Материалдар / Тәрбие сағаты "Су-тіршілік көзі"

Тәрбие сағаты "Су-тіршілік көзі"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
7631
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Су-тіршілік көзіСабақтың мақсаты:
  • Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы,судың сұйық,қатты,бу түрінде болатынын түсіндіру,тәжірбие жасау арқылы,еритін,ерімейтін заттар бар екенін білгізту.;
  • Балалардың сөздік қорларын молайту,қызығушылықтарын арттыру;
  • Суды таза сақтауға,үнемдеуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,көрсету,түсіндіруСабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі:-Балалар,кәне сабағымызды басталмас бұрын денемізді тік ұстап,түзу отырайық.Келген қонақтармен амандасамыз:Балалар: Табиғат-біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз.-Балалар сендер қандай балаларсыңдар,тазалықты қалай сақтайсыңдар?Хормен: Ерте тұрып жуынған, Тазалықты қуынған. Судай мөлдір тазамыз, Суды сүйген баламыз.1-бала: Таңертең тісімізді тіс пастасымен жуамыз.2-бала;Бетімізді,қолымызды сабындап жуамыз.3-бала: Аптасына бір рет суда шомыламыз.(тіс щеткасы,тіс пастасы,сабын,шомылудың суреттерін көрсету)-Олай болса жұмбақ шешейік: Жылт-жылт еткен, Жылғадан өткен (су)-Жарайсыңдар,дұрыс айтасыңдар.-Ендеше біздің бүгінгі өтетін тақырыбымздың аты: «Су-тіршілік көзі» деп аталады.Су-тіршілік нәрі.Су бар жерде тіршілік бар.Адам сусыз өмір сүре алмайды.Күніне 4-5 литр су ішеміз.Су күнделікті тұрмыста,егістікте,өндірісте пайдалануға қажет.Жазда бау-бақшамызды (табиғат,гүлдің суретін көрсету) сумен өсіреміз,үйдегі гүлдер өсу үшін де су қажет.Су құймасақ қурап қалады.Ыдыс-аяқ (ыдыс-аяқтың суретін көрсету), киімдермізді де сумен жуамыз.Тамақ пісіру үшін де су керек.Жер бетінде судың екі түрі бар.Ащы су,тщы су су.Үлкен-үлкен теңіз,мұхит сулары ащы болады.Ал біздің ішетін суымыздың тұщы болғаны жақсы.Су-біздің баға жетпес байлығымыз.Оған қамқорлықпен қарауымыз қажет.Суды ластауға болмайды.Оны үнемдеп жұмсауымыз қажет. «Судың да сұрауы бар,- « дейді атамыз қазақ.Тәжірбие жасау:-Балалар қараңдаршы екі ыдысты су мен сүтті салыстырайықшы.Сонда: су-түссіз,мөлдір,сұйыө,иіссіз,дәмсіз болады екен және де көлемсіз.-Суды қандай жерлерде кездестіресіңдер?-Өзен суы,құдық,жаңбыр суы,көлде.Судың үш түрі бар:Біріншісі-сұйық (стаканнан судың сұйық түрін көресту)-Ал мынау не? -Ол қайдан пайда болды?-Қатты суықта өзен сулары,шелектегі сулар мұз боп қатады,бұл судың-қатты күйі.-Ал шайнектегі су қатты қайнағанда,бетінен нелер шығады?-БуБұл да су,су буға айналып кетеді.-Өзен сулары қатты ыстықта буланып,бу болып аспанға ұшып,ол бұлттанып,жерге жаңбыр болып жауады.-Енді суда қандай заттар еритін,қандай заттар ерімейтінін көрейік.Ойын: «Сөз ойл,тез ойла» Су сөзінің бірінші әрпін өзгертіп,тездетіп басқа сөздер ойлап айту керек.Су,бу,ту,қу,шу,ну,гу,әу,ру,ду,зу,жу,ау

Мақал-мәтелмен жұмыс (жаттау) Су бар жерде ырыс бар

Таза болсаң,судай бол!

Судың да сұрауы бар.-Балалар,суда тіршілік ететін қандай жануарлар,жәндіктерді,құстарды білесіңдер?(балықтар,кит,..........)-Қараңдаршы,мына үлкен өзенге не жетіспей тұр?-Балықтар«Балық аулау» ойынын ойнайық.(балықтардың тапсырмасын орындай отырып,өзендегі балықтарды аулайды)-Бүгін біз не туралы айттық?-Су бізге не үшін керек екен?-Суды ысырап туге бола ма?-Сонымен су дегенміз не екен?-Балалар: Сылдырлайды мөлдір су, Мөлдір суға қолыңды жу. Жуынсаң сен әрдайым, Аппақ бетін маңдайың, Табиғаттың досы- Су деген осы.-Жарайсыңдар,балалар!Барлықтарыңа ризамын,рахмет сендерге.Сау болыңдар«Судай мөлдір,сүттей ақ» болуларыңа тілектеспін.

Қарағанды облысы,Жаңаарқа ауданы,Бидайық ауылы,Бидайық жалпы орта білім беретін мектебініңбастауыш сынып мұғалімі Садыкова Маржанкуль Калдыбаевна
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ