Тәрбие сағаты ""Тәуелсіз елім-Қазақстан" бастауыш сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты ""Тәуелсіз елім-Қазақстан" бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал кез келген сыныпта сабақ беретін мұғалімге, әсіресе сынып жетекшісіне қажетті дайын тәрбие сағаты. Мақалада тақпақ, өлең, Қазақстан туралы әңгімелер, топқа бөлінудің түрлері, топ бойынша жұмыс, суреттер, топтық қорғау жұмыстарының тапсырмалары берілген. Алда келе жатқан 16-желтоқсан -Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған іс-шараға таптырмас құрал деп ойлаймын. Кез келген сынып жетекші сынып сағатын өткізер кезде ізденеді. Жан жақты тапсырмалар болғанын және оқушының ой-өрісі мен қызығушылығын арттыратын мағлұматтар іздейді. Міне осы кезде әріптестермен тәжірибе алмасу ретінде материалдар іздеп, өзінің ойымен бөліседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:   « Тәуелсіз елім Қазақстан!»


Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылар еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен танысады, әлем таныған ел екенін дәлелдейді.


Күтілетін нәтиже: -Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылық- тары артады;

-Отанын сүйеді, ел тарихын біледі, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлейді,

-Отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға дағды-ланады.


Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті. Нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.

Тәрбие сағатының барысы: 

Ширату тапсырмасы

Тәуелсіздік күніне тілек айтады.

Топқа бөліну: Егемен Тәуелсіз Қазақстан Желтоқсан
-Қазақстан туралы не білеміз?

-Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Мұғалім сөз : Міне, оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан ке-шірді.Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан тәуелсіздік алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
Оқушы: 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Оқушы: Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуел-сіздігі туралы заң қабылданды.
Оқушы:   Атыңнан айналайын егемен ел,               «Туған ел» суреті
                 Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
                 Мерейің құтты болсын Қазақстан!
                 Ғасырлар тойы болшы келе берер!


Оқушы:  Мерекең құтты болсын егемен ел,
     Терезең барлық елмен тең ерен ел.
   Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
     Теңдікті,бостандықты иеленгендер.


Оқушы:   Бостандық құтты болсынерікті ел,
                 Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
                 Бостандықты аңсаған батырлардың
                 Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.


Ән «Отаным - Қазақстан»    1- топ, 4-топ


Оқушы:  Егемен елімнің ертеңі деп,
     Елбасы баға берді жастарыма
    Оқу оқы, білім ал, елің үшін
    Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.


Оқушы:  Халқымның мақтанышы - алып тұлға.        «Бәйтерек» суреті
               Әлемнің назары ауды Ақ ордаға
     Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,
    Ұқсайды менің асқақ арманыма.


 Оқушы: Ел болдық егеменді, теңдік алып,
     Бар әлем қазақ елін болды танып
    Қойнауы кенге толы Қазақ елі,
    Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.


«Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев» суреті.


Оқушы:  Ел болдық ерік алдық астаналы
     Енді кімнен қазағым жасқанады?    
    Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
     Нұрсұлтанның атымен басталады.


Оқушы:  Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
    Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
     Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
    Көркейген елім менің – Қазақстан!


«Елім менің»       Сөзі: Н. Назарбаев           Әні: Б.Тілеуханов 2-топ, 3-топ


«Астанаға саяхат»  суреттер көрсетіледі.


Оқушы:  Көз қуанып күн сайын көркеміне,
    Көңіліміз сенеді ертеңіне    «Астана» суреті
     Қазақстан – алып ел, төрі Астана,
     Таңым ғана лайық ел төріне.


 Оқушы:  Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,       
     Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз
     Ел намысын ешбір жанға бермейіз,
    Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.


Ойын «Мақал-мәтел» жалғасын тап.

Отан туралы мақал-мәтел білеміз бе?


Оқушы:  Отаным – Қазақстан туған жерім,
    Мұнай мен газ болады асыл кенім
    Көркейтіп бір өзіңді келе жатқан,
    Артамыз елбасына үлкен сенім.


Оқушы: Ұлттық өрнек мұрамыз
     Адастырмас мұраттай
     Нық көтеріп тұрамыз
     Жалауды біз құлатпай.


Оқушы: Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.


 Оқушы:  Бұлт баспасын күнімді           «Ту» суреті
  Тарылмасын өрісім.
    Биік ұстау Туымды-
     Қасиетті борышым.


Оқушы:     Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның, тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – бар-шаға ортақ, бәріне нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тір-шілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның  сол жағында ою - өрнегі бар тік жолақ орна-ласқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран  және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың  белгісі.


Оқушы: Желбірейді шалықтап
     Қазақстан жалауы
     Көкке қыран қалықтап,
     Қанат қағып барады.


Оқушы: Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
     Тәуелсізбін, егеменмін азатпын
     Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
    Алатаудай көкке өрлеген азатпен


 Оқушы: Бабам тұлпар жаратты    «Елтаңба» суреті
Құлынын да танып ақ
    Тұлпар барда қанатты
    Шайқалмасын шаңырақ.


Оқушы:   Тәуелсіздік көркі ол да,
                 Өркениет өрінде
                 Нұр төгеді Елтаңба
                Ақ Орданың төрінде.


Оқушы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында ша-ңырақ бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған.Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан  нұр шашып тұрғанын бей-нелейді.Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бо-йынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті қат жер асты-на түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің азаттығы мен жеңімпаздығының бел-гісі.Бидай сабақтары тоқшылықты, молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақ-стан» деген жазу еліміздің ежелден әлемге танымал екенін көрсетеді.


Оқущы: Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға
     Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға         
     Қалай оның елтаңбасы болмайды
   Түлігіне дейін салса ен – таңба?!


Оқушы:  Енді бүгін өлген Туым тірілді
                Әнұраным жалғап алды ғұмырды
                Босағада қалып келген Елтаңбам
                Баяғыша төріме кеп ілінді.    

  
Оқушы:     Батырлыққа уызынан жарыған
    Ер түркіні байрағынан таныған
    Өзі ақын, өзі әнші халықта
    Кім айта алар
    Болмаған,- деп - Әнұран?!


Оқушы:     Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран   мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың  мыңдаған жылғы та-рихы, бүгінгі  өмірі мен келешек арманы айтылған.


Оқушы:  Бақтың құсы әр адамға қонып бір
   О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
    Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
    Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!


Оқушы:  Көк аспанда нұрлы күн
    Күлімдейді далама
    Бақыт тілеп тұр бүгін
    Ол барлық пәк балаға.


«Ребус»  шешу.


Оқушы:  Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
    Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім
    Самғап жүрсек бостандықта, биікте
   Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.


Хор:  «Қазақстан»

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
08.12.2018
1197
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі