тәрбие сағаты Тақырыбы: Ана-өмірдің гүлі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

тәрбие сағаты Тақырыбы: Ана-өмірдің гүлі

Материал туралы қысқаша түсінік
8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған "Ана-өмірдің гүлі" тақырыбына байланысты тәрбие сағатын өткіздім. тәрбие сағатына осы сыныптың аналары қатысты.Бұл материалда аналарға арналған өлең тақпақтар .ән, би өнері көрсетілді. Мұғалімдерге көмекші құрал. Осындай мерекеге байланысты керекті материалдар бар. Бұл материалды жариялау себебім өзім сияқты ұстаздарға пайдасы бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Ана - өмірдің гүлі

Тәрбие сағатының мақсаты: 1. 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.

2. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.

3. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық,биязылыққа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.

Вальс

1.- жүргізуші: Армысыздар, аяулы да ардақты аналар! Құрметті ұстаздар! бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік шарамыз сіздерге арналады.

2 -жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер! Сіздерді 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!



1-жіргізуші Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытты балалар!

2-жіргізуші: Армысыздар, ұстаз-ана, әз жандар,

Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!-дей келе Сөз кезегін ұстазымыз Клара апайға берелік.

Слайд арқылы ана туралы видео ролик



Кезекті 2б сынып оқушыларының аналарына арнаған құттықтау тілектеріне берелік!

Құрметтейміз ардақтаймыз,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды. Іңкар

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.

.

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған Нұрбек

Мен анамның сонысына мақтанам.

Анам менің аялап, әлдилеген ,

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген . Каусар

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы ,

Анашым құттықтаймын мерекеңмен.



Анашым алдыңызда қарыздармын,

Өтеуге оны әрқашан парыздармын. Нұрайым

Баласы анасының шам-шырыағы

Мәңгілік от болып алаулағын

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап. Жанат

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ

. Ана деген — асыл жандар болаттай,

Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай. Д Жанерке

О, адамдар, қадірлей біл Ананы,

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

Мәпелеп мені өсірген
Ризамын ана өзіңе. Елмұрат
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.

Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым. Айзада
Менің саған тілегім
Қартаймашы анашым

Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың Мәди
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым

Менің әжем, бұл әже
Айтқан сөзі дәл әжем Ернұр
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әже

Бәріңіз де анасың
Біз үшін күн боп жансың Айбек
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым
Ақ сүт берген балаңа
Күш — жігерін жұмсаған Азамат
Бұл өмірде жан ана
Тең келеді кім саған
Аспандағы айымсың
Бақытыма балаған
Құтты болсын мерекең Жанерке Д
Құтты болсын жан анам.


Ардақты ана – аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың. Марлен
Өміріме нәрін бердің ақ сүттің,
Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

Мен өзің мен қайда болсам да біргемін,
Махаббатың жүрегімде жүр менің. Аяулым
Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
Қандай жақсы ортамызда жүргенің.


Аялаған анашым,
Мәпелеген анашым.
Менің саған тілегім Шыңғыс
Қартаймашы анашым

Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын Асыл
Аман болшы анашым

Жетіңіз мерекеден мерекеге,
Бақытын молдан берсін өмірге де
Көктем қандай сұлу болса дәл сондай боп, Еркежан
Гүлдей болып жайнаумен жетші 100 - ге.

Аялы да, алтын нұрлы анашым.

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың Айбол

Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың 


Ардақты маған анасың,
Біз үшін күн боп жанасың. Ерсары
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.

Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен. Ақбілек

Құттықтаймын анашым, 
Аман болшы қамқоршым



Ақ сүт берген анашым

Ақылды менің данашым

Өзіңдей жанды әлемнен

Қайдан табам анашым Асыл


Концерттік бағдарламамызды қабыл алыңыздар

Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп,еркелеттің, аяладың Еркежан

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!

Жүргізуші:

Бишілер бар біздерде қыздар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін .

Таң қалдырып қанекей би билеші,

Қол соғып демеу берер қонақтарың.

2. Би «Көбелектер биі» қыздар тобы

Ойын: (Ата - аналармен)
3.. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.

4. «Ана, әке» Нұрбақ Асыл

.5.Би « Қазақ биі » Елемесова Аяулым

Ән. « Анашым қартаймашы»» Сүлеймен Іңкар

Ән: « Ай дидарлы анашым» Қайыпбек Еркежан

Хор «Құттықтаймын мама қуанышыңмен»

2.Жүргізуші: -Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тагы да құтты болсын!



















































Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Нұра ауылы

О.Жандосов атындағы орта мектеп-интернат КММ













Ана-өмірдің гүлі

(тәрбие сағаты)





Сегизбаева к











Концерттік бағдарламамызды қабыл алыңыздар

Мереке құтты болсын, аналарым,

Мәпелеп,еркелеттің, аяладың Еркежан

Лебізіңе алғысты айта келе

Ән жырымды қабыл ал аналарым!

ӘН «Әже» Кайыпбек Еркежан

Жүргізуші:

Бишілер бар біздерде қыздар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін .

Таң қалдырып қанекей би билеші,

Қол соғып демеу берер қонақтарың.

Би «Көбелектер биі» қыздар тобы

Ойын: (Ата - аналармен)
1. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.



Би « Қазақ биі » Елемесова Аяулым

1.-жүргізуші: Хор Ана туралы жыр

2.Жүргізуші: -Біз мәңгілік сіздерге,аналар борыштармыз дегім келеді.Сіздерге балалық жүректен мың да бір алғыс. Мерекелеріңіз тагы да құтты болсын!







































































1.- жүргізуші: Армысыздар, аяулы да ардақты аналар! Құрметті ұстаздар! бүгінгі «Ана- өмірдің гүлі» атты мерекелік шарамыз сіздерге арналады.

2 -жүргізуші: Адам бойындағы жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралған.Сондықтан құрметті асыл аналар, қадірлі әжелер! Сіздерді 8-наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Вальс» оқушылар тобы

1-жіргізуші Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,

Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.

Балғын шақты біз бақытгы балалар!

2-жіргізуші: Армысыздар, ұстаз-ана, әз жандар,

Білім іздеп, инемен қүдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!-дей келе Сөз кезегін ұстазымыз Клара апайға берелік.



































































































































































































































































































































12. Майгүл апай басшылардың бірі ғой,

Басшылардың ішіндегі гүлі ғой

Мектебімнің жақсы атанып жүргені

Осы апайдың арқасында біліп қой



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2018
1191
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі