Тақырыбы: "Тәуелсіздік- ұлы дала ұландарына
аманат!"
Мақсаты:
Білімділік:– еліміздің Тәуелсіздігі үшін күрескен
және сол мақсаттарға жету барысында өздерінің елі, халқы үшін, жері
үшін құрбан болған батырлардың ерлігі, оқушыларды елін, туған жерін
халқын сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: - оқушының тіл байлығын дамыту, есте
сақтау қабілетін шыңдау, мәнерлеп оқуға баулу, ой – өрісін
кеңейту;
Тәрбиелік: – Отан Ананы, Елді, Табиғатты, Жерді
құрметтеуге, Тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға
тәрбиелеу.
Көрнекілік: Слайд,желтоқсан қаһармандарының
суреттері, тақырып жазылған плакат т. б.
Композиция: «Қазақ елі»
1-жүргізуші :
Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған,
жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы
тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала,
заңғар таулар, өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер:
мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы
ата-бабамыздың қаны тамған топырақ иісі мүңкіп
тұр.
«Қазақ хандығы» /ел тарихына
шолу/
2-жүргізуші : Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау “
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама “ заманынан бастап, қойша
қырылған " Репрессия " жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың
осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қауіпі тұрған
еді.
1-жүргізуші: Халқымыздың тарихындағы аса бір қиын кезең жоңғар
қонтайшыларының басқыншылық әрекеті еді. 15 ғасыр Жоңғар қалмақтары
тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел
шұбыра көшіп «АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ» болды. Қазақтардың руларға,
жүздерге ыдырап бөлінуі кезеңін пайдаланып және жеріміздің
байлығына қызыққан азулы жау бейбіт өмір сүріп отырған халықты
қырғынға ұшыратты. 1729 ж Қазақ халқының жоңғарларға азаттық күресі
барысындағы өте елеулі оқиға – Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас
көктемде Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауындағы Алакөл деген
жерде болды. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары
қатысты.
Көрініс :«Ақтабан
шұбырынды»
2-жүргізуші :
Қаншама азапқа түсіп, қуғын – сүргінге ұшыраса да, қазақтың үш жүзі
қайта бірігіп, жоңғарларға күйрете соққы берді. 18-19 ғасырларда
халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек күткен Ресей
империясының меншігіне айналды. Бұдан кейін патшалық Ресейдің
еліміздегі шырайлы егістік жерлерді күштеп басып алуға арналған
отарлау саясатына қарсы күрескен халқымыздың қаһарман ұлдары: Сырым
мен Кенесарының, Исатай мен Махамбеттің, Сыпатай батырлардың
есімдерін мақтан етуіміз керек.
2 – жүргізуші :
Патшаны тақтан құлатып, бірімен – бірін қырылыстырып, аяғында жаңа
қоғам орнатқан Қызыл Империяның зобалаңы қазақ халқына да тиді.
Болашақтан үміт күтіп, сенген қарапайым халық кеңес үкіметінің
отаршылдық құрсауына шырмалып, жазықсыз жапа шегіп, адал ұл –
қыздарынан айырылды.
1-жүргізуші :1931-1933ж Жаппай ашаршылық «ұлы жұт» атанды.
«Асыра сілтеу болмасын – аша тұяқ қалмасын!» (Ф. И. Голощекин)
саясаты, өркениетті қоғам құру шаралары бүкіл елді тығырыққа
тіреді. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 пайызы қырылды.
Ашаршылықтан 6,5 млн халықтың 2,1 млн опат болды. 1 млн 578 мың
халық Атамекенін тастап кетуге мәжбүр болды, 40 жылдай уақыт
өткеннен кейін ғана бәрі қалпына келді.
1-жүргізуші :
Кім
жіберді аштық деген пәлені?
Кім
жауапты? Білгім келер соны мен.
Түйе мініп, атпен шапқан жан
еді,
Малын айдап, көшіп жүрген
жөнімен.
Түгін қоймай сыпырды ғой
қастықпен,
Болады екен осындайда сұм айла.
Бүкіл жұртты қырып- жою
аштықпен,
Керек пе еді Аллаға, әлде
құдайға?
Аштық жайын еске алудың өзі
мұң,
Шаншу сұрақ мазалайды неліктен
Бұл
қорлыққа жетер қайтіп төзімің,
Жер
бетінде жүре алмайсың өліктен.
2- жүргізуші :
1937-1938 жылдардағы сталинизм репрессиясын
ойласаң жаның түршігеді, халықтың қамын ойлаған зиялы азаматтарымыз
бір түнде репрессия құрбандарына айналғандар қаншама? Лаңкестік
жаппай сипат алды. Бұл жылдарда кеңес үкіметін орнату мен нығайтуға
қатысқан көрнекті қайраткерлер жазаға тартылды. Олар: С.Сейфуллин,
Б.Майлин, А.Байтұрсынов.101 мың қазақтар «ГУЛАГ» азабынан өтті, 27
мыңнан астамы атылды.
1-жүргізуші :
Ойсыраған орның толмаса да,
Күтті сені қанша жыл-Ел босаға.
Амал нешік?!
Дәстүрден тайды халқым,
Аққуларды атуға болмаса да!
Әлде кімге білгенің жақпады ма?
Әлде кімге ұлы ұғым жақпады ма?
Отызға жасы жеткен ағаларды,
Ақ-қарасын айырмай атқаны ма?
2-жүргізуші :
Қанатымды самғатып қақтырмады,
Жан
отымды лаулатып жақтырмады.
Керек болған халқыма арыстарды,
Көзден қайып қылды да
таптырмады!
Жұт
кетпейді айналып аймағынан ,
Көңілге дақ орынды ойға күмән.
Сүттей таза халқымды іркіт
қылып,
Алдымен айырды қаймағынан.
Көрініс: «Бес Арыс»
1-жүргізуші:
Әке
тұрып сөйлеп кетті баламыз,
Ағайыннан алыс кетті арамыз.
Үш
миллион аштан өлген бабамыз,
Қалғанымыз қайда кетіп барамыз.
Шұбарала болып кеткен тілдерің,
Айтатұғын келді бүгін күндерің,
Тілің кетсе, күнің қоса
кетерін,
Қайран елім, қалай ғана
білмедің.
1-жүргізуші :
Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қанды
ызғары бүкіл одақ көлемін шарпып, Грузия, Прибалтика және Ресейдегі
оқиғалардың тұтануына тарихи әсерін тигізді. Қызыл империяның ошағы
болған КСРО –ның ыдырауына әкеп соқты.
2-жүргізуші :
1986 жылдың 16 желтоқсанында Республика орталық комитетінің 5-ші
пленумы болды. Небәрі 18 минутқа созылған осы пленумда республиканы
ширек ғасыр бойы басқарып келген Дінмұхамет Ахмет ұлы Қонаевтың
орнына Геннадий Васильевич Колбин сайланды.
1-жүргізуші :
Дауылға желтоқсанның желі
айналды,
Ашуға мінді Алатау кәрі
айбарлы.
Күтпеген іс ақыры не болды деп,
Күллі әлем Алматыға қарай
қалды.
Кез
емес жаугершілік «Аттан!» атты,
Алаңның шеруі емес салтанатты.
Қытымыр қыстың басы сол бір
айда,
Желтоқсан желі әлемді жай
қаратты.
Көрініс: «Қазақтың
Сәбирасы».
2-жүргізуші :
Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды? Желтоқсан
оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды. Бұл оқиғаға
байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99 - ы сотталды. Алматы
қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент
шығарылған, 99 - ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар:
Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен
ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол
қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды
Көрініс:
«Қайсар-Қайрат!»
1- жүргізуші
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
1-жүргізуші :
Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге бұны ешкім аяп бермеді.
Тәуелсіздік – Қайрат, Ләззат,
Ерболдың
Тас
көшеде тас – талқан болып өлгені.
Орны ағалардың бізбен толсын,
Сәбилер ағалардың орнын қусын.
Бір
минут үнсіздікпен еске алайық,
Әруағы ағалардың ырза болсын.
(бір минут үнсіздік.)
2-жүргізуші :
Тәуелсіздік, Тәуелсіздік – жыр
әнім,
Ел
іргесі берік болсын – ұраным.
Тәуелсіздік - өзіңді еркін
сезіну.
Салт – дәстүрім – қолдан түспес
құралым.
Тәуелсіздік не деп оны
түсіндік,
Тәуелсіздік – ар – ожданым
кісілік.
Адамға адам жолдас, бауыр туыс
бол,
Ел
– жұртының алма құнын түсіріп – дей отырып ендігі кезегімізді
«Тәуелсіздік жылнамасы» атты слайдты тамашалайық.
Тәуелсіздік жылнамасы
/слайд/
Мәнерлеп оқу
1-жүргізуші :
1991 жыл. 16 желтоқсан. Бұл күн–біздің
тәуелсіздігімізді дүниежүзі мойындаған күн. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Ата заңы
қабылданды.
Ән: «Отаншыл сезім»
/оқушылар шығармашылығы/
Мен
қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта
келдім!
Мен
мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!-дей келе келесі
кезекті «Отаншыл сезім» оқушылар шығармашылығына
береміз.
«Шаттық» биі
1-жүргізуші :
Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі тәуелсіз ел –
Қазақстан!
Күй: «Адай
2-жүргізуші :
Мәңгілік азат елдің Сен
белгісі,
Мемлекет мерейінің сенген күші.
«Жасасын, еркін Қазақ!»- деп
шаттанар,
Шалқалап сол биіктен көрген
кісі.
Ән: «Тәуелсіз қазақтың
қызымын!»
1-жүргізуші:/
Шарықта, шарла көкті көк
Байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке
айғағым.
Мен
сенің салтанатты сағатыңа,
Өлеңмен алтын шашақ шоқ
байладым.
Хор: «Атамекен»
2-жүргізуші :
Ал
самға әлем кезіп, Әнұраным,
Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.
Жолдарың ашық, жарқын болсын,
Тәуелсіз елдің ұрпақтары.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын - дей келе бүгінгі
ашық 16 желтоқсан Тәуелсіз Қазақстанның 28 жыл жылдығына орай
өткізген тәрбие сағатымызды жабық деп
жариялаймыз.