Қош келдің, әз Наурыз!
Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік, дамытушылық, тәрбиелік.
Тәрбие сағатының түрі: Ойын сабағы.
Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру.
Тәрбие сағатының мазмұны:
Оқушы: Сәлем бердік!
Жас наурыз жылдың басы!
Жұрттың күткен мінекей ықыласы.
Көжесін қып күйбеңдеп, басын асып,
Бермек әркім баршаға қонақасы.
Келгендердің құттықтап бірін-бірі,
Қуанышта көрісіп кәрі-жасы.
Көңіл түгіл адамның сен келген соң,
Самарқанның елжіреп тұр көк тасы.
Күйін көріп қуанған мұңсыз демі,
Толып жатқан көбінің бар мүддесі.
Табақ тартып, «Әмин» деп қол жайды жұрт,
Батаңды бер, жарылқа, жыл мырзасы.
-
Жүргізуші: Наурыз – ай аты. Көне түркі тайпаларының есебінде наурыз айының біріні күні (2 сағат бойынша 9-наурыз, жаңа сағат бойынша 22-наурыз), яғни күн мен түн теңелетін күн - жыл басы. Наурыз айының жылдың басы аталуына осы астрономиялық ұрымтал фактор себепші болған. Наурыз парсы тілінде фервердин айының бірінші күні. Осыған орай наурыз сөзі Соғда мен Хорезм арқылы қазақ тіліне көне парсы тілінен енген демекпіз. 5 мың жылдық тарихы бар атаудың алғышқы буыны «нау» үнді еуропалық тіл тармағына тән.
-
Жүргізуші:
Ал біздің дәуірімізге дейінгі 46 жылға дейін Римляндар жаңа жылды бірінщі наурызда қарсы алып отырған екен. Алайда Рим императоры Юлий Цезарь бұл дәстүрді өзгертіп египеттік астроном Созигеннің кеңесі бойынша жаңа жылды бірінші қаңтардан бастауға жарлық берген. Көне айғақтарға қарағанда аты аңызға бөлінген Жәмші (Джепшид) патша ирандардың жаңа жылғы мерекесі паш етіп, парсыда жаңа жыл алауын бірінші болып жаққан көрінеді. Содан бері адам жанын тазартатын күш бар деп сеніп, қастиетті алау үстінен әлеміш киінгендер секіретін болған, ал ирандықтар мерекелік кілем үстіне жайғаса отырып «наурызды» қызықтайтын болған. Сол сияқты ауғандар да наурызда жаңа жылды мейлінше шаттық құрметпен қарсы алған.
-
Жүргізуші: Иә - бұл то кезінде бағзы замандарда Орта Азия әкімдері замандарында қамауда жатқан телі-тентектерді, қылмыскерлерді бостандыққа жіберіп отырған. Сөйтіп, наурызды қазақ, өзбек, қарақалпақ, чуваш, түркімен т. б. түркі халықтары бір мезгілде, бірдей дерлік ұланасыр шаттықпен атап өткен. Той күндері кәрі – жас бірдей ауыл – ауылды аралап жүріп, бір – бірлерін құттықтасады.Қарттарға ел ағаларына өгіздің шекесі тартылып, жігіт-желеңде «наурыз көже» ішетін.той тамашасында түрлі – түрлі ойын – сауықтар ұйымдастырған екен. Қазақ жерінде «Наурыз» мейрамы 1926 жылға дейін өткізіліп тұрған. Одан кейін белгісіз бір себептермен ұмыт қалған. Ал Орта Азия Республикасында «Наурыз» көктем, еңбек мейрамы ретінде алпысыншы жылдардың басынан бері тойланып келеді екен.
али
1-Жүргізуші: Малдар төлдеп , қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан,
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу салты елімнің.
Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.
Шашу шашу.Көп шашайық шашуды,
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризашылық болсын көл – көсір.
(Осы сөздерден соң қазақ киім киген қыздар тойбастар әнін айтып келеді де ән соңында шашу шашылады.)
2 – Жүргізуші: Тыңдаңыздар .Тыңдаңыздар.
Босқа қарап тұрмаңыздар.
Наурыз тойы басталды.
Қызықтан тыс қалмаңыздар.
Жаңғырғаны сананың
Ұмытады мұны кім.
Ата – салтын бабамның,
Алып келді Ұлыс күн – дейді, ауылымыздың әкіміне сөз беріледі.
1 – Жүргізуші: Наурыз мейрамы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығымен, шуағымен күн – Ана,
Жыр сыйлаған , нұр сыйлаған.
Қастерледік, қадіріңді білдікте
Құтты болсын ұлы күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке – деп кезекті әңгімеге береміз. «Қош келдің Наурыз»- әңгімелейтін Сарымбай Аңсаған №16 орта мектептің 5 сыныбынан.
(Наурыз туралы оқылады.)
ерназар
1 – оқушы: Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Кәрілер де жастар да,
Қуанады балаша.
Әр үйде кісілер ,
Наурыз көже пісірер.
Табиғат та иіп,
Күн шапағын түсірер.
2 – оқушы: Наурызым армысың,
Қызығыңа тоймаған.
Дархан дала қарлы шың,
Мерекені байырғы,
Алды халқым хабарлап,
Ошақта от жалындап.
2 – Жүргізуші: Келіңіздер, Наурыз күнін
Қарсы алайық, билейік.
Жыр жырлайық, ән салайық.
Ән: Шаймерденова Асел №16 орта мектебінің 10 сыныбы.Ақтамақ.
н9ржигит
1 – Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Би: «Сұлу ханшайым».
(Би биленіп біткен кезде.Алдар көсе, Қожанасыр)
2 – Жүргізуші: Тойымызға алыстан келіп отырған қонақтарымыз Алдар көсе мен Қожанасырдың тілер тілектерін қабыл алыңыздар.
Алдар көсе: Көл жиналып тамшыдан,
Теңіз толсын қаңсыған,
Құт – береке кетпесін
Диқан менен иалшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі – бақи жаппасын,
Пәле жала қазақты
Іздесе де таппасын
Бүлдіршіндер көбейіп
Өркендей берсін жеріміз.
Батыр туған ерлермен
Көркейе түссін еліміз.
1 – Жүргізуші:Сіздер біздің аса қадірлі қонағымызсыздар, сондықтан төрлетіп отырып , біздің Наурыз тойымызды тамашалаңыздар.
2 – Жүргізуші: Наурыз тойға жиналған халқым менің
Бәрінен ойға алғанын жарқын сенім
Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісін
Ғажап болсын таппайтын тепе – теңің
Ән: «Ақтамақ» орындайтын Шаймерденова Асел
1 – Жүргізуші: Қызықтан тыс қалмаңыздар
Жаңғырғаны сананың
Ұмытады мұны кім
Ата салтын бабамның
Алып келді Ұлыс күн – деп енді « Шілдехана» тойын тамашалайық.
Ортаға бір топ қыздар «Шілдехана тойы» әнін айтып шығады.Артынан жас босанған келін нәрестесін орап алып кіреді.Жас келінді ауылдың үлкен кісілері қарсы алып,шілдехана тойын жасайды.Наурыз күні туылған балаға Наурызбай, Наурыз, Мейрам деген аттар қойылған екен.Нәрестеге Әжесі азан шақырып атын Наурызбай қояды.Артынан батасын береді.Әрі қарай ауыл жастары ойын – сауықпен өздері тойлайды.тойларыңыз құтты болсын.Ақ мол болсын. Тойымыз
1.Ерназар
Жай далаға алаша,
Наурыз келді тамаша.
Кәрілер де жастар да,
Қуанады балаша.
2.Нұржігіт
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
3.Әли
Малдар төлдеп , қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан,
4.Арайлым
Жақсы ма ата халіңіз
Менің атым Наурыз
Балдай тәтті сары уыз
Алып келдім алыңыз
5.Жастілек
Ір үйде кісілер
Наурыз көже пісірер
Табиғат та құлпырып
Күн шуағы елжірер
6.Толқын
Бүгін Наурыз күні деп
Бүкіл әлем күлімдеп
Әркім қалап бір істі
Әрекетке кірісті
7.Әбдуәли
Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді
8.Інжу
Наурыз көже жыл дәмі
Той дәміне тойыңдар
Тойдан кейін ойын бар
Той- тамаша көріңдер
Билеп ән сап беріңдер
9.Нұрболат
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем Наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды
10.Нұрасыл
Сүттен бұлақ ағызған
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп
Басталыпты Наурыздан
11.Еркеназ
Жана жылдың басы деп
Жылда бізбен тойлаған
Шашу шашып көл көсір
Көжесі қазанда қайнаған
-
!нжу
Бұл күн –күн мен түннің
теңелетін,жан –жануар төлдейтін,адамдардың аузы аққа тиетін, жер
жүзінде шаттық орнаған күн.
І Жүргізуші:
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жыршысы, өмірге нұр
сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Бірге:
Ұлыстың ұлы күні, құтты болсын ағайын!
ІІ Жүргізуші:
Қай халықтың болмасын салт-дәстүрі болады. Әрбір адам халықты
сыйласа, оның тілін де, салт –дәстүрін де құрметтеуі керек. Соның
бірі – бала тәрбиесіне байланысты салттар. Өйткені, бала – өмірдің
жалғасы, болашағы.
І-жүргізуші:
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұралады
насихаттан жүрген халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы бар.
Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі бар.
ІІ-жүргізуші:
Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің
басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп
кетуіне тілек білдіретін салт.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным.
/Үлкендеу балалар ортаға аяғын тәй-тәй басқан 1-1,5 жастағы баланы
әкеліп, беліне кішкентай қалта байлайды, оның ішіне тәттілер салып
тұрып/:
Беліңе қалта байладым,
Дәулетіңді асырсын,
Ішіне тәтті сайладым,
Қиындықты қашырсын!
/осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп, баланың аяғына мыналарды
байлайды/:
Ішекпен байлағаным – малды болсын, тоқ болсын деген ниетім,
Көк шөппен байлағаным – жершіл болсын, көпшіл болсын, өсіп-өнсін
дегенім,
Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын дегенім.
/тұсауын кеседі, тұсау кескен баланы бір-екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып, еркін жібереді/
Тәй, тәй, тәй, тәй!
Қаз, қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам!
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін!
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың,
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе!
беліндегі қалтаны шешіп,
тәттілерді елге шашумен таратады
Тойға шашу шашылсын!
Халқымның нұры тасысын!
Ата бата береді:
Құлыным үлкен жігіт болсын!
Ата-анасына қызық болсын
Жақсылармен қатар болсын,
Жамандармен қатал болсын,
Ата-дәстүр байлығын жалғастырар,
Берік бұтақ болсын.
Наурыздарың құтты болсын!
Әумин!
Наурызда дүйім жұрт алаңға жиналып, ат жарыстырып, ақындарын айтыстырып, балуандарын күрестіріп, той тойлатып, ойын ойнатып, алтыбақан тебісіп, наурыз көже ішіп, таңды көзбен атырған. Сол түні ғашықтар бір-біріне көңілін білдірген.
Қазақстандықтар үшін Наурыз – айрықша мейрам. Бұл күн қыстың сәті аяқталып, барша еліміз жаңаша кейіпке енетін көгілдір көктемнің келгенін білдіреді.
Бірге:
Жаңару мен жасару күні Сіздерге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, көркейе берейік! Ұлыстың ұлы
күні құтты болсын!
Қазақтың түрлі – түрлі
дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
Наурызшешек – наурыз айында өсетін жапырақты түрлі – түсті гүлді, қауашақты әсем шөп. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі. «Наурызшешек» «Қызыл кітапқа» енген, сирек кездесетін, бағалы өсімдік.
Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
Наурызнама – шат – шадыман, ойын-сауық. Тойда ат – жарыс, палуан күрес, басқа да спорт сайысы, айтыс, түрлі ойындар өткізіледі, көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада қыз – жігіттер жиналып, бас қосып, ұйқыашар әзірлейді. Ол ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік пен жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың, иссу – бүршігін жаңа жарған жауқазындардай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Бұл күні қарттарға арналып жылы – жұмсақ тағамдардан «бел көтерер» деп аталатын дәм дайындалып, тартылады.
Наурызша - Наурыз айында жұп – жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша» деп атайды.
Наурыз көже – Наурыз тойына тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс, т.с.с тағамдардан жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор.
Қазақтың түрлі – түрлі
дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауаптарын таба ма екен ата – аналар,
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
1. Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)
2. Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)
3. Наурыз тілек деген не? (Жауабы: наурыз тілек – достық көңіл мен тілектестіктің, адамгершіліктің, белгісі әр тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған. Әр адам өзіне, отбасына немесе туыс – туғандары мен дос – жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір – бірінің үйіне кіріп дәм татады)
4. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған? (Жауабы: 21 наурыз)
5. Наурыз бата дегеніміз не ? (Жауабы: халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы күнге арнап, «наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға т.б. өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді)
Наурыз белгілері:
Наурыз күнгі тағам – “Наурызкөже”
Наурыз күнгі айтылатын ән: “Жарапазан”
Наурыз күнгі жауған қар – “Наурызша”
Наурыз күнгі дыбыс, жылы ағыс – “Әз”
Наурыз күнгі тілекті қабыл қылатын қария – “Қызыр ата”
БҰЛ КҮНІ:
Сапарға шықпайды;
Ешкіммен ренжіспейді;
Жаман, блапыт сөздер айтпайды;
Жаман қылықтар көрсетпейді.
Шаш, тырнақ алмайды.
Іс тікпейді, Кір жумайды
БҰЛ КҮНІ:
Күн мен түн теңеледі
Ренжіскен адамдар достасады
Жақын туыстармен дәм алысады
7 түрлі дәмнен Наурыз көже дайындайды
Ат шаптырып, балуан күрестіріп, қыз қуып, қол күрестіріп үлкен той жасайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Қош келдің - әз Наурыз"мектепалды дайындық тобы

шағым қалдыра аласыз