Материалдар / Тәрбие сағаты: "Табиғатты аяла"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: "Табиғатты аяла"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты: "Табиғатты аяла" Жалпы табиғат жайлы түсініктерін тексеру, жергілікті жердің табиғат сұлулығын сезінуге, сүюге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2021
492
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныптан тыс тәрбие сағаты: «Табиғатты аяла!»

Мақсаты:

  1. Оқушыларға қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсінік беру;

  2. Экология  мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру;

  3. Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілік сезім тәрбиелеу. Табиғат сұлулығын көре білу, эмоциялық әсер ала білуге тәрбиелеу.


Сыныптан тыс тәрбие сағатының құрылымы:
І. Ұйымдастыру
1. Тіршілік атаулыныңөмір өзегі–ауа
2. Тіршілік көзі –су
3. Өсімдік емшілері –құстар

а) викториналық сұрақтар

б) әлемдегі әдемі құстар
4. Табиғаттың сымбатты мүсіні –хайуаннаттар
5. Табиғат байлығы – өсімдіктер

а) әлемдегі әдемі ағаштар

б) туған жердің табиғаты
6. Сергіту сәті: «Мейірімділікті табиғаттан үйрен!»
7. «Жүректен жүрекке» бір-біріне тілек айту
8. Сабақты қорыту


Слайд №1

І. Ұйымдастыру.

Тәрбиеші: –Қайырлы күн, құрметті қонақтар мен ұстаздар және оқушылар!

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, мына сөзжұмбақты шешейік.


Слайд №2

Сөзжұмбақ шешу.

  1. Дәнді дақыл (төрт әріптен тұрады)

  2. Ағаштың мықтысы

  3. Балықтың түрі

  4. Қоршаған ортамен жеке организмнің қарым қатынасын, қызмет

атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым

  1. Балқаш көлінде кездесетін құс

  2. Қылқанжапырақты ағаш

  3. Ауа

  4. Балқаш қаласынан 60 км жерде, ұсақ шоқылы-белесті жазықта

орналасқан тау

  1. Аң патшасы

  2. Балқаш қаласына жақын жерде ескіден қалған тоғай

  3. Біржылдық гүл

  4. Көпжылдық гүл

  5. Тартылып қалған теңіз


Слайд №3



Слайд №4

2. Сөзжұмбақтың шешуі «Табиғатты аяла». Ондай болса, бүгін сендермен табиғат жайлы әңгімелесейік. Сонымен «Табиғатты аяла» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Кіріспе: Табиғат алтын бесік аялаған,Адамзатқа еш нәрсесін аямаған. Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті, қадірлі сөздер.


Слайд №5

Балалар, табиғат дегеніміз не? Табиғат нешеге бөлінеді? Сендер оны жақсы білесіңдер, қане қайталап өтейік.

  • Ауа, су, балық, аспан, ай, күн, жұлдыз, тау, тас, өзен, көл, аң, өсімдік, құс, адам – осылардың бәрі – табиғат деп аталады.

Табиғат екіге бөлінеді: өлі және тірі табиғат.

  • Өлі табиғатқа не жатады?

  • Тірі табиғатқа не жатады? (оқушылар жауабы)

Тәрбиеші: Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.Жер – Ананы сүйе білу, оны аялау –барша адамның азаматтық борышы.

«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деген сөздері көп жағдайды аңғартатыны анық. Ал,табиғатты қорғау дегеніміз не?

  • Табиғатты қорғау дегеніміз, ауаны ластамау, құстарды аялау, өзен-көлдің суын бүлдірмеу, жан-жануарларға қамқорлық жасау. (оқушылар жауабы)


Слайд №6

Тәрбиеші:

Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі -ауа.
Адам, жалпы алғанда табиғат ауасыз өмір сүруі мүмкін бе?

  • Мүмкін емес, адам бар-жоғы бір-екі минут қана дем алмай тұра алады.

Тәрбиеші: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес. Сондықтан дана халқымызда «Ауадай қажет» деген сөз бар. Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.


Слайд №7

Тәрбиеші: Ауа қалай ластанады?


Слайд №8,9

Оқушылар: Ластағыш заттардың негізгі көздері — өнеркәсіп, автокөліктер, жылу энергетикасы, мұнай, газ, көмір өндіру, өндеу орындары, космос және энергетика,  үй құрылыс комбинаты, асфальт зауыты, ауыр машина жасау

зауыты  т.б. өндіріс салалары.

Ауа адам өміріне, жануарлар мен өсімдіктер үшін маңызы өте зор. Қазіргі кезде ауаны ластайтын себептер көп. Адам әрекеттері ауаны ластайды. Көшелер мен машиналар жолдарынан көтерілген шаң ауаға тарайды. Көптеген адамдар темекі шегеді. Темекінің түтінінің құрамында денсаулыққы зиянды заттар бар. Ол ауа арқылы тарап, ауаны ластайды. Лас ауамен тыныс алу денсаулыққа зиян.


Слайд №10

Тәрбиеші: Орманды алқапқа кіргенде, бірден ауаның тазалығын сезінеміз. Бұл неліктен деп ойлайсыңдар? Өсімдік тыныс алу арқылы ауаны тазартады. Сондықтан да көбінесе демалысорындары орманды, ағаштары мол жерлерге орналасады.

Табиғатта аясында дем алғаннан кейін сендер нені ұмытпауларың керек?

  • Дем алған жерді тазалап, жинап кетуіміз керек.(оқушылар жауабы)

Қалай ауаны зиянды заттардан қорғаймыз?

Слайд №11,12,13,14,15

Оқушылар: Аулаға, көшеге ағаш отырғызу, гүл егу, көгалдандыру арқылы ауаны тазартуға көмектесуге болады. Көше шаңдарын басу үшін, арнаулы машиналар көшелерге су шашып, шаңды басып отыру керек. - Өсімдіктер ауаны қалай тазартады? - Өсімдіктер көмірқышқыл газын өзіне жұтып, оттегіні шығырады.

Тәрбиеші: бүкіл тіршілікке ауа керек екенін білеміз. Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?


Слайд №16

«Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен?
Оқушылар: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айнал-дыратын байлық көзі –су.
Адам өміріндегі судың маңызы туралы не айтасыңдар?


Слайд №17,18,19,20,21

Сусыз жер бетіндегі ешбір ағза тіршілік ете алмайды. Ол барлық жануарлар мен өсімдіктердің құрамына кіреді. Адам тамақ ішпей бір айдан астам уақыт өмір сүре алады, ал сусыз үш күн де тұра алмайды. Су егін егуге, өндіріске,

күнделікті тұрмысқа барған сайын көбірек керек болады.
Сусыз тіршілік жоқ, егер де адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады, адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді. Су адам бойында
қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді.


Слайд №22,23,24,25,26

Су, өзен, көл қалай ластанады?

Өндіріс қалдықтары,өндірістің қалдық сұйықтықтары, қоқыстар, тұрмыста қолданған заттар.

  • Ластанған өзен, көлдерден кім зардап шегеді?


Слайд №27

  • Адамдар, балықтар, құстар, жануарлар, өсімдіктер зардап шегеді.

Суды қалай қорғауға болады?


Слайд№28,29,30,31,32

Суды тұрмыста қолданғанда үнемдеп қолдану керек. Өзен, көлдерге қоқыс тастамау, өндіріс қалдығымен ластамау. (оқушылар жауабы)

Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін, табиғат емшілері не, балалар? (Құстар)


Слайд№33, 34

Тәрбиеші: Құстар да тазалықты сүйеді.

Елімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Сендер үй құстары және жабайы құстарға бөлінетінін білесіңдер.

  • Үй құстарынан қандай құстарды білесіңдер?

  • Қаз, үйрек, тауық, күркетауық.

  • Үй құстарын не үшін асырайды?

- Жұмыртқа, жүн, етін пайдаланады.


Слайд №35

  • Қандай жыл құстарын білесіңдер?

  • Көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна т.б.

  • Жалпы құстар туралы не айтасыңдар, олардың қандай пайдасы бар?

Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан оларды табиғат емшілері деп атайды.Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын

қанаттандырып, жауларынан қорғайды.
Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,

адамдардың көңіл - күйін көтереді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі.
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз. (оқушылар жауабы)


Слайд №36

Тәрбиеші:

Іле бойында және Балқаш көлі жағасында тіршілік ететін құстардың түрлері азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан т.б. құстар қазірдің өзінде өте сирек кездеседі.

Қызыл кітап дегенді қалай түсінесіңдер?

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі.(оқушылар жауабы)


Сергіту сәті:

Тік тұрып күнге қолды созамыз.

Жайқалып өскен гүлдей қозғаламыз.

Жаңбырдан соң, жұпар иіс аңқыған,

Таза ауаны ішке тартып, дем аламыз.

Құстай самғап ұшамыз. (қимыл көрсету)


Слайд №37

Викториналық сұрақтар

1. Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады? (көкек)
2. Киелі құс? (аққу)
3. Қандай құстың құйрығы айыр? (қарлығаш)
4. Әнші құс? (бұлбұл)

5. Суды ұшып жүріп қалқып ішетін, жемді ұшып жүріп аулайтын

құс?(қарлығаш)
6. Құстар балапандарын қайда өсіреді?(ұяда)
7. Түнде ұшатын кұсты ата (үкі)
8. Орман дәрігері (тоқылдақ)
9. Адамдар үй салуды қай құстан үйренген? (қарлығаштан)
10. Қасиетті құс (үкі)
11. Сөйлейтін құс (тоты құс)
12. Көгершін қандай құс? (бейбітшілік құсы)
13. Жыл құстары дегеніміз не? (салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар)
14. Өз атын өзі шақыратын құс?( көкек)


Слайд №38

Тәрбиеші: Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да, көкек пайдалы құстардың біріне жатады.  Көкектің балапаны бір күнде отыз  тоғыз  шегірітке, қырық үш жұлдыз құрт, зауза қоңызының бес жұмыртқасын, шытырлақ қоңыздардың елу жұмыртқасын, төрт өрмекші, құмырысқа жұмыртқаларын қорек етеді

Құстарды қалай қорғайсыңдар?


Слайд №39,40,41,42

Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқаларын  жарып, рақымсыздық жасап, жазықсыздан – жазықсыз  құстарды жәбірлеуге , өлтіруге жол бермей, қанатты досымыз құстарды қорғау. (оқушылар жауабы)


Слайд №43,44,45

Тәрбиеші:

Мына слайдтардан,әлемдегі керемет сұлу құстарды көз тоймай, қызықтап көруге болады.


Слайд№46

Табиғаттың сұлу – сымбатты мүсіні, көрікті келбеті бар тамаша туындыларының бірі – хайуанаттар.

Ал, осы жануарлар туралы не білесіңдер?

  • Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған, көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.

Соның бірі қазақ жерінде тіршілік етіп келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі

  • Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек.


Слайд №47,48,49

Балқашөңірінде кездесетін сирек жануарлар мен құстар қорғауға алынған.


Слайд №50

Оларға зиян келтіргені үшін, заңға тартып, айыппұл төлендіреді.

Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Олар туралы не айтамыз?


Слайд №51

- Ол –өсімдіктер.Өсімдіктерге: ағаш, шөп, бұта, гүл жатады.

Өсімдіктердің халық шаруашылығында және ғылыми медицинада кеңінен қолданылатын түрлері көптеп кездеседі. Олардың ішінде көкөністік, жеміс-жидектік, балды, майлы  түрлер де бар. Ағаш тәрізді формалары құрылыс материалдары ретінде аса құнды. Әр түрлі үй жиһаздарын жасайды. (оқушылар жауабы)


Слайд№51,52,53
Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты.

Тәрбиеші: халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Сондықтан өз өлкелеріңнің өсімдіктерін біліп, оларға қамқор болып, қорғау керек.


Слайд №54,55,56,57,58

Мына слайдтан, жер бетіндегі әдемі ағаштарды көруге болады.


Слайд №59,60

Балқаш қаласына жақын жерде, бірнеше ескіден қалған тораңғы тоғайы (азиялық теректер) бар. Мұндай жер, атап айтқанда, Тоқырау өзені ағысының төменгі бойында, Ортадересін кентінің аумағында орналасқан.
Тораңғы еліміздің шөлді өңірінде ерте замандардан өсіп келе жатқан қасиетті де, киелі ағаштың бірі болып саналады.


Слайд №61,62

  1. Балқаш қаласынан 60 км жерде, ұсақ шоқылы-белесті жазықта орналасқан тау туралы не айтасыңдар?

  2. Бектауата етегінде көптеген өсімдіктер өседі. Оның ішінде дәрілік бұталы өсімдіктер: итмұрын, долана, гүлді өсімдіктер: түймедақ, мыңжапырақ, бақ-бақ т.б.


Слайд №63

Өсімдіктерге байланысты жұмбақтар шешу.

1. Мәңгілік жасыл ағаш? (шырша).

2. Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады (алма).

  1. Өсімдік бір жерден екінші жерге қалай таралады? (жел, су, жануарлар

арқылы)

4. Майды қандай өсімдіктен алуға болады? (күнбағыс, зығыр, мақта)

5. Дауылға нық күшті, ағаштың мықтысы? (қарағай)

6. Жазда жатсаң — көлеңкесіне алады

Қыста жақсаң — жаның рахат табады. (ағаш)

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!