2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / тәрбие сағаты "Салт-дәстүрім-қазынам"

тәрбие сағаты "Салт-дәстүрім-қазынам"

Материал туралы қысқаша түсінік
әр оқушы өз салт-дәстүрін білу қажет
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: Қазақ халқының салт- дәстүрлері

Мақсатым:1)оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру,баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру,халық өнегесін үйрету;

2)ата-анамен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.

Көрнекілігі:суреттер,ұлағатты сөздер жазылған плакаттар,ұлттық бұйым көрмелері.

Барысы:

Ата салтым –асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгінменен жалғадым.

Жиналыппыз,сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз,кәріміз де.

Төрлетіңіз,қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төріміз.

 

1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.

3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.

1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.

 

1)Тыштырма(дәстүр)Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.

2) Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

3) Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.

4)Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп атайды.

Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке ,бұл тойда

Керемет рәсім жасайық! –деп ортада Искаковтар отбасы «Бесікке салу» дәстүрін корсетуде.


Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төселік.

Жарылқасын алдыңнан,

Тұсауыңды кеселік,

Кірмеуіңді шешелік,- «Тұсау кесу» дәстүрін Болатовтар отбасы көрсетеді.

Ахметжан Ш. өз өнерін корсетпекші.


Мына  сөздерден макал құрастыру керек.

  1. Ұяда… ұшқанда …

(Үяда не көрсең, үшқанда соны ілерсің)

  1. Ата… бала…

(Ата — бәйтерек, бала жапырақ)

  1. Ер … қорқақ

(Ер бір өледі, қорқақ мың өледі)

  1. Өле… бөле…

(Өле жегенше бөле же)

5.Мал… жер…

(Мал баққандікі, жер жыртқандікі)

6.Сүйіндіреді… күйіндіреді…

(Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді)

7.Мектеп… білім…

(Мектеп — кеме, білім — теңіз)


Туған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.- «Сүндетке отырғызу» дәстүрін Кожназаровтар отбасы корсетеді.



Ырымды білеміз бе?

Нанның қоқымын жесең – бай боласың.

Бөбек алақанын шапалақтаса –қонақ келеді.

 Дастарқаны жалаң қолмен сүртпе – дастарханың жұтайды.

Кірдің суын баспа – ауруға шалдығасың.

* Қазақтар шашты жерге тастамайды – бас ауырады деп ырымдайды.

* Шашты далаға тастамайды, жерге көмеді. Себебі оны құс ұясына салса, иесі дертке шалдығады деп түсінеді.

* Тырнақ өсірмейді – астына шайтан ұялайды дейді.

* Ас бөлмесінде тырнақ алмайды. Тамаққа түссе – адам жазылмайтын ауруға

шалдығады деп түсінеді.

* Нанды баспайды. Нанды басқанды құдай атады, қарғысқа ұшырайды деп ұғады.

* Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.

* Бесіктің бас жағына пышақ, қайрақ, қамшы немесе үкінің тұяғын қояды. Мұндайда шайтан, жылан, жәндік, тышқан келмейді деп жорыған.


Бауырласқан тәніміз,

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүр мен салтымыз- «Құлақ тесу» салтын Капезовтар отбасы корсетеді.


Болат А қамшы өру өнерімен таныстырады.


Қазақтың дәстүрлерін білесің бе?

Білгеніңді ойға тоқып жүресің бе?

Білсең тыңдап алғын бүгін бізден,

Содан соң шын мәнінде істеп үйрен.Кетер аяқ» дәстүрін Барлыбаевтар отбасы корсетеді.


«Құмалақ ашу» дәстүрін корсетеді Шахнияздың әжесі.


Ата-бабаң ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты .Үйлену тойы» және «Құйрық бауыр» дәстүрін Шокеновтар мен Шиховтар отбасы корсетеді.


Аә енді тойда әртүрлі ойындар ойналған. Сол ойындарды Магубаевтар мен Искаковтар отбасы көрсетеді.


«Шешендік сөз» сұрақ - жауап

  1. Ұлттық бас киімді ата? ( сәукеле, тақия, бөрік)

  2. Табиғи жүнді неден алады? ( қой, ешкі)

  3. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)

  4. Малдың сүтінен алынып ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам (құрт)

  5. Шілдехана тойы қай кезде тойланады? (кішкене нәресте дүниеге келгенде)

  6. Көрімдік сұрау дегеніміз не? ( бұрын көрмеген адамды біреуге көрсеткен кезде)

  7. Қойдың басы қандай қонақтарға беріледі?(үлкен,жасы келген қарияларға)

  8. Тұсау кесерді қалай түсінесің? ( жаңа тәй –тәй басқан баланың тұсауын кесу)

  9. Наурыз көже қай мезгілде дайындалады? ( наурызда)

  10. Наурыз көжеге неше түрлі тағам салынады ( 7 түрлі)

  11. Түйе сүтінен не алынады? ( шұбат)

  12. Қазақтың ұлттық тағамы? (ет)

  13. Жармадан қандай тағам түрлері жасалады? ( жент)

  14. Ауруға ем, сауға қуат беретін қандай сусын? ( қымыз)

  15. Оңынан да, солынан да оқысаң өзгерісі жоқ ұлттың атауы? (қазақ)

«Жаңбырменен жер көгереді,

Батаменен ер көгереді» /Бата беру/

Тума бауы берік болсын,

Сұлу күндей көрік болсын.

Әкесі мен анасына

Тек жақсылық беріп болсын.

Арманға биік шыға берсін,

Көп сөздерге сынап ерсін.

Өз елінің ұлы болып

Ата салтын ұға берсін.

Дені сау болсын, ауырмасын,

Жарқын жүріп қауым барсын.

«Қазақ ұлы» деген аттан

Өмір бойы айырмасын.

Әумин!

Қорытынды



27 Тамыз 2019
5063
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі