Сабақтың тақырыбы: «Шаңырақ
шуағы»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз отбасына
деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата - аналарын қадірлеп, сыйлай
білуге тәрбиелеу. Оқушылардың өз ортасына, отбасына деген
мейірімділік сезімін ояту. Олардың ой – өрісіндамыту.Ата - ана мен
бала арасындағы ынтымақтықты нығайту, татулыққа, бірлікке
шақыру.
1-жүргізуші:
-Балалар жұмбақ шешіп көрейікші
Онда әкем - анам тұрады
Ата - әже бауырым
Бәрі бірге қосылып
Бір ұғымды құрады
(Отбасы)
- Дұрыс балалар жұмбақтың шешуі (Отбасы)
- Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз отбасы жайлы болмақ.
Анаң - күнің жүрегің
Әкең - өмір тірегің
Әжең - асыл ардағың
Атаң - дана қорғаның
Ағаң - қамқор асқарың
Інің - мөлдір аспаның - демекші
- Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар 4 Ғ сыныбында өткелі
отырған «Шаңырақ шуағым» атты ашық тәрбие сағатымызға қош -
келдіңіздер!
2 - жүргізуші
Самад: Жылжи берші кезім емес жасқанар
Бөгей алмас білім атты тас қамал
Отанның аяулысы боларсың
Отан деген отбасынан басталар.
1 - жүргізуші
Нұрай: Ата - ана асқар тау алдымдағы
Әрқашан асқақтайсың алдымда әлі
Өзің берген өнеге тәрбиеңмен
Бақыттымыз жанұя бауырындағы.
2 - жүргізуші:
Мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен
сабырлылық сияқты асыл қасиеттерді бойына жинаған ардақты әкелер
мен аяулы аналар өмірдегі жақсылық атауы сіздердің есімдеріңізбен
байланысты. Сіздер әр шаңырақтың шаттығы мен
шуағысыздар.
1 - жүргізуші:
Сіздердің шыдамдылықтарыңызбен,
қамқорлықтарыңызға біз барынша тәнтіміз. Өйткені біздің өмірдегі
тазалық, ізгілік пен сенімділіктің бәрі де өздеріңізге
байланысты.
Әке, шеше, ұл, қыз – бәрі қосылып отбасын құрайды.
Алдымен сүй ардақты ата - анаңды
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады
Бер
жақсылық балаға бұл ғаламда
Ата - анаңның мейірімінен тарайды
-Келесі кезекті тақпақтарға
береміз
Бексұлтан
Ата
- ана отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ
отбасында ата - ананың қадірі ерекше әспеттеген. Әсіресе
тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірім кәусар
бұлағы - Ана есіміне ананы ардақтамайтын халықта жоқ. Ана баланы
тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап
өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана.
Бекзада:Әке асқар тауым!
Әке асқар тау, ана қайнар бұлақ, бала жағасындағы құрақ дегендей
«Әке» деген сөз қандай жақын, қандай ыстық десеңші. Өмірде әкесін
жек көретін бала жоқ шығар, өйткені бала үшін әкенің орны бөлек
қой. Менің өмірдегі ең қымбат адамым сіз, менің сүйікті әкешім.
Сізсіз әке - ең ақылды, ең сыршыл
Сізсіз әке - ең жақыным, ең шыншыл
Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің
Жанымдасың қамқорымсың білемін
Қабыл алғын бала жүрек тілегін
Гүлхадиша
Әр
адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды
көреді. Ол - Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай
бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Ана – бұл
жел жағымызға пана, біріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде
сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар
жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының
өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің
жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын
тілейді.
Алина
Дүниедегі ең сұлу қазақ әйелі. Қазақ әйелі – бар
мұратын отбасының игілігіне байлаған әдемі ізгі адам. Қазақ әйелі –
бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірімді ана,
ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы. Бізге қажымас қайрат беретін әйел
анаға мың алғыс. Аристотель, Фирдоуси, Жәнібек пен Абылай, Абай,
Шоқан, Махамбет пен Исатай, Мағжан, Мұқағали сол әйелдердің ұрпағы,
бәрі ананың ақ сүтінен жаралған. Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа,
Ақжүніс пен Назым, тарихтағы Домалақ ана, Айша бибі, Абайды туған
Ұлжан ана, ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай, ел қорғаған
Гаухар ана – бәрі бір ғана атқа ие, ол «Ана». Ендеше сол аналарды,
мадақтап жүрейік.
1 – жүргізуші Көрініс:
«Қарт пен бала»
Дилназ
Отбасы - шағын қоғам дегенге
толықтай келісемін. Бала - ата - ананың ұрпағы, өмірдің жалғасы,
қуанышы, үлкен үміті. Барлық бала ата - анасынан тек жақсылық
жасауды үйрене отырып. отбасының діңгегінің мықты болуына үлес
қосады, өз болашағын сақтап қалады.
Көрініс:Қарт пен бала
Аяна
Отбасындағы қыз баланың
міндеттері:
- Анаңа көмектес.
- Бажылдап, айғайлап сөйлеме.
- Бейуақытта ұйықтама.
- Қонақ күтуді үйрен.
- Үйдің тазалығына көңіл бөл.
- Үйді таза ұста.
- Тамақ жасап үйрен.
- Қолөнерді үйрен.
- Таза сөйлей біл.
- Төсектен тұрған соң, төсекті жина.
- Тамақ ішкен соң, ыдысты ертеңге қалдырмай жу.
- Ешнәрсені айтқызбай, өзің біліп істе.
- Барынша сыпайы, инабатты бол
- Айтылған тапсырманы уақытында орында.
- Анаңмен, жеңгеңмен сырлас.
- Бөтен адамға сыр айтпа.
Сабина
Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан
басталады. Ал отбасы бақыты деген не? Ол адам бойына сырттан келіп
сіңетін немесе аспаннан құйылып денесіне енетін нәрсе емес, оның да
көптеп шығатын тұрағы бар. Адам баласының бақыты оның үзіліссіз
тәлімі мен тәрбиесінен қалыптасатын жарқын да адал мінездеріне
байланысты. Яғни, отбасының бақыты, діңгегінің мықты болуы ата –
аналардың, сол отбасы мүшелерінің өз қолында деуімізге
болады.
1 жүргізуші:
1)Тәрбие - баламен сөйлесумен, әңгімелесумен,
оған ақыл - кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие - тұрмысты
ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге
көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның
мақсат - міндеттерімен байланыста болуы керек*
Бала тәрбиесіндегі қағидалар
1-жүргізуші:Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір -
қасиетін, ар - намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым -
қатынас жасаған абзал.
2-жүргізуші: Әдепсіз сөз, дөрекі айқай - тәрбиедегі ең жаман
әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе оған қарай жауап
береді.
1-жүргізуші: Егер өзің баланы сыйламай тұрып өзіңе ілтипат,
құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.
2- жүргізуші: Баланың айтайын деген өтініші, ақылдасқысы келген
мәселен ата - анасы тыңдап, ақыл - кеңес беруі
керек.
1- жүргізуші:Ата - ана отбасындағы үлкендерді сыйлап
құрметтесе кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға
ұмтылады.
Хор: «Ана мен әке»
2 жүргізуші – Жақсы отбасында жазалау
деген атымен болмайды және бұл - отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы
деп ұлы педагог А. С. Макаренко айтқандай балаларға түсіністікпен
қарап, балалықпен жасаған қылықтарын дер кезінде ескертіп,
қорытынды шығарып отыру керек.
Көрініс: «Анаға
хат»
1 -жүргізуші: Балаларды орынсыз еркелету.
2 -жүргізуші: Не істесең оны істе маған бәрі бір деп айту.
1-жүргізуші: Аса қаталдық яғни Мен не айтсам соны орындауың керек,
өйткені мен сенің ата – ана-анамын деп айту.
2-жүргізуші: Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы
көрмеймін деп айту.
1-жүргізуші: Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ деп айту.
2-жүргізуші: Балаңызды баршылыққа баулымау.
1-жүргізуші: Балаңыздың ісіне, көңіл – күйіңізге қарап баға беру,
яғни көңіл – күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау,
әңгімесіне құлақ аспау т, с, с,
Тек түсіріп алмаңдар – дегендей, отбасының бірлігі мен берекеті
ұрпақ тәрбиесінде өте қажет. Бұл - өте қымбат ұлттық
құндылық.
Келесі кезекте отбасы
туралы мақал - мәтелдер мен қанатты сөздерге
береміз.
1.
Отан - отбасынан басталады.
2. Ата - ана отбасының бастапқы дәнекері, ең бастапқы алтын
діңгегі.
3. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп жеңге
болмас.
4. Отбасы – алтын ұяң.
5. Ата - анаңа не істесең, алдыңа сол келер.
6. Ана үйдегі бақ, әке отырған тақ.
7. Отбасы адамзатқа тәлім - тәрбие, үлгі өнеге беретін тәрбие
ошағы.
8. Адам баласының ажары да, бақыты да – Отбасы
9. Әр отбасы мемлекеттің іргетасы.
10. Отбасы тәрбие бастауы.
11. Ата - ана – отбасының басты алтын діңгегі, бастапқы
дәнекері.
12. Ата - ана тіршіліктің қайнар, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің
кәусар бұлағы.
13. Әр ата - ана өз баласының сүйікті досы, жақыны, жанашыры
мақтанышы.
1-жүргізуші:
Оң қанатым - әкем
Сол қанатым - анашым
Қос қанатың болғанда
Табар өмір жарасым.
Қарап тұрып шекені
Шымшылады сан күдік.
Қанатымның екеуі
Сау болса екен мәңгілік
2-жүргізуші:
Ана - жарық сыйлаған жан
екенсің
Әке - шуақ шашатын таң екенсің
Ана - өмір, әке - бақыт, ана - жүрек
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің - дей келе Құрметті ұстаздар, ата
- аналар, оқушылар бүгінгі «Шаңырақ шуағым», отбасындағы
ынтымақтастың, бірлік пен берекенің тығыз болуы мақсатында
ұйымдастырылып отырған тәрбие сағатымыз осымен
аяқталды.