр  нұсқаң

«Кіші мекке»  атанған

2- жүргізуші:

Қасиетті Түркістан жеріне барған қазақ халқы Арыстанбабтың қабіріне орнатылған кесенегеде бармай кетпейді. Арыстанбаб-ғалымдық діндердің бірі исламды түркі әлеміне танытушы,таратушы Мұхаммед Пайғамбардың ісін жалғастырущы дінге сыйынған зиратшылар  «Арсытан бабқа түне,Қожа Ахметеке тіле!»-дейді:

Түркістанда түмен баб

Сіздермен медет тілеймін

Сайрамдағы санныз баб

Отырардағы отыз баб

Ең үлкені Арыстанбаб

Сіздермен медет тілеймін

Қазақтың жақсылары мен жайсаңдары сонау 1400-жылдардан бері дүниеден оза қалған жағдайда өздерін осы Түркістанға әкеліп жерлеуді аманат етіп отырған. 
Қазірге дейін анықталған мәліметтерге қарағанда, қазақ халқының Түркістанда жерленген хандары мен билерінің, атақты батырларының саны 130-дан асыпты. Олардың 21-і хандар, яғни әртүрлі кезеңдерде ел басқарған асылдарымыз. 


1-жүргізуші:

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлық шығарды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңының 3-бабы 1-бөліміне сай Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болатыны, ал халқының саны миллионға жеткен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгені туралы жарлығын жариялады.

2- жүргізуші: әдеби монтаж

Гүлзира:

Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.

Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.

Нұрасыл:

Тұранның тарихы бар отты желдей,
Заулаған қалың өрттей аспанға өрлей.

Тұранның жері менен суы да жат,
Теңіздей терең, ауыр ой бергендей.

Тұранның егі-шексіз шөлі қандай,
Теңіздей кемері жоқ көлі қандай!
Тұранның дария аталған өзендері
Тасыса, шөлді басқан селі қандай!

Ақжарқын:

Тұранның таулары бар аспанға асқан,
Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан.
Бауырында ерке бұлақ салады ойнақ,
Жаралып таудан аққан салқын жастан.

Шөлдер бар, жел де жүрмес, сап-сары құм,
Моладай ешбір үн жоқ мәңгі тып-тын.
Болмақ па жан-жануар шексіз шөлде,
Сары құмда салар ойнақ пері мен жын.

Нұрдәулет:

Тұранның теңіз дерлік көлдері бар,
Шалқыған егі-шетсіз Теңіз, Арал.
Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің
Бауырында дүние көрген түрік көкжал.
Ертеде Оқыс, Яқсарт - Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі сол екі су жағасында
Табасың қасиетті бабаң бейітін.



Аңсар:

Тұранның Тянь-Шаньдай тауы қалай,
Пар келмес Тянь-Шаньға таулар талай!
Еріксіз ер түрікті ойға аларсың
Көкке асқан Хантәңіріге қарай-қарай.

Эльмира:

Балқашты бауырына алған Тарбағатай,
Жоталы, жер кіндігі - Памир, Алтай.
Қазығұрт қасиеті тау болмаса,
Топанда Нұх кемесі тоқтар қалай?


Тұранның жері де жат, елі де жат,
Құйындай бастан кешкен күші де жат!
Тұранды түгелімен билеп тұрған
Ертеде ертегі хан Афрасияб.

Ежелден жер емес ол қарапайым,
Білесің, тарихты ашсаң Тұран жайын.
Тұранға қасиетті құмар болған
Ертеде Кей-Қысырау мен Зұлқарнайын.

Әсем:

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткенбе?
Кең ақыл, отты қайрат,жүйрік қиял,
Тұранның ерлеріне ер жеткенбе?!

Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
Шыңғыстай арыстанның құр аты да
Адамның жүрегіне жігер берер.

Ақжарқын:

Шыңғыстан Шағатай, Үкітай, Жошы, Төле
Атаға тартып туған бәрі бөрі.
Шыңғыстың қол бастаған екі көзі —
Жолбарыс Сұпытай мен көкжал Жебе.


Тұранның билері бар Тарағайдай,
Сол биден Темір туған от боп ойнай.
От шашып жер жүзіне Ақсақ Темір,
Жарқ етіп өте шыққан найзағайдай.

Мейрамбек:

Тұранды мақтамаймын тіпті текке,
Онсыз-ақ Тұран таныс талай шетке.
Сырласқан үйде отырып аспан-көкпен
Білгіш аз жеткен жүйрік Ұлықбекке.

Асыл қан - қасиетті түрік қаны,
Сол қаннан — Ибн-Сина Әбуғали.
Молдығы білімнің сиқыр дерлік,
Дүниеге мұндай адам тудыма әлі?

Жүніс:

Түріктің кім кеміткен музыкасын,
Фараби тоғыз ішекті домбырасын
Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,
Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!

Тұранда түрік ойнаған ұқсап отқа,
Түріктен басқа от болып жан туып па?
Көп түрік енші алысып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?

Тұнжыр:

Арыстан елге Отан болған Тұран,
Тұранда қазағым да хандық құрған.
Қазақтың қасқа жолды Қасым ханы
Тұранның талай жерін билеп тұрған.

Рысдәулет:

Әділ хан аз болады Назардайын,
Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Тәукедей данышпан хан құрған екен
Басында Күлтөбенің Құрылтайын.


Бұл Тұран ежелден-ақ алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған алаш шері.
Тұранның топырағында тыныштық тапқан
Алаштың арыстаны — Абылай ері...

Тұраннан Сарыарқаны бөлек деме,
Түркістан алты алашқа болған Кебе.
Тұранның топырағын құшып жатыр
Кешегі ердің ері көкжал Кене

Әсем:

Шер батса — кім іздемес туған елін,
Тұлпар да көксемей ме туған жерін?
Арқанын ардагері - қалың алаш,
Тұран да, біле білсең, сенің жерің!

Қырағы Тянь-Шань мен Памир, Алтай,
Күтеді көптен сені қарай-қарай.
Кене мен Абылайдың жолын қумай,
Жапанда жайылудың мәні қалай?!

Ертеде Оқыс, Яқсарт-Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Киелі - сол екі су жағасына,
Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін!


Бағдәулет:

Даламның шынарындай

Санамның шырағындай

Бабамның тұмарындай

Алаштың тұрарындай

Бегімнің үранындай

Көгімнің қыранындай

Даңқымен сағындырған

Тегі үшін жұлқысқан

Көгі үшін қырқысқан

Төтеп берген бәріне

Төзімдісің Түркістан


Мейрамбек:

Көз тіксе жарты ғалам

Асырған даңқын заман

Қожа Ахмет Йассауи

Жұлдыздай жарқыраған

Қазақтың ұлан жері

Ардақтап тұрар елі


Нұрасыл:

Сан ғасырлар тәу етіп

Келіп жатты қанша жұрт

Армандарын тау етіп

Қайтып жатты тамсанып

Мақтанышы  халықтың

Тұнығысың ойдың да

Бір парағы тарихтың

Жатыр сенің қойныңда

1-жүргізуші:

Түркістан ежелгі заманда да , қазірде үлкен саяси орталық. Бұл қаланың сол ғасырлар бойы елдің басын біріктіріп, рухани негізді сақтап қалуға сіңірген еңбегі ұлан-теңіз. Қаланың жалпы мұсылман әлемінде «Екінші мекке» атануы тегінен тегін емес. Осындай бой көтерген зәулім кесене- Қожа Ахмет Йассауи кесенесі бұл кезде ЮНЕСКО –ның «Қызыл кітабына» енгізілген. 2-жүргізуші:

Қасиетті қала кезінде шашыраған халқымыздың басын біріктіріп, елдігіміздің нышанын айдай әлемге паш етті. Мұнда қазақ хақының нар түлғалы түлғалары Есім хан, Қасым хан, Тәуке хан, Малай хан, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер жиі-жиі болып, елдің мәселесін қозғаған.

Ұлан:

Мәңгілік нұры жақын

Рухыңды ұғып халық

Көтерді көк туыңды

Бір сапқа тұрып анық

Сәт сайын сана халқым

Кемедей көрінесің

Айдында дара қалқып

Арайласа үрдістан

Жазирадай нұр құшқан

Түрлене бер, Түркістан !

Гүлдене бер, Түркістан !


1-жүргізуші: 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры», Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады.
2-жүргізуші: Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
- Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
1-жүргізуші: - Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
2-жүргізуші: - Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген елбасымыздың айтқан керемет сөздері бар.
Бәрі:
- Біз өз Отанымыздың патриотымыз.
- Мы патриоты нашей старны
- We are patriots of our countries

1-жүргізуші:

Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.
2-жүргізуші:

Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2018
1038
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі