Материалдар / Тәрбие сағаты "Салт -дәстүр асыл қазынам"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Салт -дәстүр асыл қазынам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге материалды көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2020
2019
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатының тақырыбы: Салт-дәстүр- асыл қазынам.


Мақсаты: Қазақтың салт-дәстүрін дәріптей отырып, елін, жерін, тілін, әдет-ғұрыпын құрметтейтін, адамгершілігі мол азамат қалыптастыру.

Көрнекілігі: тақырыпқа сай нақыл сөздер,көрініске қажетті заттар мен киімдер,интерактивті тақта.

Жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II. «Ой қозғау» Топтастыру әдісі.

«Қазақ халқының салт- дәстүрлері»

III. «Ой толғау».

«Аталар айтқан асыл сөз» Көрініс: Мақалдап сөйлеу

IV. «Ой қорыту» «Ұлағатты ұлттық ұғымдар»

V. «Бата – біздің салтымыз»

VI. Қорытындылау.


Барысы.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін,өмірін жалғастыратын салауатты,саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор. «Жер астында жатқанды қазбай қарап тіл табар» деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз салт-дәстүрімізді, әдеп-ғұрыпымызды ұлттық құндылықтарымыздың асыл қоймасы деп сақтады. Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыпынан туындап бірнеше түрге бөлінеді.

II. Қазақ халқының салт- дәстүрлері:

1)Отау көтеру дәстүрі( Қыз көші, бет ашар, шаңырақ көтеру )

2)Тәрбие дәстүрі( Шілдехана,бесікке салу,баланы қырқынан шығару,тұсаукесер, атқа мінгізу, алтыбақан)

3)Отбасы, тұрмыс дәстүрі( Дастарқанға бата, бәйге, отпен аластау)

4. Еңбек дәстүрі (Аңшылық)

5. Наурыз дәстүрі.

6. Қаза ғұрыптары(Дұға оқу)

7.Ислам тағылымы (Құрбан шалу)

Қазақ халқының осы салт-дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталайық. Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

1)Шілдехана (салт).Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын сауық, той.Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей, құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салады.

Шілдехана- өмірге адам келгеннің және оған қуанудың бір белгісі.Дүниеге

ұл келсе- «ат ұстар»,қыз келсе-«көйлек тігер» келді деп қабарлаған.

Дүниеге келген нәрестеге үш күннен қалдырмай ат қою дәстүрін жасайды.

Ат қоюға қазақ халқы ерекше көңіл бөлген. Бала есімін жақсы, беделді кісілерге қойғызып,батасын алуды да ұмытпаған.

2)Бесікке салу(салт).Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік,сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші-алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді.

Бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап алып, жөргектерін салып болып, баланы бесікке бөлейді. Бесік үстіне жеті түрлі киім жабылады.Бәле-жаладан сақтасын деп ырымдап, оған тұмар, бүркіт тұяғын,т.б заттар тағып қояды.

3)Баланы қырқынан шығару(салт).Баланың туғанына қырық күн толған соң

күміс теңгелер салынған ыдысқа қырық қасық су құйып «сүт тырнағы»,

«қарын шашы» алынып, шомылдырады.Ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан. Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегін «иткөйлек деп атайды». Бала қырқынан шығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп оны иттің мойнына байлап

жібереді. Итті балалар қуып жетіп, ұстап алып тәттілерді бөліп алады. «Иткөйлекті» баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады.

4)Тұсаукесер рәсімі(салт).Балаға қатысты рәсімінің бірі –тұсаукесер.Бұл-бала

жүре бастағанда жасалатын ырым... Тұсау кесуге адам таңдайды,оның бойындағы жақсы қасиеттер балаға дарысын деген ниет болады... Тұсауды ала жіппен кеседі. Ол біреудің ала жібін аттамасын, ұрлық жасамасын, өтірік айтпасын деген ниетке негізделеді.Тоқ ішекпен, көк шөппен аяғын шалады. Ол қарны тоқ,көк шөптей жайқалып өссін, жасы ұзақ болсын деген ұғым. Ауылдың желаяқ жүйріктерінің бірі кесіп, екі қолынан ұстап біраз жерге дейін жетектеп жүреді. Содан соң тұсауы кесілген баланың мойнындағы қалтаға толтыра салынған әр түрлі тәттілер мен күміс ақшаны таласа-тармаса

бөліп алады.Сол жерде дастархан жайылып, үлкен қария бата береді.

5.Атқа мінгізу. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрдің бірі 3-4 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізу. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасалған. Баланың белін буатын жұмсақ белбеуі және тепкішке баланың аяғын салатын, үзеңгі орнында жүретін, дорбасы болған. Осыған орай:Мықтап тарт ашамайды қолтарма шынжас болса жол үстінде болдырмасын деп тілек айтылған. Ашамайды жуас құнанға ерттеп, баланы мінгізген. Әйелдер баланың атқа міну құрметіне шашу шашқан. Үлкендер қымыз ішіп, ет жеп,

бата беріп тараған.

Мұғалім сөзі.

Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени тұрмыстық, кәсіптік, салт –сана, әдет ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.

1)Тыштырма(дәстүр). Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік,тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма» деп ырым жасайды және оны «тыштырма » деп атайды. Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп ,бала-шағаларына үлестіріп береді.

2)Базарлық(дәстүр)-алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына

( жерлес,көрші-қолаң,жас балаларға, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

3)Байғазы(дәстүр)- балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

4)Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «тілашар» тойы деп атайды.

5)Жеті ата(дәстүр).Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген. Олай болса жеті ата: Бала,Әке,Ата,Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

6)Асату(дәстүр). Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

III. «Аталар айтқан асыл сөз » Мақалдап сөйлеу.

Екі оқушы шығып мақалдап сөйлеседі.

-Ассалаумағалейкум, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс –тағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.

-Амансың ба, достым?«Қуыс үйден құр шықпа» деген,тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.

-«Сыйлап берген су сатып алған балдан артық» дегендей жайғассақ жайғасайық.

-«Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңе риза болып қайттық қой.

- «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер» демекші татулық пен ауыз- бірлікке не жетсін.

-«Төртеу түгел болса алар,алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз.

-«Бірлік түбі- тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.

-«Биік төбеге шықсаң,көзің ашылады,жақсымен сөйлессең ,көңілің ашылады»

дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.

-«Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер»демекші қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.

-«Тау тауға қосылмас,адамға адам қосылар» деген,әлі кездесерміз, сау бол Мұалім сөзі.Қарап отырсақ қазақтың мақалдап сөйлеген сөзінің өзі бір шырайлы, тәрбиелік мәні зор, астарлы. Бұған осы көріністен- ақ көз жеткізген боларсыңдар.

IV.Ой қорыту «Ұлағатты ұлттық ұғымдар»

1.Үш артық (Адалдық , Еңбексүйгіштік,Өнерпаздық)

2. Үш сауап

Шөлге құдық қазған.

Өзенге көпір салған

Жолға ағаш еккен

3.Төрт қонақ(Арнайы қонақ,құдайы қонақ,қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)

4.Төрт түліктің пірін ата.

Түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі-Қамбар ата, сиыр пірі- Зеңгі баба, қой пірі-

Шопан ата, ешкі пірі-Шешек ата.

5.Бес жақын кімдер?

Тату болса- ағайын жақын.

Ақылшы болса- апайың жақын.

Бауырмал болса- інің жақын.

Инабатты болса- келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын

Қимас жақын –қарындасың

6.Бес асыл(Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

7.Алты алаш деген кімдер?

Алаш ханның балалары: Қазақ,Қарақалпақ,Қырғыз,Өзбек,Түркімен,Жайылхан.

8.Алты қиынды атаңдар.

Арадан шыққан жау қиын.

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын.

Жазылмаған дерт қиын

Іске аспаған серт қиын.

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын.

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың.

9. Жеті жұт

Құрғақшылық,мал жұтау,оба (індет), өрт,соғыс, жер сілкіну, сел (тасқын)

10.Жеті қазынаны ата.(Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат,құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)

V.Бата -біздің салтымыз. (Бата беріледі)

Бата- біздің салтымыз,

Жақсы оқу- антымыз.

Кеуде толсын білімге,

Артыңда қалсын алтын із.

Пайдаң тисін еліңе,

Риза болсын халқымыз.

«Бес» болсын алар бағамыз,

Білімнен бағыт табамыз.

Өнер –білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

VI.Қорытынды.

Арттағы ұрпағына сөзімен де, ісімен де,ақылымен де, парасатымен де үлгі-

өнеге қалдырған ата- бабамыздың мұрасын ардақтап, мақтан тұтайық.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!