Тәрбие сағаты "Салт-дәстүр - асыл қазынам"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Салт-дәстүр - асыл қазынам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сынып жетекшіге көп көмегін тигізеді. Мұғалім мен оқушы қазақтың салт-дәстүрлерін толық меңгеріп, түсінуге ықпалын тигізеді. Қазақстан Республикасының азаматымын деген тұлға салт-дәстүрді толық білу және оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру ккерек деп ойлаймын. Салт-дәстүрімізді ұмытпайық!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Салт-дәстүр – асыл қазынам


(Сахналық көрініс түрінде)
Мақсаты: – Халық педагогикасын оқу – тәрбие барысында қолдану, халқымыздың ғасырдан жалғасып келе жатқан салт – дәстүрлерін дәріптеу, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі – өнеге алуға баулу, оқушыларды өз халқына, өз ұлтына, өз жеріне, ұлттық әдет – ғұрпына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
– Cахналық тапсырманы орындату арқылы оқушылардың топта, ұжымда бірлесе әрекет ете алу іскерліктерін шыңдай түсу. Осы тәсіл арқылы оқушылардың ішкі мүмкіндіктері мен табиғи дарынның ашыла түсуіне ықпал жасау.
Көрнекілігі: ұлттық киімдер, бесік, бесік әбзелдері, қамшы, ұлағатты сөздер.
Жоспар: І. Кіріспе сөз

1 - жүргізуші:
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
2 - жүргізуші:
Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын.
Қазақ атты үлкен, кіші, балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге.

Өнерлі халық - өміршең халық, қазақтың әдет ғұрпына бағытталған «Салт - дәстүр – асыл қазынам» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

ІІ.Аралдарға бару.
1) «Салт – дәстүрлер» аралы
2) «Асық» аралы
3) «Тұсау кесу» аралы
Мұғалім: Құрметті қонақтар, оқушылар! Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған зор еңбектері – (салт – дәстүрлер, әдет – ғұрып үлгілері) соның айғағы. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты асыл мұралары, салт – дәстүрлері туралы оқушыларымызға түсіндіріп, бойларыңа сіңіру болып табылады. Тәрбие сағатымыз саяхат түрінді өтіліп, оқушыларымыз үш аралға саяхат жасайды.

1 - жүргізуші. Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт - дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп өтсек.

Қазақ халқының салт - дәстүрлері:
Отау көтеру дәстүрі
Отбасы, тұрмыс дәстүрі
Еңбек дәстүрі
Тәрбие дәстүрі
Наурыз дәстүрі
Қаза ғұрпы
Ислам тағылымы

1 - оқушы: Тәрбие дәстүрі.
Әр ұлттың, халықтың, діні мен сеніміне, тұрмыс тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізгі салт ретінде қалыптасқан. Шілдехана (салт)- жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық, той. Кіндіккесер (салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс. Бесікке салу (салт)- жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік - қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Қырқынан шығару (салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан – жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан. Тұсау кесер (салт)- сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып. Қазақтың өмір салты, өрен салты т. б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.
2 - оқушы:
Қазақ халқында қалыптасқан ғұрыптар Ат қою (ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған. Айдар (ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қоады. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады. Кекіл (ғұрып). Жас балардың шашын ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды.
3 - оқушы:
Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени - тұрмыстық, кәсіптік, салт - сана, әдет - ғұрып, мінез - құлық, тәлім - тәрбие және рухани іс - әрекеттер көрінісі.
Базарлық (дәстүр)- алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына әкелген сыйлығы.
Байғазы (дәстүр)- балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сый.
Тілашар (дәстүр)- баласы жеті жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп, оқу - жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «Тілашар» тойы деп атайды.
Жеті ата (дәстүр)- халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген.
Асату (дәстүр)- ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.

2 - жүргізуші: Бүгінгі кешіміз қызықты өтуі үшін келесі кезекті танымдық ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез - келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен.?
«10» саны
- Он ата шежіресін таратып беріңіз.(әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жұмағат)
«3» саны
- Үш арсыз (ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз)
- Үш биді атаңыз (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
- Үш жүзді атаңдар (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)

«4» саны

- Төрт түліктің пірін атаңыз (түйе пірі - Ойсыл қара, жылқы пірі - Қамбар ата, сиыр пірі - Зеңгі баба, қой пірі - Шопан ата, ешкі пірі - Шекшек ата)

«5» саны
- Бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

«6» саны
- Алты алаш деген кімдер?
(Алаш ханның балалары: Қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, Өзбек, Түркімен, Жайылхан)
«7» саны

- Жеті қазынаны атаңыз.(ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)
1 - жүргізуші:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойда,
Керемет рәсім жасайық.

(Көрініс)

« Ата-әже  мен немерелері»

(Ата-әже  ұршықпен  жіп иіріп отырады )

Немересі: (даладан жүгіріп келеді)

-Әже, әже, не істеп отырсыз?

-Е, балам, мынау ұршық  деген болады. Жіп иіріп отырмын, саған шұлық  тоқимын. Аязды  күндер алдымызда ғой.

Ата: , Сүйінші деген не?

-Ата, ата мен айтайыншы.

-Сүйінші  қазақ халқының  жақсы дәстүрлерінің бірі. Қуанышты хабар  болғанда, туған-туыс, дос-жаран  бір-бірінен  сүйінші  сұрап, мәз-мейрам болып жатады.

-Әжетай, тұсау кесу деген қандай ырым?

Әдетте  балаға  12-14 ай болғанда  қаз тұрып, жүре бастайды. Осы кезде қарт әжелер мен қыз-келіншектер жиналып, той жасап, пысық, елгезек, еңбексүйгіш бір келіншекке тұсауын кестіреді

 

Ата-бабаларымыз  бұл ырымға  қатты көңіл бөлген. Өйткені, баланың болашақтағы жолы, аяқ басуы нық  осы тұсау кесуге байланысты деп түсінген. Бұл жақсы ырым. Абай  атамыз айтқан екен: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кіреді денең» деп. Айтқандай, сәби дүние  есігін ашқанда  «бесік той», шілдехана, қырқынан шығару қадамдары болса, тұсау кесу өмірге аттанар алдында алғашқы қадам.

 

-Әже сонда баланың тұсауын қалай кеседі?

-Әже, әже мен айтайыншы.

Баланың тұсауын  малдың тоқ  ішегімен  кессе, бала келешекте бай болады деп түсінген. Ал ала жіппен кесу , болашақта  адал болып өссін деген мақсатта.

 

Тұсау кесу рәсімі

Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадамына қарайық,

Басқаныңды санайық.

Жолын болсын  деселік,

Жолына нұр төселік,

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын  қадамың.

 (балаға анасы шашу шашады, тәтті дәмдісін ұсынады)

(Аружан домбыра тартады)

1-жүргізуші:

Құдыретіңнен  айналдым  ата  салтым,

Ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастырған  халқым,

Орындалып  әрқашан  салт-дәстүрім,

Қазағымның  дүркіреп атсың даңқы.

2-жүргізуші:

Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты-заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін еске салып,ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі сайысымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып,саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұлан болашақта халқын да сүйетін,еліне адал қызмет ететін, тілінің, салтының жанашыры болатындығына сенімдемін.
Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда, құрметті оқушылар деген қанатты сөздермен бүгінгі сайысымызды аяқтағалы отырмын.
Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.02.2018
3683
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі