Тәрбие сағаты Қ.И.Сатпаев - әлемге әйгілі ғалым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Қ.И.Сатпаев - әлемге әйгілі ғалым

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты. Тақырыбы: "Қ.И.Сатпаев - әлемге әйгілі ғалым"
Материалдың қысқаша нұсқасы







Бірыңғай сабақ

Тақырыбы: «Қаныш Имантайұлы Сатпаев – әлемге әйгілі ғалым»











































Сабақтың тақырыбы: Қаныш Имантайұлы Сатпаев – әлемге әйгілі ғалым
Сабақтың мақсаты: көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру. Шылауларын қайталау. Одағай туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушыларға Қаныш Сәтбаев жайлы мәлімет бере отырып, оқушылардың байланыстырып сөйлеуін, әдеби тілін қалыптастырады, сөздік қорын молайтады.
Дамытушылық: ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытып, ой - өрісін кеңейтеді, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.
Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелейді, отансүйгіштік сезімдерін арттырады. Мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастырады
Ой қозғау: Тағы қандай қазақтың белгілі ғалымдарын білесіңдер?
Эпиграфы: «Жері байдың – елі бай»
Балалар, бүгінгі сабақтың эпиграфын «Жері байдың - елі бай» деп тегін алып отырған жоқпын. Өздерің білесіңдер, жердің бізге берері мол, ал осы байлықты алу үшін көп тер төгу керек. Осындай өз елі, оның болашағы үшін аянбай еңбек еткен, өз өмірін ғылымға арнаған адамдардың бірі - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
Сұрақ жауап: Қ. С. кім? Ол қай жерде туған?
Мәтінмен жұмыс жасау:
1. Оқып, бейтаныс сөздерді белгілеу, сөздікке жазғызу
2. Сауалдама толықтыру
3. Жоспар бойынша мәтінді әңгімелету
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 - 1964
Қаныш Сәтбаев - аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик, қоғам қайраткері.
Ол 1899 жылы Павлодар облысында туған. Қаныштың әкесі ауылда би болған. Қаныш бала кезінен алғыр, зерек болған. Оның алғаш сауатын ауыл молдасы ашқан болатын. Кейін Қаныш Павлодар қаласындағы екі кластық орыс - қазақ мектебін, Семейдің семинариясын, Томскідегі Технология институтын бітірген.
Сәтбаев Қазақстандық металлогения мектебінің негізін салушы. Ғалым бүкіл өмірін геология зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат базасын жасауға арнады. Ол Жезқазған мыс кенді ауданын ашты. Екібастұз көмірін ашты, сол жерлерде үлкен зауыттар ашылды. Ол Ұлытаудан Әмір Темірдің жазу жазып қалдырған тасын тапқан. Қазір бұл тас Эрмитажда орналасқан.
Қаныш Сәтбаев дарынды адам еді. Ол – 640 - тан астам ғылыми еңбектің авторы. «Жезқазған руда кеніші» деген ғылыми еңбегі үшін Қ. И. Сәтбаев Ленин орденімен марапатталды.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тек қана геология саласында ғана емес, оның әдебиетке де қатысы бар екенін білдіңдер. Оған дәлел оның жазған «Ер Едіге», «Обаған», «Қазақстанның ұлт театры туралы», «Том қаласындағы ұлттар кеші», т. б. шығармалары дәлел. «Алгебра оқулығына» қосқан 220 терминдері арқылы да оның нағыз сөз атасы болғандығын түсінеміз.
Ұлы ғалым 1964 жылы қаңтар айында көз жұмды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2024
2172
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі