Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбие сағаты Тәуелсіз елдің ұланымыз 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Қазақстан тәуелсіздік жолында не бір «тар жол тайғақ кешулерден» өткенін, тәуелсіздік жолында елі, жері үшін күрескен батырларымыздың ерлігін, өрлігін, білімділігін көрсету егеменді болуын паш ету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Тәуелсіз елдің ұланымыз

Мақсаты: Білімділік:Оқушыларға Қазақстан тәуелсіздік жолында не бір «тар жол тайғақ кешулерден» өткенін, тәуелсіздік жолында елі, жері үшін күрескен батырларымыздың ерлігін, өрлігін, білімділігін көрсету егеменді болуын паш ету.

Тәрбиелілік: Қазақ халқын, ерлігін, даналығын бізге қасиеттерін ардақтап, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу патриоттық сезімдерін ояту.

Дамытушылық: Тәуелсіз, ұлан, ел сөзінің маңыздылығы жайлы ой қозғау

Көрнекі құрал: «Желтоқсан оқиғасы», «Қазақстан арнасы», «Тәуелсіздік күні» бейнежазбалары, плакаттар, маркер.

Психологиялық дайындық

Сынып 1,2,3 сандары бойынша топқа бөлінеді. Сабаққа деген көңіл күйлері қандай екенін басмармақ арқылы көрсетеді.

Қызығушылықты ояту

-Балалар, алдымызда сөзжұмбақ тұр. Сол сөзжұмбақты шешейік

1-топ

Тәуелсіз

2-топ.

елдің

3-топ.

ұланымыз-сөзін тігінен оқиды.

-Сонда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайында болды?

-Тәуелсіз елдің ұланымыз

Жаңа сабақтың тақырыбының ашылуы

3топқа «топтастыру» әдісі бойынша «Тәуелсіз», «Ел», «Ұлан» сөзін айтқанда ойымызға не келеді.

Тәуелсіз - дербес, егемен, бостандық, жеке, азат деген мағынаны білдіреді.

Ел - халық, мемлекет, қазақ, ру, тайпа, отан, атамекен деген мағынаны білдіреді.

Ұлан - азамат, ер, кең, жауынгер, сарбаз деген мағынаны білдіреді. Адам есімі ретінде де кездеседі.

Осы сөздерге қарап отырып бүгінігі сабағымыздың тақырыбын басқаша тағы да қалай баламалауға болады?

-Егеменді отанымыздың азаматы деп те айтуға болады.

Мағынаны тану

Айғаным:
Армысыз қайырымды Аспан – ата!
Армысыз, мейірімді Жер - ана!
Армысыз, шұғылалы нұрлы күн!
Армысыз, балабақша, дос жаран!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен апайлар!

Нұрасыл: Жеткен арман, жаса тәуелсіздігім!

Өз қолына берген ерік тізгіні

Ие болған әлем ілтипатына

Дербес бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.

ҚР-ның Әнұраны орындалады.

Мұғалім: 1991 жылы егемендік, тәуелсіздік алдық деп айтып жүрміз.. Сіздер үшін бұл түсініксіз жайт болып отыр. Иә, осы аралықта сан ғасырлық тарих, үлкен шежіре жатыр. Ендеше, осы тәуелсіздік қалай келді? Қайдан келді?Осы жайында «Желтоқсан оқиғасы» бейнежазбасын тамашалайық. Осыдан тәуелсіздіктің қалай келгенін түсінеміз.

Олжас:  1986 жылы Желтоқсан елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

Нұрдәлет: Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып бар шарасы.

Дінмұхаммед:  27 жыл тәуелсіздік туғалы,

                   Қазақ елі бірлікке бел буғалы

                   27 жыл Қазақстан халқының

                   Өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны

Төребек: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Енді «Қазақстан»арнасын тыңдайық

Ақжібек:   Көз тойғысыз қазағымның жері бар

                   Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар

                   Қазағымның жерін, елін қорғайтын

                   Жас жеткіншек ұланы, ері бар.

Алтынсары: Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Ал бізге Тәуелсіздік қандай қиындықтармен келгені жайлы бейнежазбаны көрейік.  Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың Тәуелсіздігіміздің келешегі жолында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарын толық қуаттаймыз. Әсіресе, Отанымыздың болашағы саналатын балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге бағытталған іс-шаралары бізді қатты қуантады.

Ерасыл : Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орманы, тау, өзені, көлі бар

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

Алуа: Міне, осындай, егеменді еліміз

Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

Інжу : Құлақ түремелімнің тынысына

Мақтанам қуанамын табысына

Елбас мен халқымыз аман болса

Айналар орта Азия барысына

Мерей :  Біз намыскер – қазақ елі ұланымыз, 
Қорғайтын жерді оттан қыранымыз. 
«Талап, Еңбек Терең ой, Қанағат, Рақым» деп

Абай атамыз айтқан ұланымыз.

Нұртаза: Назарбаевтың жолдауы: «жастарға айтарым-сендер халықаралық кеңістіктегі бәсекелестік күрестен сырт қалмауға ұмтылыңдар.Ол үшін тиянақты білім керек.

Руслан :
Өзіңдікі туың да,
От пен ауа суың да.
Жаса, Қазақстаным.
Белді бекем буын да.
Балым:
Асқар тау да сенікі, 
Бақша бау да сенікі. 
Қалтқысыз дос пенен
Қатал жау да сенікі. 
Абдурашид:Білімді ұрпақ, білікті маман, 
Беделің сенің Республикам !
Болатын балаң, ары сау адам –
Мерейің сенің, Республикам!

Жания:

Елімнің жанған жарық шырағын.

Халқымның қанат қаққан қыранымын

Аймалап басқан ыстық құшағына

Мен мына табиғаттың ұланымын.

Саян:

Шаттық пенен бақыт сыйлап жеріме

Ақын көңіл алып ұшып көгіне

Талай ғасыр бабаларым аңсаған

Тәуелсіздік келді міне еліме
Ой ашар:

Темірлан:.Балалар біз қандай елміз?

Хор: (Тәуелсіз)

2.Қай жылы тәуелсіздік алдық?

1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеті туралы заң қабылданды.

Айкөркем: Сол жастардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатаев Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асановалар болды. Бұлар Отан үшін, Туған жер үшін, ана тіліміз үшін, сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты. Өз алдына дербес, еркін мемлекет, ешкімге тәуелді болмай ішкі,
сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды тәуелсіз мемлекет дейміз.
Аянат: 3.Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер?

4.Президент күні қашан атап өтіледі?

Асылхан: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президенд күні

Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Аяжан : 5. Тәуелсіздік қалай келді?

Бегімай :
Әлі есімде ар мен намыс пәк мәңгі,
Еш аяусыз аяқасты тапталды.
Саперлердің күрегінен соққы жеп,
Қып - қызыл қан бояп жатты ақ қарды.

Тоғжан:

Құлдық ұрып көне берсең ырыққа,
Жер бетінен кетер едік құрып та
Қазақпын деп ойлар болсаң ағайын
Алматының желтоқсаның ұмытпа.


Жүректерге шер қатып,
Мұз - қар қонған - Желтоқсан
Кеудедегі күрсініс
Ызғар болған – Желтоқсан
Әділеттік жолында
Ұлың түгел халқым - ау
Құрбандығы қазақтың
Қызың болған - Желтоқсан!
Заңғар:: 6.Егемен елдің ерекшелігі неде? (Шекарасы, Елбасы, ұлттық рәміздері, Ата заңы, өзіндік экономикасы, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүрі болады)

Асия: Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерген

Ертеңімін Егеменді елімнің.

ЕркежанМенің елім — Қазақстан Отаным!

Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.

Мәңгілікке қымбаттысың туған ел

Арта берсің, абыройың, атағың.


Ой қозғау

Саян : Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең ісі.
«Егеменді» деген сөздер естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Мұғалім: Тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік. Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстанның болашағы сендердің қолдарыңда. Болашақ депутатта, премьерде, президентте сендерсіңдер.

Тәрбие сағатымызды «Атамекен» әнімен аяқтайық.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
01.02.2019
6604
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12