Тақырыбы: Сәлем – сөздің
анасы, білгені жөн әр қазақтың баласы
Мақсаты:
оқушыларға сәлемдесу туралы мәлімет беру ,
оның
инабаттылық , әдептілік,
адамдық қасиеттің негізгі
арқауы екеніні
ұғындыру;
ұлттық салт- дәстүрлермен
таныстырып адамгершілікке
тәрбиелеу; үлкенді
сыйлау,кішіге ізет көрсету,сыйласымды
қарым- қатынас жасауға
баулу.
Формасы: әдеби –монтаж
Бағыты; коммуникативті тәрбие
Барысы
Мұғалім: Қай халық болмасын,
қай ел болмасын бір-біріне жылы мейір мен кішіпейілдікті,
достастықты, өзара жақындықтарын білдіріп, амандық- саулық сұрасып,
өзінің аман екендігін білдіруі - сәлемдесуінде. Адам баласы қашан
да тыныш, бейбіт бір- бірімен сыйласып өмір сүруді аңсаған ,
армандаған. Сондықтан сәлемдесу - әдептілік ғана емес, имандылықтың
да нышаны , белгісі ретінде қабылданған. Олай болса «сәлем - сөздің
анасы» деген мақалды білгені жөн әр қазақтың
баласы.
Мектебімізде қай тілдер оқытылады?
Оқушылар : Орыс, ағылшын және өз ана тілімізде
оқытылады.
Мұғалім: Ендеше сол елдердің сәлемдескеніне куә
болайық.
(Екі оқушы шығып көрсетеді).
Мұғалім:Ал күншығыс елі
жапондықтар бір-біріне иіліп , екі қолын қусырып, басын шұлғып ,
белін бүгіп жымияды.
1-қатар орындарынан тұрып жапондарша сәлем
береді.
- Ауғандар алдымен қолын
маңдайына тигізіп , иба жасап, иіліп сәлем береді. Бұл «Басымыз
аман болсын» дегені.
2- қатар орындарынан тұрып, ауғандарша сәлем
береді.
- Ертеде қытайлар қолын қысып
амандасқан. Қазір «Бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па?» деп
сұрайды.
3- қатар қытайларша амандасады.
- Гректер «қуаныңыз» деп
сәлемдессе , тибеттіктерде тіптен қызық , бір-бірімен амандасқанда
оң қолымен бас киімін алып,сол қолымен құлағының артын ұстап,
тілдерін шығарады.
- Ал бізде ше? (Оқушы жауаптарын тыңдап ,
толықтыру)
Ендеше сәлемдесу жайында сөз кезегін оқушыларға
берейік.
1-оқушы: Әр елдің өмір сүруіне
, салт- дәстүріне байланысты сәлемдесу әдептері де әртүрлі
болатынын білдік.
2-оқушы: Әкем: «Үлкен кісіні
көрсең оны танысаң да , танымасаң да сәлем бер» деп
отырады.
3-оқушы: Халқымыздың төбе биі
Төле бидің «Алыстан алты жасар бала келсе , алпыстағы шал орнынан
тұрып сәлем береді» деген сөзі бар.
4-оқушы: Ислам діні сәлем
беруді , рұқсат сцұрауды шариғатқа енгізген.
5-оқушы: 91- хадисінде «
Біріңмен бірің сәлемдасіп жүріңдер, сонда ғана араларыңда мейірім –
махаббат оянады».
6-оқушы: «Егер сізге сәлем
берілсе , сіз одан жақсырақ, болмаса тап өзіндей етіп жауап
қайтарыңыз». (86 аяттан).
Мұғалім: Халық батыры Бауыржан
Момышұлы естеліктерінде «Румыния әскерінің жарғысында мынадай ереже
бар. Шені тең екі офицер көшеде ұшырасса , жасы кішісі сәлем
береді, ал екеуі түйедей жасты болса , тәрбиелісі сәлем береді»
деген жолдар бар.
Ы. Алтынсариннің «Әдеп» әңгімесінен көрініс
қойылады.
Көрініс
Көшеде кездесіп сөйлесіп тұрған әкім мен байдың
қастарынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп , бас ұрып сәлем
береді, Үлкен әкім одан төмен бас ұрып сәлем алады. Қасындағы
бай:
Сонда әкім: Ешбір білім- ілім
үйренбеген мұжық сонша иіліп әдептілік көрсеткенде , мен одан
әдепсіз болып қалайын ба?- депті.
Мұғалім: «Әдептілік белгісі –
иіліп сәлем бергені. Жақындықтың белгісі- келіп –кетіп жүргені» деп
халқымыз бекер айтпаған болар.
7-оқушы: «Әдептілік
әліппесі»
Ата маған әманда
«Әдепті жан бол» деген
Ата сөзі санамда:
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем...
Әбдірахман
Асылбеков
8- оқушы: «Анам маған»
Анам маған «Үлкенді сыйла» деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған
ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Қазақ халқы сәлемдесуге үлкен мән беріп, тіпті
айтқан сәлемге «Аманатқа қиянат жасама» деп жеткізіп отырған. Олай
болса мына өлеңді тыңдайық.
М.Мақатаевтың «Сәлемдеме» өлеңі
оқылады
Мұғалім: Ал мектепте және
көпшілік орындарда сәлемдесу әдебінің мәні зор. Шәкірттің мектепке
келген таныс, бейтаныс адамдармен қол алысып амндасуы міндетті емес
, кейде олай етуге болмайды. Себебі неде деп
ойлайсыңдар?
(Оқушылар ойы тыңдалады)
Ендеше балалар «Сәлем сөздің анасы, білгені жөн
әр қазақтың » деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.