400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты қмжсы Ақын болу өлеңге адалдық

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін.

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: .8.10.2023


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Ақын болу өлеңге адалдық» С.Өскенбаймен кездесу

Құндылық


Мақсаттары

. 1) Оқушылардың ақындық шеберлігін, сөздік ұйқастарын байқау

2) Шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын дамыту

3) Оқушыларды өнерді бағалауға тәрбиелеу.




Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ақындық өнер - сөз өнерінің аса қастерлі саласы, ақын бойындағы шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі, ұлттық әдебиеттегі сезім мен сырға толы тамаша поэтик, дәстүр мен ақын шабытының астаса келіп, өлең құдіретінің жарқырап көрінер әсемдік әлемі. Қай әдебиетте де поэзияға айрықша орын берілген. Ежелден-ақ қазақ халқы да өлең сөздің қасиетіне бас иіп, оны өнер атаулының ең биік шыңына балаган. Халқымыздың бүкіл тұрмыс-тіршілігі, болмыс-бітімін өлең сөзбен астасып жатыр. Абай өлеңдерінде ақындық өнердің, өлең сөздің құдіретіне соншалық мән берілуі осының айғағы. Өлең ақынның кеудесін кернеп, жүрегін тербеген қуатты ойдың жемісі, ойды сырттай сұлу етіп өрнектеп, көркемдеп жеткізу үшін ақындық шеберлік, шалқар шабыт қажет. Абай поэзиясында өлең сөзге, ақындық өнерге аса жоғары баға беріледі. Өзінің «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Біреудің кісісі өлсе, каралы - ол...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» деген өлеңдерінде ақын сөз өнерінің қадір-қасиетін, өлеңнің адамның сезімі мен қоғамдағы жағдайын бейнелеудегі қызметін, жалпы ақындық өнерге қойылар талаптар мен өлшемдерді үнемі алға тартып отырады. Ол шын мәніндегі өлең сөздің мақсатын нысана тұтқан, азаматтығы пендешіліктен жоғары тұратын ақынның ғана көкірегінен шыға алатын ғажайып құбылыс екенін айтады.

Мен ақынмын,

Абайдың қара сөзін мақұлдаған.

Мен ақынмын,

Мұқағалидың жырларына жақындаған.

Мен ақынмын,

Пірім Мұхтар, Шәкәрім ақын бабам.

Мен ақынмын,

Жақсыларға жебе - өлең батырмаған.

Мен ақынмын,

Таңдайы тақылдаған,

Өз - өзін биік ұстар ақылды адам!- деп кезекті болашақта Абай атасы сияқты ұлы ақын болам деп армандап жүрген оқушыларымыз көп болсын

Ақын туралы мәліметтерге тоқталады

презентация

Сабақтың ортасы

Ана тілім-сенсің менің ұлы анам!

Мен ақынмын, сен тұрғанда дін-аман.

Сонша қатал сүргіндерді жоғалмай,

Бұл күндерге жеткеніңе қуанам!

 Ана тілім, Қазақ тілім- бақ тілім!

 Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?

 Сенсің менің қасіретім, пәктігім

Сенсің менің тазалығым, шаттығым!


Оқушылар С.Өскенбайға сұрақтарын қояды


Сабақтың соңы

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп, қазақ ішінде ақындардың көп екенін айта тұрып, «Сонда да солардың бар таңдамасы» деп, шын талантты танып, қастерлей білу қажет. Өлеңді жеке бастың пайдасы үшін жұмсап, еріккеннің ермегіне айналдырмау керектігін айтып, ақындар алдына биік талап қояды. Сол арқылы ұлы ақын өлең сөзге, ақындық өнерге деген эстетик, талаптың деңгейін барынша көтере түседі.

Жазсаң жаз! Тек мына үш шартты əсте ұмытпа:  1) Қаламыңның ұшы құбылнаманың тіліндей құрыш қозғалып, үнемі Ақиқатты нұсқап тұрсын! 

2) Қаламыңның ізімен еріп отырған Əділет өзінің сонысы үшін мəңгі өкінбейтін болсын!

3) Қаламың Махаббатты ұдайы төбесіне тік көтеріп жүрсін! Қабырғасы қайыса қалса, Халқың демеп жібереді.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25.11.2023
311
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі