Материалдар / Тәрбие сағаты Тақырыбы: Мейірімді жүрек.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты Тақырыбы: Мейірімді жүрек.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың санасында мейірімділік, қайырым-дылық сезімдері ұғымын қалыптастыру, балаға мейірімділік сөздер айту қабілетін арттыра отырып кішіпейілдікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Шілде 2018
5982
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық білім бөлімі» ММ

«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ













Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Мейірімді жүрек.

4 «Ә»сынып

















Сынып жетекшісі:Абылова Г К



Семей қаласы


Тақырыбы: «Мейрімді жүрек».

Сабақтың мақсаты: Балалардың санасында мейірімділік, қайырым-дылық сезімдері ұғымын қалыптастыру, балаға мейірімділік сөздер айту қабілетін арттыра отырып кішіпейілдікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, мақтау-мадақтау.

Көрнекіліктер: жүректер, турлі түсті суреттер, үнтаспа.слайд.

Сабақ барысы:

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шыққай бүгін күн.

Мұғалім: Ал кәзір, балалар, шаттық шеңберін құрайық. Қане, балалар, бір-біріміздің қолдарымыздаң ұстап, көздерімізді жүмып, мені мұқият тыңдайық. Бүгін біз барлығымыз әдеміміз, мейірімдіміз. Осы мейірімізді алақан жылылығы арқылы жіберейік. Бір, екі, үш, көзімізді ашайық, күміс күлкі шашайық, бір бірімізге күлімсіреп қараймыз.

«Сіз», «біз» деген жылы сөз,

Жақсылықтың мейірі.

Бір-біріне болып көз,

Кең болсын адам пейілі.

«Сіз», «біз» деген жылы сөз,

Жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жаныңды тез,

Оятады игі тілекті –деп мұғалім

Мұғалім: Балалар, мейірімділік деген сөзді қалай түсінесіндер?

Балалар жауабы.

Мұғалім: Өте дұрыс. Енді мен сендерге мейірімділік дегенін не екенін түсіну үшін слайд көрейік.Ендігі кезек «Мазасыз балапан» жайлы әңгіме.

- Қане, бәріміз отырып, мұқият тыңдайық.

-Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Бір күні ол анасынан «Мейірімділік деген не ?»- деп сұрайды Анасы Сен әлі кішкентайсын, өскеннен кейін түсінесің - дейді анасы. Бірақ балапан мазасыз еді. Ол мейірімділіктің не екенін тезірек білгісі кеп, жолға шығады. Жолда келе жатып жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып беруге көмектесуін сүрайды. «Менде уақыт жоқ»- деді балапан.

Мен мейірімділіктің не екенін білуім керек- дейді де ары қарай жүріп кетеді. Алдынан бір қыз кездеседі. Ол ағашқа ілініп қалған шарын ала алмай жүр екен.

«Балапан, балапан, маған шарды алуға көмектесші»-дейді. «Менде уақыт жоқ. Мен мейірімділік не екені білуім керек»-деді балапан. «Мен білемін. Маған күнде анам қайырымды іс туралы әңгіме айтып береді»- дейді қыз.

- « Маған да айтшы»- дейді балапан.

- « Бірінші сен шарды алып бер»- дейді қыз.

Балапан ұшып барып шарды алып береді. «Мінеки, сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы»- дейді қыз. «Қандай оп-оңай»-деп таң қалады балапан.

Қыз рахметін айтып кетіп қалады.Сонда анасы балапанын шырылдап іздеп жүреді.балапаным менің қайда жүрсің мен сені іздедімғой деді,балапан анасына мейірімділіктің не екенін біліп алғанын айтады. Қуана, қуана үйлеріне қайтады.

Мұғалім: Міне, осылайша мазасыз балапан мейірімділік не екенін түсінген екен. Әңгіме сендерге үнады ма?

Сергіту сәті:

Өзімді жақсы көремін,

Күн сайын өсіп келемін,

Ойынға кірем күнде мен

Ұйқыға батам түнде мен.

Суға да барып түсемін

Содан соң тамақ ішемін.

Мамамның тілін аламын

Міне осындай баламын.

Шығармашылық жұмыс.

Мұғалім: Енді, балалар, біздер жалғыз емес екенімізді жүректеріміздің бір екенін білдіре отырып, мына тұрған бір жүректің қасына өзіміздің дайындаған кішкене жүрекшелерімізді қосайықтадта анамызға мейірімді, жүректен шыққан сөздерді жазып берейікші. (Балалардың жұмысы)

Қорытынды.

Мұғалім: Біздің сабағымызда не туралы әңгімелестік?

- Мейірімділік деген не екен?

Балалардың жауабы.

  • Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?

  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?


  • Мұғалім: Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болады, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.


Қол ұстасып бір-біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі сабағымызды аяқтай отырып қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы,

Аман-есен болайық!









Сараптама.

«Мейрімді жүрек» тақырыбы аясында өткізілген тәрбие сағатында

балалардың санасында мейірімділік, қайырымдылық сезімдері ұғымын қалыптастыру, балаға мейірімділік сөздер айту қабілетін арттыра отырып кішіпейілдікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.Тәрбие сағаты өте жақсы ,тартымды,қызығушылықпен өтілді.

Мұғалім: Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болады, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір-бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!