Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Тәрбие сағаты Шоқтығы биік ұлы тұлға 9 сынып
Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ барысында қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан - жақты ақпараттар берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
09 Маусым 2018
2408
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағаты Сабақтың тақырыбы : Шоқтығы биік ұлы тұлғаСабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: Д. А. Қонаевтың суреттері, бүктеме, кітаптар көрмесіСабақтың барысы : І. Ұйымдастыру кезеңіОқушыларды түгендеп сабаққа назарларын аударуІІ. Жаңа сабақ Біз әр жылы жаңа жылдың алғашқы күндерінің бірі 12 қаңтар күні Димаш атамызды еске аламыз, себебі бұл күн ол кісінің дүниеге келген күні, яғни бұл күн бәріміздің биік парасат, асыл адамгершілік, халқына деген қамқорлықтың үлгісін таныта білген ұлы адамды сағына еске алатын күніміз. Ендеше балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз Димаш атамыздың туылған күнінің құрметіне арналады. Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл - парасатымен дараланған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Бабалар әруағына шынайы берілген, халқына сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шыныдай мөлдір, аса білікті адам. Егемендікті алғанда халқының алдында балаша қуанып шығып, адал ойын білдірген «Ту жығылмасын, Туды ұстаған ұл жығылмасын»- деп тәңіріне сыйынып халықпен бірге қуанып, келешекке сенген. «Болашақ жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды»- деген ойын ашып айтты. «Таулар алыстаған сайын асқақтай береді»- деген сөз бар. Ел мен жұртына қадір - қасиетімен танылған адамдар да сондай. Айлар алмасып, жылдар көшіп жылжыған сайын олардың даналығы мен даралығы ерекшелене түседі. Елі сағынады, халқы қадір - қасиетін, адамгершілігі мен асыл бейнесін асқақтатады. Олай болса балалар өздеріңді 3 топқа бөліп 3 тақырып бойынша ізденіп, қорғап шығуларыңды тапсырған болатынмын. Яғни бүгінгі сабақтың барысында мына тақырыптар бойынша әңгіме өрбітеміз. «Мұрагер» тобы «Өмірі оның өнеге» «Мирас» тобы «Халықтың кеңпейіл перзенті»«Жас талап» тобы «Ардақ тұтам өзіңді»Қорытынды. Мәңгі есте есімің «Мұрагер» тобы – сөз өздеріңде Махамбет : Д.А. Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласының Сарқант көшесінде дүниеге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы оқымаған кісі болды,бірақ еті ширақтығы, көргенін көкейге түйе білгендігімен ел қатарлы өмір сүрді. Өз бетімен білімін жетілдіріп жүретіндігі соншалық екі тілде бірдей қазақша-орысша сауатты жаза да оқи да білетін. Абайдың өлеңдерін, Сүйінбайдың жырларын жатқа білген, өзі де бірдеңелерді жазып жүрген.Анасы, Зәуре Байрқызы сіңірі шыққан кедей қызы болған, үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан. Айдын : Д. А. Қонаев №19 мектептің І сатысында 4-ші сыныпқа дейін оқыды, одан кейін №14 мектепке ауысты. Ол мектепте алғыр болды. Ол мектеп қабырғасында жүріп-ақ тау-кен инженері болғысы келді. Мектеп бітірген соң республика жоспарлау органында статист болып істеді, кешкілік дайындық курсында оқыды. 1931 жылы Мәскеудің түсті металдар институтына оқуға түсті.Әбілсейіт : 1936 жылы институтты үздік бітірген ол, Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат кенішінде еңбек жолын бастады. Ғылыми жұмысты қатар ала жүріп, кеніштің бас инженері, басқарма директоры қызметтерін атқарды. 1948 жылы техника ғылымдарының кандидаты атанды.Ернар: Димаш атамыздың арқасында бас қаламыз Алматының көркеюі, әсем де зәулім ғимараттардың бой түзеуінің өзі қаншалықты еңбек ?! Үлкен Алматы Каналы, Республика Сарайы, 25 қабатты «Қазақстан » мейманханасы, М. Әуезов атындағы академиялық драма театры, М. Лермонтов атындағы орыс драма театры, Қазақ циркі, Жастардың неке сарайы, Ұлттық кітапхана, «Арман» кинотеатры, АХБК мәдениет сарайы, Достық даңғылындағы көп қабатты үйлер, көкбазар кешені, тоғыз қабатты Баспасөз Үйі, «Арасан» моншасы,көркемсурет колледжі, І және ІІ Алматы теміржол вокзалдары, аэровокзал т. б. салынды.Ол басшылық еткен жылдары республикамыздың өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, мәдениеті мен руханияты қарышты қадаммен дамып, еліміз аграрлы елден аграрлық-индустриялық елге, мәдениеті мен өнері, білімі мен ғылымы шарықтап өскен алдыңғы қатарлы республикаға айналды. Ол кісінің тұсында елімізде 43 өндірісті қала салынып, жер асты байлықтарын жаппай игеруге қол жетті. Астық өндіру 3 миллионнан 7 миллион тоннаға, қой саны 16 миллионнан 37 миллионға, ірі қара 4 миллионнан 10 миллионға өсті. Дінмұхамед Ахметұлының өз сөзімен айтқанда, ол елді басқарған 30 жыл ішінде бір Қазақстанды 7 Қазақстан етіп өсірді. Дулат : Д. А. Қонаев атамыздың халқы үшін атқарған еңбегін түгелдей дерлік айтып жеткізу мүмкін емес. Ол кісінің Өзбекстаннан 3 ауданды қайтарып алуы, Отанымызға миллиард пұт астық беруінің өзі қандай ерлік десеңші.Айдын: Д. А. Қонаев жүзден аса ғылыми еңбектердің авторы. 1968 жылдан ғылым докторы. Д. А. Қонаев 25 жылдан астам Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің І-ші хатшысы, 7 жыл Республика Министрлер Кеңесінің төрағасы, орынбасары, 3 жыл ғылым Академиясының президенті қызметтерін атқарды. 15 жыл СОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі болды. 1972, 1979, 1982 жылдары Д. А. Қонаевқа « Социалистік Еңбек Ері» атағы берілді. Партия мен Үкімет делегацияларын басқарып 17 шетелге сапар шекті. 1986 жылы 16 желтоқсанда құрметті еңбек демалысына шықты.Махамбет : Д. А. Қонаев 1993 жылы 22 тамызда 82 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Кісінің ғұмыры азды-көпті жасаған жылымен емес, ұрпаққа қалдырып кеткен жақсы ісімен өлшенбекші. Біз Димаш атамыздың өмір жолына қысқаша шолу жасай отырып, мына бір өлең жолымен тұжырымдамақшымыз. Өмір сүрген өзі емес, халқы үшінКөп көсемнің ішінде ол-жалқы шың ! Бар қазақтың әкесіндей көрнекті Нар қазақтың пейіште нұры шалқысын!Қазақ халқының ұлттық өзгешеліктері мен қасиеттері өте көп. Олар ең алдымен әдептілік, инабаттылық, адалдық, ақниеттілік, сый мен сымбат, сыпайылық т.б. мәдениеттіліктің белгілері, адамгершіліктің нышаны.Осындай ізгі қасиеттердің бәрі де Дінмұхамед Қонаев атамыздың бойынан табылады. Ендеше «Мирас» тобы өздерің кімдердің естеліктерін оқыдыңдар, Димаш аталарың қандай кісі болған екен ?Әсел: Роза Қонаева: Екеуі бірін-бірі жақсы көрді.Бақдәулет: Әзімхан Сқақов Ұмытылмас сәттерЖалғас: Д. А. Қонаевтың асыл қасиеттеріСалтанат: Амангелді Карентаев Аласармайтын биік тұлға Әсел : Қорыта келгенде Д. А. Қонаев қандай адам болған деген сұраққа біз былай деп жауап береміз.
мәдениетті сабырлы қарапайым еңбекқор Д. А. Қонаев тапқыр кішіпейіл балажан ақылды қамқоршы білімді«Жас талап» тобыЖанболат : Тектілікті кім де болса бағалар Тексіздерді ит те, құс та табалар Ұлы ұрпағым ұмытпаған екен деп Орнынан бір аунап түсті-ау бабалар- деп жерлес ақын ағамыз Нарша Қашағанов жырлағандай, біз де бүгін Димаш атамызды еске алып, өзіміздің шығармашылық еңбегімізді сол кісіге арнаймыз.Жанболат Арнау Димаш атаАйнұр Фотоальбом Д. А. Қонаевтың отбасыӘлихан Бала Димаш алған бата, Дінмұхамед Қонаевтың өкінішіМейіржан Данадан қалған сара сөз Д. А. Қонаевтың нақыл сөздерінен топтамаАбылай : Дара да, дана тұлға Қорытынды. Мәңгі есте есімің Баяғыда бір ақсақал қасына ерген балаға «анау адамдардың жерлеп жатқаны өлген адам ба екен жоқ әлде тірі адам ба екен , біліп келші» деп анадайдан көрінген моланың басында жер қазып жатқан адамдарға жұмсайды. Сол жетіп келген баланың сауалын естіген топтың ішіндегі есерлері сұрақты сөлекет көріп, баланы атынан жұлып алады. Сол кезде бір есті кісі: « Әй тоқтаңдар түге, бұл сұрақтың мәнісін осы баланы жұмсаған шалдың өзінен сұрайық», -деп алыстап кеткен шалды шақыртып алып, жөн сұрайды. Сөйтсе ақылды жолаушының «өлген кісі» дегені- артында жоқтаушысы жоқ, біреуге жарытып жақсылық та жасай алмаған тұлдыр жетім адам екен де, «тірі кісі» дегені- соңында жоқтаушысы, іздеушісі бар, үлкен-кішіге ылғи жақсылығы мен шарапаты тиген азамат екен. Сондай азаматтардың бірі – Д. А. Қонаев. Бұл кісінің дүниеден озғанына 25 жыл болды. Халқын шын сүйген елжанды азаматты –артындағы іздеуші –халқы оның атын ардақтаудан танған жоқ.
- Яғни ол кісінің есімін мәңгі есте қалдыру үшін не істелінді ?
- Д. А. Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдырудың мәні неде ?
- Сендер Д. А. Қонаев атындағы мектептің оқушыларысыңдар. Осындай атқа лайықпыз деп ойлайсыңдар ма ? Лайық болу үшін не істеу керек ?
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)