Тәрбие сағаты Қош бол,даярлығым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты Қош бол,даярлығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу-білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке,сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ертеңгілік.

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Кіріспе сөз. (Музыка ойнап тұрады. )

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Даярлыққа мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеттіңдер.

Барасыңдар мектепке,

Бір белестен өттіңдер.

Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар, Білім іздеп инемен құдық қазғандар. Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді, Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

Қош келіпсіз,құрметті ата-аналар, Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар. Алдарыңда жауқазындай құлпырған, Біз бақытты балғын шақты балалар.

Өсті ақыл ойымыз, Өсті міне бойымыз. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойымыз.

Мен қайырымды баламын, Тек жақсылық ойлаймын. Кішілерге қамқормын, Біріншіге дайынмын.

Мектеп қамқор анамыз, Оқып білім аламыз. Өнерпаз боп өсетін Біз оқушы боламыз.

Қуан,шаттан алақай, Қуанатын күн бүгін. Даярлықты қимай біз, Қоштасатын күн бүгін.

Қызық күндер өткіздік, Даярлық тобында. Көп оқыдық,көп білдік Ел мен отан жайында.

Баулап,баптап өсірдіңіз, Бұзықтық етсек кешірдіңіз. Ұмытпаймыз сөзіңізді, Ұмытпаймыз өзіңізді.

Міне мен де үлкен болдым Жасым толды алтыға Кітаптағы ертектерді Енді оқимын шетінен

Ботақандай бөбек деп, Еркелеткен ұл – қызын. Анамызды ерекше Қуантамыз біз бүгін!

Ана тілін ардақтап, Ата салтын біз көрдік. Сурет салып,ән жаттап, Оқып, жазып үйрендік.

Тәрбие берген ұямыз Тәртіпті бала боламыз Қоштасып даярлық топпенен Біріншіге барамыз

Нағыз білім ырыс бақ, Дүниені тұр ұстап. Енді біздер сабаққа, Кірісеміз дұрыстап.

Қош даярлық тобымыз, Ардақтаймыз атыңды. Ізгіліктің басы боп, Мені мектеп шақырды.

Қорытынды

Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.

Міне, бүгін біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2018
542
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі