Тәрбие сағаты "Шаңырақ жарастығы" 7 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Шаңырақ жарастығы" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін өзі тану
Материалдың қысқаша нұсқасы


БЕКІТЕМІН

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_______ Бекназарова К.С.















Shape1









Пән мұғалімі: Медеуова Б.С.












Астана қаласы

2015-2016 оқу жылы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: №24 Мерзімі: 17.11.2015 ж. Мұғалім: Медеуова Б.С.

Сынып: 3 «Ә» Оқушылар саны: 26 Тақырып: «Шаңырақ жарастығы»

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: 1.Риясыз кеңпейілділік 2. Отбасы алдындағы парыз 3. Ризашылық


Сабақ мақсаты:

Дұрыс әрекет арқылы шаңырақ жарастығы мен сыйластығы туралы түсініктерін тереңдету.

Міндеттері:

  • Риясыз кеңпейілділік көрсете білуге түсіндіру

  • Отбасы алдындағы парыз туралы түсініктерін дамыту

  • Отбасында өзара қарым-қатынасын ризашылықпен орындауға тәрбиелеу

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

(проектор, видеоролик, Бетховен "Періштелер әуені").

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оңтайлы күйге келтіру сәті.

Табиғат дыбыстары.

-Сіздерден аяқ-қолдарыңызды айқастырмай, түзу отыруларыңызды өтінемін. Арқаларыңызды тік ұстап, терең тыныс алып, көздеріңізді жұмыңыздар.

Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екеніңізді елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз. Күннің көзі жер бетін қыздыруда. Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. Сіз өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз ... Қоршаған айналаның тыныштығына көңіл бөліңіз...Ал, енді сыныпқа оралайық. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.  

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Мен қазақ баласымын . Ермек Өтетілеуов (48-бет)

-     Бір шаңырақта тұратын адамдар арасында қандай сыйластық болады?

 -    Өз отбасыңның сыйластығы туралы не айтар едің?

Дәйексөз:     «Шаңырақ сәні – сыйластық»

Халық даналығы

  • Сән сөзінің мағынасы қандай?

  • Сыйластық дегенді қалай түсінесіңдер?

       3.   Әңгімелесу:

Сүйіспеншілік Әбдірахман Асылбеков

(48-49 бет)

Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп, тұрынқырап қалады да, бір ниетімен үйне шақырады. Сонда қариялардың біреуі: «Біз шақырған жерге үшеуміз бірге бармаймыз»,- дейді. – Оң жақтағы досым – Байлық, сол жақтағым болса – Сәттілік. Менің атым Сүйіспеншілік. Өзін, жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды:

  • Қазыр үйіңізге барып, үй иесімен ақылдасыңыз.

Үшеуіміздің біреуімізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар. Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар, - деді.

... Әйел Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда,

қатты қуанған ол: «Қандай жақсы, қандай жақсы»- деп қайталай берді. – Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе? Біз «Байлықты шақырайық, үйіміз бірден молшылыққа кенелсін». Үй иесіне көңілі толмаған әйелі: «Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?» – депті. Екеуі ортақтасып, мынадай шешімге келеді: «Негізінде, ең асылы, «Сүйіспеншілік» қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз».

Есікті ашқан әйел үш ақсақалға: «Қайсыңыз

Сүйіспеншіліксіз? Төрлетіңіз. Сізді шақыруды ұйғардық»,- деді. Сүіспеншілік орнынан тұрды да, үйге беттеді. Жолдастары да орныдарынан тұрып, оның артынан үйге қарай жүрді. Аң-таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуіміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер...» - деді.Қариялар:

  • «Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті

шақырсаңыз, басқа екеуміз далада отырар едік. Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар. Сол үшін үшеуміз бірге баруымыз керек», -дейді.

  • «Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз Байлық

пен Сәттілік қашанда қасындамыз».

4. Сұрақтар:

1. Әйелдің есіктің алдындағы бейтаныс қарияларды үйіне қонаққа шақыруын қалай түсіндіңдер?

2. Қариялар неліктен үйіне кімді шақыру керектігін үй иесімен ақылдасуды тапсырды?

3. Үй иелері неліктен сүйіспеншілікті таңдады?

4. «Сүйіпеншіліктің жүрген жерінде біз-Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз» деген жауапты қалай түсіндіңдер?

5. Баланың ата -анаға деген парызын қалай түсінесің?












































































5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

 «Мерекелік кесте» - жасау 
- Балалар, әр күнді (үйдегі, сыныптағы, мектептегі) ұмытылмас мереке етіп өткізуге болады. Қалай дейсіңдер ғой? Ол үшін мынадай мерекелік кесте жасап алу қажет деп ойлаймын. 
Күн атауы Мерекелік іс - шаралар 
Дүйсенбі 
Сейсенбі 
Сәрсенбі 
Бейсенбі 
Жұма 
Сенбі 
Жексенбі 
- Тапсырманы орындап болған соң, әр топ талдау жасайды. 

6. Топпен ән айту

"Бала тілегі" әні

Әні: Ф.Жолдасова

Сөзі: С.Молдасанұлы

1. Бал балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлдесін деп атамекен қара орман.

Қайырмасы:

Ла ла ла ла ла ла

Ла ла ла ла ла ла

2. Нұрлы шақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түлегіміз, нәріміз.

Алтын бесік ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қайырмасы:

3. Қалықтаған көгершінім көгімде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Атамекен батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным,тірегімсің менің де.

Қайырмасы:


7.Үй тапсырмасы:

Көмек . Ертай Ашықбаев (50-бет)



8.Сабақтың қорытынды сәті:

Мен сендердің шаңырақтарыңа шын жүрегімнен бақыт тілеймін. Отбасы алдындағы парыздарыңды дұрыстап өтеп, отбасымызды ризашылыққа бөлейік. Ал енді балалар, бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар!


9. Соңғы тыныштық сәті

Бетховеннің “Елизаға” әуені










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.12.2017
922
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі