Тәрбие сағаты "Тәуелсіз ел - Қазақстан" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Тәуелсіз ел - Қазақстан" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Іс - тәжірибе алмасу. Жас мамандарға көмек болар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өскемен қаласы әкімдігінің «№42 орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Сеитова Гульбану Турусбековна

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіз ел - Қазақстан!

Мақсаты: Оқушыларға 2050 стратегиясының нышандарының мағынасын ашу, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру, оқушылардың өз бетінше ізденуін дамыту және білімдерін жетілдіру, елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, егемен елімізге қамқор болуға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабағы

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, жоба

Қолданылған технология: СТО стратегиялары, АКТ

Көрнекіліктер: «Қазақстан -2050» Стратегиясының 7 логотипі, карта плаза, интер тақта, тапсырмалар

Барысы:

Армысыздар, құрметті қонақтар, ата – аналар мен Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.

Қане, балалар, біз бүгін ерекше амандасып көрелік.

-Ең жақын досыңды көрдің.

-Ауылдан әжең келді.

Жақсы,балалар,ал енді назарымызды экранға аударайық.

(«Мәңгілік ел» бейнеролик)

Міне, балалар, өздерің қалай ойлайсыңдар, бүгін біз не жайлы, қандай тақырыпта ой қозғаймыз?

(Балалардың ойлары)

Ия, балалар ойларың дұрыс. Сәрсенбінің сәтті күні «Тәуелсіз ел - Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Балалар, біз бүгінгі сабағымыздан не күтеміз? (картаның шекарасына не күтетіндерін жапсырады) Алдымызға қандай мақсат қоямыз?

(Мақсатын анықтау, айту)

Ой қозғау:
- Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- ҚР - ның халқының мемелекеттік тілі қандай тіл?
- ҚР – ның халқының мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтырымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!

Бір болашақ – бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі.

«Қазақстан -2050» Стратегиясының нышаны жаңашаланған «Шаңырақ» болды.

Негізгі белгіде Мемлекеттік Елтаңба, шаңырақ, киіз үйдің керегесі, күннің шуағы,тұңғиық теңіз көрінісі, еліміздегі барша азаматтардың қол алысу сәті бейнеленген.

  1. топ. Бір мақсат

  2. топ. Бір мүдде

  3. топ. Бір болашақ

«Қазақстан -2050»стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы»- деп елбасымыз айтқан еді.

Ата – аналар, бүгін сіздер бізге ата – ана емес, сала өкілі ретінде келіп отырсыздар.

«Басқарма», «Энергетика», «Адамдар», «Қалаларға шоғырлану», «Халықаралық интеграция», «Экономика», «Экология»

Қазір, әр саланың өз тапсырмалары бар. Сол тапсырмаларды жақсы орындаған топ жеңіске жетеді.

«Басқарма» саласы. (Сұрақ – жауап)

  1. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қай жылы сайланды?

  2. Шығыс Қазақстан облысының әкімі кім?

  3. Өскемен қаласының әкімі?

  4. Мектебіміздің директоры?

  5. Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі?

  6. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі?

2. «Энергетика» саласы.(Тиістісін тап)

1. Күн көзінен қуат алу

2. Жел энергиясы

3. Су энергиясы

3. «Адамдар» саласы. Жоба қорғау. (сурет салып, қорғайды)

« Біз еліміздің болашағымыз!»

4. «Урбанизация» саласы. (Пазл құрастыру)

1. Шығыс Қазақстан картасын

2. Өскемен қаласының картасын

3. Меновное аулының картасын

5. «Халықаралық интеграция» саласы. Полиглот ойыны.(Сурет бойынша)

1. Отан – Родина- motherland

2. Жанұя – семья-family

3. Мектеп – школа-school

4. Ана – мать, мама-mother

5. Әке – отец, папа-father

6. Оқушы – ученик –pupil

7. Мұғалім – учитель -teacher

6.«Экономика» саласы. (Экологиялық есеп)

1.Әр адам бір жылда 3 ағаштан жасалған қағазды пайдаланып жұмыс істейді. Сенің жанұяңа қанша ағаштан жасалған қағаз керек?

  1. «Экология» саласы. Сұрақ қою.(Аяулым қысқаша жұмысын оқып береді.)

  1. Осы экологияны сақтау үшін сендердің үлестерің?

Қорытынды.

«Мен президент болсам халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.

Балалардың өздерін бағалауы.

Жақсы, балалар, сендер бүгінгі тәрбие сабағымыздан не үйреніп, не алдыңдар?

Әр бала өзінің алдындағы көбелектерін, өзіне тапсырмалары қызықты болған сала гүлдеріне қондырады.

Ән: «Жаса, Қазақстан!»

«Қазақстан -2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым!» – деген елбасымыздың сөзімен сабағымызды аяқтаймыз. Тыңдап сабаққа қатысқандарыңыз үшін рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
804
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі