Материалдар / Тәрбие сағаты: "Сәлем - сөздің анасы"

Тәрбие сағаты: "Сәлем - сөздің анасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітапханашымен бірлесіп өткізілген сәлемдесу тақырыбындағы ашық тәрбие сағатының жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2018
10847
15 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Сәлем - сөздің анасы»Мақсаты: Қазақ халқының ұрпағына тән иба мен имандылыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет, мейірімділікке баулу, амандасу салт-мазмұны жағынан өте бай ата дәстүр екендігін терең ұғындыру, оқушыларды адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, оны игеруге, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасай отырып, әдет-ғұрпы мол, дәстүрді жалғастырушы қайырымды ұрпақ тәрбиелеу.

Жүру барысы:

Оқушылар: слайд 1Мейірімді жүрекпенАқ пейілді тілекпенАмандасып алайықБір жадырап қалайық

Мұғалім: Сәлеметсіз бе, амансыз ба?Бәріміз күндей жарқырайықБәріміз тату болайық!

Бүгінгі «Сәлем – сөздің анасы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!«Сәлем – сөздің анасы» деп аталатын тақырып, яғни ол тегін емес. Неге десеңіздер сәлем — әдептілік белгісі.Сәлемдесу адамдардың бір – бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөлену, тілдесу, яғни ізеттілік пен инабаттылық нышанын білдіреді.«Сәлем – сөздің анасы» деп неге айтқан?

(Үлкен адамдарға сәлем беру – кішінің міндеті. Сәлем беру  инабаттылық, имандылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.)

Ал, балалар енді біз кімге қалай сәлем береді екенбіз.слайд 2(хормен)Алдымыздан кезіккенКөп танысты көремізБәрінен де ізетпенБіздер сәлем беремізСәлеметсіз бе, ағай!Сәлеметсіз бе, әже!Амансыз ба, атай!Ұлқыз сәлем береміз,Өнегелі өренбіз.(Видео қосу)

Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпей сәлем беру ата – дәстүрімізде бар қасиет.



Кітапханашы: Балалар, сәлем беру, әдептілік туралы көптеген даналар өз ойларын айтқан екен. Енді сендердің қаншалықты мақалдарды, нақыл сөздерді білетіндеріңді тексерейік. Ол үшін «Кім ақылды?» ойынын ойнайық. Шарты: Мен мақалдың басқы бөлігін айтамын, сендер жалғастырасыңдар. Қол көтеріп жауап береміз. Жауап берген әрбір оқушыға белгі беріп отырамын. Соңында белгісі көп оқушыға сыйлық берілетін болады. 1.Үлкенді сен сыйласаң, (Кіші сені сыйлайды)2. Әдепті елдің баласы (Алыстан сәлем береді)3.Сәлем беру де –парыз, (Сәлем алу да –парыз.)4.Алыстан алты жасар бала келсе ( Алпыс жасар қария сәлем берер.)5. Бір күн тұзын татсаң (Қырық күн сәлем бер.) 6.Әдепті бала-арлы бала, (Әдепсіз бала-сорлы бала)7. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, ( Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)8. Әдептілік белгісі- (иіліп сәлем бергені)9. Сәлем беру бір абырой ( Сәлем алу мың абырой)10. Әдептілік ар-ұят (Адамдықтың белгісі)11. Сіз деген - әдеп , (біз деген-көмек)12 .Жақсы сөз- (жарым ырыс)13. Кішіденізет,( үлкенге-па расат)14.Әдептілік белгісі- (ар-ұят).15. Кеспе жолын үлкеннің, (шыдамсыздық үлкен мін)16. Сыйлап үлкен кісіні, (аялаған кішіні)17. Ана алдында – құрмет, (ата алдында – қызмет).

Енді балаларға әдептілік жайында өлең оқылады, қандай әдепті сөз айту керек екенін айтады.     «Не деу керек?» әні Апаң сенің базардан,Алма сатып әкелді.Ең үлкенін, жақсысын,Саған таңдап әперді.- Не деп барып жеу керек? Рахмет! Балалар жүр көшеде,                                                  Естіледі шу-айқай.        Сен де шықтың көршіңді,     Қағып кеттің байқамай.                           - Мұндайда не деу керек? Кешіріңіз! Әжең сенің түскі асқа, Қант-кәмпит салды мол. Жұрттан бұрын ыдысқа, Өз бетіңмен салдың қол.- Жөн еді не айтқаның? Рұқсат па?                                                Осы келген бетіңде     Допты қудың, жарыстың.                                                Көшенің сол шетінде                                                Кезікті бір танысың.            Не деу керек? Сәлеметсіз бе?



Енді оқушылардың дайындап келген көрінісін тамашалайық: Ы. Алтынсариннің Әдеп әңгімесінен көрініс қойылады. КөрінісКөшеде кездесіп сөйлесіп тұрған әкім мен байдың қастарынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп , бас ұрып сәлем береді, Үлкен әкім одан төмен бас ұрып сәлем алады. Қасындағы бай: Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа соша неге бас ұрасыз? – дейді.Сонда әкім: Ешбір білім- ілім үйренбеген мұжық сонша иіліп әдептілік көрсеткенде , мен одан әдепсіз болып қалайын ба?- депті.

Мұғалім: Қорытынды: не айта аласыңдар, осы жағдай бойынша?







Топтық тапсырмалар: ситуациялық сұрақтар.1. Қолында 2 ауыр сөмкесі бар бір әжей базардан келе жатыр еді. Алдынан ойнап 2 бала шығып, әжейді абайсызда қағып кетеді. Әжей жығылып, қолындағы бар заты шашылса да, екеуі артына қайырылмай алысып ойнап кете береді. Егер де сіз сол балалардың орнында болсаңыз не істер едініз?2. Екі оқушы мектепке келе жатыр еді, алдарынан қарт кезігіп қалды. Ол оқушылардан мектепке дейін жол көрсетуін сұрады. Сонда оқушылар өздерін асығыс екенін айтып, өз жөндерімен кетіп қалады. Егер де сізде осындай жағдай болса сіздің іс әрекетіңіз?3. Қоғамдық көлікте орында отырдыңыз, бір аялдамадан баласын көтеріп бір апай мінді, ондай жағдайда қандай әрекет жасайсыз?

4. Көшеде жүргенде қандай әдептілік ережелерін сақтау керек?

5. Амандасудың қандай түрлерін білесіңдер? Қыз, ұл балалардың амандасу түрлерін көрсет.

6. Үйде жалғыз отырсыз. Ауылдан туған туыстарыңыз келді.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ