Тақырыбы: «Қоғамдық ортада өзіңді ұстай
білесің бе?»
Мақсаты:
Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді
сыйлауға, кішіге қамқор болуға, көмектесуге үйрету, жақсы
қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін
дамыту. Адам бойындағы
ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына
дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды
адамгершілікке, қарапайымдылыққа, әдептілікке, сыпайылыққа баулу,
көпшілік орындарда өзін-өзі ұстай білуге дағдыландыру.
Міндеттері: -өзара сыйластық қарым-қатынастарының
адам өміріндегі
мәнін
түсіндіру;
-жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін
дамыту;
-жақсылыққа,имандылыққа,адамгершілікке,
шыншылдыққа,
қамқорлыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік жұмыс,
сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың
эпиграфы:
«Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі
де, жан-дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Мен көркі мен
киіміне қарасам, көз сүйсіндіріп, бас айналдыратын адамдарды
жиі көремін, ал жан-дүниесіне үңілсек – құдай сақтасын! Әп-әдемі
сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап-қара болатыны сонша, оны
ештеңемен жуып кетіре
алмайсың». Чехов
А.П.
Мұғалім:
- Сәлеметсіздер ме,
оқушылар
Кіріспе
сөз. Адамның адамгершілік, саналылық
дәрежесі оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан
дәлелденген. Әдептілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу баланың
жеке басын қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы,
ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына
қатынасын қалыптастыруды көздейді. Адамгершілік қасиеттер өз
бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол
ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнегесімен, ата-әжеңнің берер
үлкендік, ақсақалдық тәрбиелерімен бойыңа сіңеді. Мектепте ұстаздар
өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын
танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге
үйретеді.
Мұғалім: Ал, балалар, тәртіпті, тәрбиелі
болу – бәрімізге ортақ қағида. Енді сұрақтар қояйық.
1) Қазіргі кезде адамның бойынан қандай
қасиеттерді көп байқауға болады?
2) Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі
не деп ойлайсың?
3) Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай
түсінесің?
Жауап:
1)Қазіргі кезде адам бойынан
көбінесе тәртіпсіздік,бірін-бірі сыйламау, адамдарға деген
дөрекілік,өтірік айту, сабақтан қашу,ұстаздарды,ата-ананы сыйламау
сияқты жаман қасиеттерді көп байқауға болады.
2)Кей адамдар өте жалқау болып келеді.Еңбек еткісі келмейді.
Ата-анасының тапқанын шашса болды,бос уақыттарын тиімді
пайдаланбайды.Сол себептен де жаман әдеттерге үйір болып
келеді.
3)Әр адамның бойында ары-таза,намысы-берік,ұяты-күшті болуы
керек.Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз
тәрбиелі де тәртіпті адам.
Сұрақтар:
1)Адамгершілік қасиеттерді
қаншалықты бағалаймыз?
2)Сен өзің жіберген қателіктеріңді мойындай
аласың ба?
3)Адам адамнан несімен ерекшеленеді?
Жауап:
1)Адамгершілік қасиеттерді дұрыс бағалай білуіміз керек.
Адамгершілікке барлық қасиеттер саяды. Адамгершілік – адам
бойындағы ең асыл қасиет.
2)Өзіңнің жіберген қателігіңді мойындау – ол үлкен ерлікпен тең
қасиет. Қателігіңді мойындау ешкімге зияныңды тигізбеу, ешкімнің
обалына қалмау.
3)Адам адамнан білімімен, тәрбиелілігімен, әдептілігімен,
мәдениеттілігімен әдемі мінезімен
озады.
1 – топқа: Мектептегі тәртіп
ережелері
2- топқа: Театрда, мұражайға,
кітапханаға барғанда... Ереже құрастыру
3 – топ: Тәрбиелі
бала
Тәртіпті
бала:
Тәрбиелі оқушы көпшілік
ортада:
Ол үнемі өзінің жалғыз емес екенін есте сақтайды. Өзін өзгелерге
кедергі келтірмейтіндей ұстайды. Біреумен сөйлесіп тұрып сағыз
шайнамайды. Шайнаған сағызын жерге түкіріп тастамайды немесе
үстелге, орындыққа, қабырғаға жапсырмайды. Қарсы келген үлкен
кісіге жол беріп өткізіп жібереді. Өтіп бара жатып тайып кеткен
кісіге сүйеу болады. Қоғамдық көлікте үлкендер мен балалы әйелдерді
өткізіп жібереді, оларға орын береді. Автобустан шығарда алдындағы
кісілерді итермелемей, сыпай ғана өткізіп жіберуді
сұрайды.
Көліктен түсерде қарттар мен балалы әйелдерге
көмектеседі.
Біреудің аяғын басып кетсе сыпайы кешірім сұрайды, ал егер өзінің
аяғын басып кетсе, ашуланбайды үндемей шыдайды. Еш уақытта өзінің
назарын аударған нәрсені қолын шошайтып көрсетпейді, көзімен не
ыммен көрсетеді. Кәмпиттің немесе сағыздың қағазын т. б. заттарды
жерге немесе қоқыс салғыштың сыртына лақтыра салмайды.
Көшені тек рұқсат етілген жерден не бағдаршамның жасыл түсіне кесіп
өтеді.
Кітапханада:
Алған кітабын уақытылы тапсырады. Бұл кітапты өзінен кейін
басқалардың оқитынын үнемі есінде сақтайды. Сондықтан оның бетін
бүктемейді, жыртпайды, жазбайды. Оқу залында 1 мин. болса да
қасындағылармен сыбырлап та болса сөйлеспейді. Кітап оқып отырып
ұйықтап қалмайды.
Мұражай, театрда мен
көрмеде:
Жәдігерлерді қолымен ұстамайды. Еш уақытта айқайлап қатты күлмейді,
қолын сілтемейді. Театрға спектакльдің басталуына 15 - 20 мин.
Қалғанда келу керек.. Сондықтан да асықпай шешініп, өзін қалыпқ
акелтіріп, бағдарлама сатып алып, орнына ертерек барып отыруғ
ауақыты болады. Өз орнына отырған кісіге қарсы қарап, бетін
беріп өтеді. Кісілерді орынан тұрып өткізіп
жібереді. Билетте көрсетілген орнына отырады, ал егер ол орын
бос болмай, әрі босатудан бас тартса, ұрыспай билет тексерушіге
барып жолығады.
Қойылым жүріп жатқанда сөйлемейді, тамақ жемейді, еденді аяғымен
ұрмайды. Сахна жабылмай тұрып, орнынан тұрып шығып
кетпейді.
Постер
дайындады.
Тренинг «Ауызша
волейбол»
Допты бір-біріне берген кезде
адамгершілік қасиеттер туралы сөздер айтылуы керек.Мысалы
шыншыл,ұстамды,әдепті,мейірімді,тәртіпті.
Мұғалім: Балалар, бүгін біз
сіздерменқоғамдық орындардағы әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін
кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де
әдемі сөйлей білуі керек екен. Әдепті адам
жамандықты жақсылыққа баурап,
өзінің ақылдылығын таныта білуі керек.