Материалдар / Тәрбие сағаты: «Тәңірдің тәтті сыйы-Тәуелсіздік !» 1 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: «Тәңірдің тәтті сыйы-Тәуелсіздік !» 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың Отанын, Рәміздері, Елбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерелеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсету арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын елін сүюге тәрбиелеу. Желтоқсан оқиғасына қатысқан жауқазындарды еске ала отырып, олардың ерліктерін жөнінде мәлімет беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2022
831
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тәңірдің тәтті сыйы-Тәуелсіздік » атты сынып сағатының анықтамасы


13 желтоқсан күні ««Тәңірдің тәтті сыйы-Тәуелсіздік атты 1 Б сыныбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының негізгі мақсаты: Балалардың Отанын, Рәміздері, Елбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерелеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсету арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын елін сүюге тәрбиелеу.

Желтоқсан оқиғасына қатысқан жауқазындарды еске ала отырып, олардың ерліктерін жөнінде мәлімет беру. Сынып сағатына 22 оқушы қатысты.

Сынып сағатында оқушылар : Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнін орындап, «Елім менің Қазақстан» атты шағын бейнебаянды тамашалады.

Бейнебаянмен таныса отырып,балалар ашық сұрақтармен жұмыс жасады.

Отанға деген жыр шумақтарын арнады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізген күнін жариялап, дербес мемлекет болғанын түсіндіре отырып ,еліміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен танымдық жұмыс жүргізілді..




Тәрбие сағатында оқушылар Астана бас қаламыз деп жырға қосып,туымыз,елтаңбамыз жайлы тақпақтарын мәнерлеп айтып берді.

Желтоқсан жауқазындарына арнаған өлең жолдарын оқып , желтоқсан құрбандары туралы мәліметтер айтып өтті.


 

Оқушылар тәуелсіздік күніне арналған шағын Флешмоб ұйымдастырды.

Оқушылармен“Күннің шуағы” атты дидактикалық ойын ойналып,балалар сұрақтарға жауап бере отырып күн шуақтарын жинады.

Тәрбие сағатын «Тәуелсіз әнім ұраным» әнімен қорытындыладық.

Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зинеш ұстазымызға оқушыларды құттықтау сөзі берілді.


Тәрбие сағатында алға қойған мақсатқа жетті, оқушылар желтоқсан жауқазындарымен таныстырылды,рәміздерімізді құрмет тұтуды,қастерлеуді меңгерді.Отан жайлы түсініктерін қалыптастырды.



сыныбының сынып жетекшісі: А.К.Калданова







«Бекітемін »

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:__________Емешова.А.



Сыныбы:1Б

Уақыты: 09.45

Сынып жетекшісі:Калданова Амина

Сынып сағатының тақырыбы:

«Тәңірдің тәтті сыйы-Тәуелсіздік


Сынып сағатының

мақсаты:

Балалардың Отанын, Рәміздері, Елбасы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерелеп тақпақ айтуға, сахналық көріністерді көрсету арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын елін сүюге тәрбиелеу.


Сынып сағатының міндеті:

Оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту


Бағалау критерийлері:

Жұлдызша,тәттілер


Сынып сағатының түрі:

Мерекелік іс-шара


Игерілетін дағды:

Айтылым,тыңдалым.


Ресурстар:

Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздері, қанатты сөздер, буклет, Астана қаласына байланысты суреттер Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Лаззат, Сәбира, Ербол), шарлар, нақылсөздер,интерактив.тақта


Функционалдық сауаттылық :




Жүру барысын алдын ала үйлестіру.





Алғашқы сөз (кезең)

























Ортаңғы кезең

Тапсырмалар легі.

Шаттық шеңберді орындау:


Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз

Дүниені аралап

Оқып білім аламыз


Мұғалім: Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні ойналсын!

Гимн орындалады (слайд)

Мұғалім :Балалар ал енді бәріміз бірге «Елім менің Қазақстан» атты шағын бейнебаянды тамашалайық.

Мұғалім Балалар, осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз .

Осы Отан дегеніміз не?

Балалардың жауабы.


-Отан дегеніміз – адамның туып – өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені .


Мұғалім Балалар, біздің еліміз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Мұғалім: Қазақстан қандай мемлекет?
Балалар: Қазақстан тәуелсіз, егеменді мемлекет

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Олай болса осы жеріміз ,еліміз, отанымыз туралы тақпақтарымызды қонақтарымызға айтып берейікші.


Имран:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Асем:

Отан деген - атамекен,

Отан деген – туған жер

Отан – ана, Отан үлкен ,

Қазақстан – туған ел !


Айару:

Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып.

Қойнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл  сайын келеді өсіп қанат жайып


Бексултан:

Ел болдық ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады

Алия:

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем

Ағынды өзен,асқар тау ,гүлін сүйем

Мен оның қасиетті тілін сүйем

Мен оның құдіретті үнін сүйем

Айзере:

Халқымның мақтанышы – алып тұлға,

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

Нуркелды:

Отан деген - атамекен,

Отан деген – туған жер

Отан – ана, Отан үлкен ,

Қазақстан – туған ел !


Көп рақмет балалар.Жарайсыңдар!


Мұғалім: Осы балалардың тілегі қабыл болсын дей отыра сыныбымыздың әншісі Каусардың орындауында Отан-Ана әнін қабыл алыңыздар.


Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.

Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.


Балалар , ал еліміздің рәміздері туралы не білеміз.

Балалар: - Ту, Елтаңба, Әнұран.

Мұғалім:Туды,елтаңбаны көрсетіп, сипаттау.

Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы. «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу.


Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.


Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды . Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді











































































































































































Соңы (бекіту)

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.

Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.


Балалар , ал еліміздің рәміздері туралы не білеміз.

Балалар: - Ту, Елтаңба, Әнұран.

Мұғалім:Туды,елтаңбаны көрсетіп, сипаттау.


Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік символы. «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу.


Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.


Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды . Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді

Амина:

Мен қазақпын, ұланымын қазақтың

Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын

Көк байрағым тұр көгімде желбіреп

Алатаудай көкке өрлеген  азатпен

Нұрдана:

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап,

Қанат қағып барады







Акторе:

Тәуелсіздік көркі ол да,

Өркениет  өрінде

Нұр төгеді    елтаңба

Ақ Орданың төрінде

Назым:

Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Қасиетін асқақтатар Отанның

Рәміздерін ардақтайтын бар кісі.



Балалар хормен:

Қазақстан

Туымен – Тұғырлы,

Елтаңбасымен – Еңселі,

Әнұранымен – айбатты ел!

<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!