Тақырыбы:
|
«Қыз өссе – елдің көркі»
|
Мақсаты:
|
Қыз
балаларды жаман әдеттерден сақтандыру үшін айтылатын тыйым
сөздермен, мақал-мәтелдермен таныстыру, мағынасын ашу, ақыл-кеңес
беру.
|
Түрі:
|
тәрбие сағаты.
|
Формасы: топтық
жұмыс
Барысы:
І.
Ұйымдастыру.
Жоспары:
-
Кіріспе.
-
Мақал – мәтелдер.
-
Тыйым сөздер.
-
Қызым саған айтам . . .
-
Қорытынды.
Ән «Қыздарға әсемдік жарасады»
Кіріспе.
«Қыз өссе – елдің көркі».
Ұлттық салт-дәстүрлерімізді білу, оның астарын
түсініп, атадан балаға мирас ету, қазіргі таңда, әсіресе,
қыздарымыз үшін ауадай қажет.
Қыз баланың нәзік те қайратты, албырт та алғырт,
ширақ та байсалды, сабырлы да төзімді болуына оның тәрбиесі ғана
бағыт береді.
Адамгершілігі жоғары, сыпайы, әдепті, білімді
қыздарымыз аз емес.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда қыз бала тәрбиесі,
әдептілік пен әдемілік туралы сөз болмақ.
2. Мақал – мәтелдер:
- «Қыз өссе – елдің көркі,
Гүл өссе – жердің көркі».
-
«Анасын көріп қызын ал»
-
«Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас
бол».
-
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны
іледі».
-
«Қызға қырық үйден тыйым».
-
«Қыз ақылды ескермес ана үлгісін
көрмесе».
-
«Қыздың жиған жүгіндей».
Осы мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндіру
(Оқушылар пікірі).
3. Тыйым сөздер.
- Дастарханды
баспа.
- Мақтаншақ, тәкәппар болма.
- Қолыңды төбеңе
қойма.
- Нанды жерге тастама.
- Аяғыңды жоғары
көтерме.
- Қатты күлме, айқайлап
сөйлеме.
- Ыдыс-аяқты салдырлатпа.
- Үлкеннің жолын
кеспе.
4. Қызым саған айтам...
- Қыз көйлегінің
етегі тізеден жоғары шықпауы тиіс. Есті қыз етегін қымтап жүреді
деген мақал бар.
- Ешкіммен
айғайлап ұрсыспа.
- Қарқылдап
күлу- дарақылықтың белгісі.
- Кемшіліксіз
кісі болмайды,оны көруге емес ,түзетуге
көмектес.
- Ешқашан
ешкімді жамандама.
5.
Қорытынды


(Оқушылар
толтырады)