Материалдар / Тәрбие сағаты: Құқықтық тәрбие негізі – отбасынан басталады
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: Құқықтық тәрбие негізі – отбасынан басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға құқықтық тәрбие негізі отбасында қаланатының түсіндіру. Өз құқықтары мен міндеттерін білу және басқалардың құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында ата - анамен бірлесіп өткізілген ашық тәрбие сағаты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2023
1063
24 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақкемер ЖББОМ

Құқықтық тәрбие негізі – отбасынан басталады







Өткізген: Г.У.Танашева



2022-2023 ж











Бекітемін _______ Д.Т.Шабикова

М/д тәрбие істері жөніндегі орынбасары


Мұғалімнің аты-жөні:

Ата-ана:

Танашева Г.У


Имангалиева.А.Д

Мектеп:

Ақкемер ЖББОМ

Пән/Сынып: 9а

Ашық тәрбие сағаты

Күні:

24.01.23

Сабақтың тақырыбы:

Құқықтық тәрбие негізі – отбасынан басталады

Оқу мақсаты:

Оқушыларға құқықтық тәрбие негізі отбасында қаланатының түсіндіру.

Өз құқықтары мен міндеттерін білу және басқалардың құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру

Ұйымдастыру. Жағымды көңіл-күй орнату топқа бөлу

Тренинг «Мен әрқашан», «Мен ешқашан»

Оқушылар қима-қағаздарды таңдап алып, бір топ «Мен әрқашан», екінші топ «Мен ешқашан» сөздерін пайдаланып сөйлемді аяқтайды.

Мектеп, Ата-ана, Үй, Отбасы, Кабинет, Мұғалім, Сыныптас.

Мұғалім:

Оқушылар сіздердің алдарыңызда түрлі-түсті жіптер жатыр және әрқайсысында әр түрлі. Оның қандай екенін айтыңыз және неліктен олар әртүрлі?

(Оқушылардың жауаптары.)

Иә. Ол өмірге ұқсас жол және әркімнің өз жолы бар. Түзу жіптер- түзу жолдар. Сіз осындай түзу жолмен жүргіңіз келе ме? (Оқушылардың жауаптары.)

Ал ол үшін не қажет? (Оқушылардың жауаптары.)

Оқушылардың жауаптары: өз құқықтары мен міндеттері.

Өз құқықтарын мен міндеттерінді білу өмірлік компас ретінде сіздерге дұрыс жолдың бағытын көрсетеді.

Сыныптастарымен амандасу

Қима қағазды таңдап, ойларын тұжырымдап аяқтайды.


Қорап, қима қағаз

Жаңа сабақ

 Мұғалім:

Мектеп пен отбасында балалардың әлеуметтік іс-әрекеттің алғашқы дағдылары қалыптасып, адамгершілік, әдеп, заңды, мінез-құлық, орынды әрекет-қылық, құқықтық нормаларды меңгере бастайды. Әдеп ережелеріне сусындап өскен бала әрине қоғамға зиян келтірмейді, керісінше, өмірдегі өзінің орнын тауып, елжанды, саналы азамат болып қалыптасады. Данышпан Абай былай дейді: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады:біріншісі-ата-анадан,екіншісі-ұстаздан,үшіншісі-құрбысынан».

Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Құқықтық тәрбие негізі отбасынан басталады

Бейнеролик https://youtu.be/bSN4Sg2Tg7E

Тәрбие – отбасынан басталады.

Бейнероликтен түйген ойларыңыз.

Ата- ана:

Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат – жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу Отбасындағы жақсы қарым-қатынас ұрпақты жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге жетелейді, өмірдің қыр-сырын танытады, жауапкершілікке, адалдыққа, ойшылдыққа әдептілікке баулиды.

Үйдегі заңсыздыққа бойы үйренген бала басқаның да құқығын сыйламайтын, ол туралы ойланбайтын болады. Керісінше, жанұядағы жақсы қарым-қатынаста өскен бала қайырымды болып өседі. Баланы түзу өсіретін – қорқыту-үркіту емес, оның еркін өсуі жан-жақты дамуына игі әсер етеді.

Отбасынан дұрыс тәлім алған, жылы сөздер мен қамқорлыққа бөленіп өскен тәрбиелі бала қиянаттар мен теріс қылықтарға бармайды


Тапсырма

Айтыңызшы, сіз күніне орташа есеппен қанша құқықты қолданасыз? (Оқушылардың жауаптары.) Тексерейік. Сіздің әрекеттеріңіз жазылған кестеге сіз құқықты қосасыз.


Іс –әрекет

Құқық

Тамақтану

Қамқорлық пен тәрбие құқығы

Мектепке бару

Білім алу құқығы

Сабақта жауап беру

Білім алу құқығы

Үйірмелер мен секцияларға қатысу

Жан-жақты даму құқығы

Достармен кездесу

Демалыс құқығы

Дәрігерге қаралу

Медициналық көмек алу құқығы

Телидидар қарау

Ақпаратқа қол жеткізу құқығы

Ұйықтау

Демалыс және денсаулық құқығы



Жағдаяттарды талқылау

Жағдаят №1

Нұрлан 5-сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға талабы жақсы. Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата-анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайындырды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, тіпті кейде апталап қалдыратын кездері де болды. Мектепте, сыныпта ата-аналарға байланысты өтетін жиындарға мүлдем келмейді.

Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анамен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата-анасы құр уәде беріп, шығарып салады. Бір жетіден соң жағдай қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, соны орындамауда ата-анасы салғырттық танытты.

Сұрақтары:

Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?

Сынып жетекшісінің орнында не істер едіңіз?

Ата-ананың бала алдындағы міндеті қандай?

Осы жағдайға байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз?


Жағдаят №2

Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасты. Ерланның есіне асханадағы ақша майдалатқан Қайрат есіне түсті. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып ал керектігін Маратқа айтты. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырды. Ойында ештене жоқ Қайратты Ерлан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етті. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екенін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере  салды. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертті. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылап ұғындырды.

Сұрақтары:

Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?

Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелді?

Сіз ата-ана ретінде қандай пікірлер ұсынасыз?














Оқушылар бейнероликті қарап, түйген ойларын айтады.

































Оқушылар жағдаятты топта талқылап, бөлісіп ортаға шешімін айтады.


Тақта































Тапсырма жазылған қима-қағаздар

Қорытынды Рефлексия





Отбасы…Қажеттілік… Байланыс

Топтарға күнделікті тұрмыстық бұймдар беріледі. Оқушылар өздеріне жақын бір затты алып отбасымен байланысын айтады.

Тұрмыстық бұйымдар: Шәй, оқтау, ине-жіп, дәрі, тоқыма, қоқыс пакет, кілт, т.б



Оқушылар өздеріне жақын бір затты алып отбасымен байланысын айтады.







Күнделікті тұрмыстық бұймдар.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!