Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты; "Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы»
Өтілетін күні:19.11.2016ж
Сынып: 8-«А»
Өтілетін орны: Акт залы
Кештің мақсаты:Оқушыларды ҚР-ның жеткен жетістіктерімен таныстыру. Тәуелсіздіктің мәнін терең ашып түсіндіру. Қазақ халқының ерлігін,даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту.Елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бейнефильм, көркем суреттер, оқушылардың Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнаған суреттері, безендіруге арналған – шарлар, Қазақстан жерімен бейнеленген сахна көрінісі. (Сахна артында ақырын «Көңіл толқыны» күйі ойнап тұрады)
1-жүргізуші. Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Екі жарым ғасыр бойы бостандық бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді. Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
25 жыл толды тәуелсіз ел болғалы,
Желтоқсан 25-ке толғалы.
Қос атауы толықтырып бір-бірін,
Ұлы оқиға екеуі Отандағы.
Өкінгенмен пайда жоқ, өтті күндер,
Қыршын кетті, әттең-ай, көк өрімдер.
Еске алдық, дұға оқып бекзаттарым,
Алладан нұр, жұмақта көгеріңдер
1 – жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі-Әнұраны (ҚР әнұраны орындалады)
(Сахна төріне оқушылар шығып өлең оқиды)
Н.Әсем:
Тәуелсіздік ұлы сөз ғой қазаққа,
Бұл туралы ақындар сөз толғап па?
Тәуелсіздік ата-бабам арманы,
Тәуелсіздік алауын әрбір қазақ қолдап па?
Ең алдымен еске алайық жастарды,
Денелері көмілмей, лақтырып тасталды.
Аружан:
Есімдері құрметтеліп әрқашан,
Қазағыма бермесін Алла қастарды.
Жас өрімдей қыздардың да қаны бар,
Қабанбайдай жас өрендер жаны бар.
Тәуелсіздік оты мәңгі сөнбесін,
Аллаға аян, қазағымның бағы бар.
Қанат:
Оқиға бар тарихында қазақтың,
Сан күндерін көріпті қазақ азаптың.
Тәуелсіздік бізде мәңгі болады,
Елім бүгін жиырма беске толады.
“Елім”- деп соқты сол жастардың жүрегі,
Осы оқиға бәріне мәлім, оны бәрі біледі.
Фатима:
Жастарымыз жазықсыздан құрбан боп,
Халқы үшін жақсылықты тіледі.
Ешкім білмес қанша құрбан болғанын,
Жас өрімдей гүл қыздардың солғанын.
Сезінбеді төрде отырған ағалар,
Қандастардың қанша жанын алғанын.
Тәуелсіздік алауы өмір бойы сөнбесін,
Тозақ отын қазақтарым көрмесін.
Ұлы елім көрмесін ешбір жамандық,
Мен тілеймін бәріне де амандық.
Ә.Назерке:
Әрбір елдің аңсағаны бір арман,
Желтоқсандық өрендердің қаны тамған.
Бейбітшілік, Тәуелсіздік бұл – бақыт,
Бұдан басқа сөздеріңнің бәрі жалған.
Аңсап келген батырлар да, хандар да,
Ол туралы аңсамаған жан бар ма?
Еске алайық әрқашанда осы күнді,
Әнмен де жырлайықшы осы мұңды.
2- жүргізуші: Тарих тереңінде қалмай сан мәрте сындарлы кезеңнің сызатын жарып, дүние көшіне ілескен қазақ елінің өткен жолы алмағайып. Ауыздықпен алысып, етігімен су кешкен ауыр күндерге төтеп көнбіс те болды, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» заманда барын шайқап, аста төк жомарт та болды. Әупірім зор заманға тән сұрқылтай күйін де кешті.
1- жүргізуші: Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты. Бүгінгі Тәуелсіздікке дейінгі аралықта халқымыздың сан ғасырлық аумалы-төкпелі тағдыры, арманы мен аңсары, арпалысқа толы кұрес жатыр. Әштей булыққан бұлқынысы мен өкініші, жеңілістері мен жеңістері жатыр. Бүгінде Алтай мен Атырау, Сыр мен Тобыл арасындағы байтақ өлкеде орын тепкен Қазақстан Республикасы ежелден қалған үлы істердің, ұлағатты дәстүрлердің, іргелі мемлекеттердің заңды мұрагері болып саналады. Әдетте, біз қазақ ұлысының қалыптасуын, Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз. Бқл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас.
І.Тарихи көрініс: Керей, Жәнібек сұлтандардың халықпен ақылдасуы.
(Қазақ жерімен, сұлтандарының бейнесі көрсетіледі – бейнефильм)
Керей (Анвар): О, халайық, халқымыздың басына қиын – қыстау кезеңдер келді. Әбілқайыр хандығы құлдырау үстінде. Шығыстан төнген жауға әйел, бала – шағамызды құлдыққа бермейміз осы мәселені бірлесіп шешкен жөн.
Жәнібек (Әділет): Ел болып, өз жерімізге басқару жүргізетін кез келді. Ел болам деген жұртқа ең ыңғайлы кезең. Осы кезді пайдалана алмасақ, енді басымыз бірікпеуі мүмкін. Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр. Олардың қолына түсіп, талан тараж болып кетуіміз де мүмкін. Қазақ деген атпен жеке дара мемлекет құрайық.
Халық дүбірлесіп, талқылауда: «Сұлтандардың атқаны жөн. Иә, жеке мемлекет құрайық, мемлекет қазығын қазатын кезең – осы».
Жәнібек (Әділет): Ендеше, қазақ руларының игі жақсыларын жинандар. Хан кеңесін өткізейік. Қазақ рулары ендігі жерде бір тудың астында біріккен қазақ мемлекеті болсын.
1 – жүргізуші: Мың бұралған биші қыздарымыздың «Қазақ халық» биін қабыл алыңыздар
2 – жүргізуші: Қазақты ел еткен Әз Жәнібек, Тәуке хан, Абылай хандар, жерін қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырларымыз. Елге ақыл айтқан, дауларын шешкен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді.
ІІ. Тарихи көрініс:
Абылай (Диас): Уа, халқымның көсемдері, осынау қиын – қыстау заманда ел басына «жоңғар» деген атпен қара бұлт төніп тұрған жағдайда, халықты біріктірер қариялар өздеріңіздер. Маған сіздердің ақыл – кеңестеріңіз керек.
Төле би (Қанат): Дұрыс, ел болып біріксек, ешқандай жау бізді ала алмайды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді». Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.
Қазыбек би (Сабит): Әр руға шабандоздарымызды жіберейік, халыққа хабар айтсын.
Әйтеке би (Нұртілеу): Жөн. Ел ішінен жол жинауымыз керек. Рулар арасындағы кикілжінді артта қалдырып, айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп, қас жауымызға қарсы шығайық.
Абылай: Туған жерді өзгелерге бермейміз, туған елді басқаларға билетпейміз. Үш жүз алаш бірігіп, жерімізді қорғаймыз. (Бейне фильм)
Тұмарсұлу:
25-жыл тәуелсіз елге,
Жеңіске жеттік қосылып бірге.
Еліміздің болашағын,
Ойлану керек-сізбен бізге!
Тәуелсіздік мерекесі,
Мерей тойын тойлайды.
Бүкіл халық жиналып,
Жылы лебіз жолдайды.
Алқуат:
Атыңнан айналдым қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап деген.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Көрсең де небір сындар азаппенен
Сандуғаш:
Туған жерім жайнаған,
Төбемде көгілдір ашық аспан.
Сарқылдап аққан бұлақтар,
Оларды көру бір арман.
Құтты болсын- мереке!
Ынтымағым биікке өрле.
Жаса жайна қазағым,
Желбіреп ұшқан байрағым!
Тәуелсіздік алған ел,
Ата-бабам төккен тер.
Майданға шыққан батырлар,
Қаза тапқан ағалар,
Бәріне біз қарызбыз
Мәңгілік еске аламыз!
Әділет:
Кең байтақ ұлан ғасыр Қазақстан,
Құшағыңа күн сыйған неткен кең ең.
Қиянат жасаса да қара жүрек,
Мейіріммен қарап тек күлімдеген.
Қиындық өтті талай себебімен,
Орын алып өмірдің өзегінен.
Қалай жетті қолымыз білу үшін,
Сусындаймыз тарихтың тереңінен.
Аманкүл:
Кұтты болсын тәуелсіздік мерекеміз!
Мықты болсын еліміздің керегесі.
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Әлі де шығар аланға Отан үшін
Карсы аққан өзеннен өтетіндер.
Жүректе намыс оты сөнбейді
Кезінде ызғарына аяздың төзгендей–ақ
Түсінеміз, ұғамыз Бұл күннің онайлықпен келмегенін.
Еліміз тыныш, халкымыз аман болсын!
Ұлжан:
Елім барда еңсем биік менің де,
Өйткені мен жүрмін туған жерімде.
Тілім, дінім досым, барлық бауырым
Бәрі менің жүрегімнің төрінде.
Елім барда, мен де бармын өмірде,
Жұлдызың боп жарқырармын көгінде
Отан үшін, елім үшін от кешем,
Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.
Аружан:
Жиырма бес жыл Тәуелсіздік,
Еліміздің тірегі
«Тәуелсіздік» деп соғады,
Бар қазақтың жүрегі!
Бізге сені тәуелсіз қып,
Алла берген ырысым!
Жаса, жаңа Тәуелсіздік,
Жүрегімнің жырысың
2 – жүргізуші: Енді бұрынғыдай атқа мінгізіп, зеңбірекке қарсы шауып, қанға бөккеннен мән шықпайтын еді. Ендігі жол – қараңғы қазақ халқының санасына сәуле шашып, өнер білім арқылы ұлттық санасын оятуды ойлаған қазақ зиялыларының жолы. Олардың із ашары ұлы Абай болса, Шоқан, Ыбырай, Міржақып, Сұлтанмахмұт сияқты тұлғаларды тарих беттерінен оқып келеміз.
1 – жүргізуші: Өткен ғасырдың басында тарих сахнасында: «Оян, Қазақ!» деп жар салған зиялылардың жаңа шоғыры шықты. Дербес мемлекет құруды аңсап, азаттық жолында бастарын бәйгеге тіккен Алаш қайраткерлерінің бәрі де тоталитарлық өктемдіктің құрбаны болды. Отаршыл жүйенің озбырлығын көрген қазақ халқы отызыншы жылдарындағы зобалаң тұсында расан нәубетке ұшырап, қынадай қырылды. Сол кезде саны 5 миллионға жетіп қалған қазақ халқы бірер жылдың ішінде тең жарымынан айырылды. Көпшілігі аштықтан өлді, қалған қазақ айдалып кетті, атылды, жер аударылды. Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Тұрар, Мұстафа, Әлихан, Ахмет ағаларымыз сол нәубеттің құрбаны болды емес па? Бейне фильм)
ІІІ. Көрініс: «Бес арыс»
Тергеуші (Сабит): мына шалды ұстау үшін талай амал жасадық. Сіз Алаш өкіметін білесіз бе?
Әлихан (Қанат): Сен не деп тұрсың? Алашты білмесен, анау мұртты коммисарың сияқты мақұрым қалпыңда қаласың. Мен Алаш партиясының төрағасымын, үкіметінің премьер-министрмін. Дұрыстап қой сауылыңды.
Тергеуші: онда Совет өкіметіне қарай қандай мәселе қозғадыңдар?
Әлихан (Қанат) : Мен тағы қайталап айтамын, Алашорда өкіметінің премьер-министрмін. Біз халық коммисарларының төрағасы Ленинмен «Бір мемлекет екінші мемлекетті мойындады», сондықтан да Советтің құрамына кіреміз деген шарт жасастық. Алашорда өкіметінің 1919 жылы 20 сәуірге дейнгі ешқандай іс жауапқа тартылмайтыны туралы Ленинге арналған қаулысы шықты.
Тергеуші: Сендер Ленин өлді деп оны ұмыттыңдар ма? Кімнің жолымен жүрсіңдер?
Әлихан(Қанат) : ешкімнің жолымен жүрген жоқпыз. Біз Қазақ елі үшін күресудеміз.
Тергеуші: Әкетіндер мынаны, өлім жазасына тартындар, атындар бәрін.
Ахмет Байтұрсынов (Нұртілеу):
Мен өлсемде өлем жөніменен,
Тәннен басқа немді алар өлім менен?
Өлген күні тығыра көр
Мен жоқ болмаймын көміліп тәніменен.
Міржақып Дулатов (Анвар)
Алаштың адал даласы
Армансыз өткен данасы
Қош, бауырым, жолдасым!
Армансыз сенің өз басың
Қабыл болып құрбаны,
Алашты құдай оңдасын.
Мағжан Жұмабаев(Сабит):
Әй тәккапар дүние
Маған да бір қарашы
Танимысын сен мені,
Мен қазақтың баласы
Жүсіпбек Аймауытов(Н.Диас) :
Шықпаса жаным денемнен
Не салса, талдыр көрем мен,
Біз үшін өлмейтін
Бір ғана соған көнем мен.
2 – жүргізуші: Ортада Баймағамбет Дариғаның орындауында «Бұлқынды жүрек» әнің қабыл алыңыздар.
(сахна сыртында айталады)
1941 жыл 22 маусым 3 сағат 55 минут. «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Бүгін 22 маусым күні сағат төртте неміс басқыншылары Кеңес Одағының мемлекеттік шекарасын басып кірді».
1 – келіншек (Б.Әсем): «Соғыс, соғыс» – дейді естідіңіздер ме?
2 – келіншек (Ұлжан): Сұмдық – ай, соғыс дей ме? Енді қайттік? Күніміз не болар екен?
Ана (Н.Әсем): Қойыңдар! Жамандық шақырмандар! Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес па?
Қария (Анвар): Ат басына күн туса, Ауыздықпен су ішер. Ел басына күн туса, Етігімен су кешер – деген.
Ер – азамат (Дархан): «Отан үшін отқа түс күймейсін» деген халқымыз. Ел қорғауға ер намысымен аттанған біздің алдымызда үлкен белес жатыр. Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз. Ендеше, Отан үшін аттанайық!
2 – жүрізуші: Иә, «Жеңіс» бізге оңай келген жоқ. Бұл қасіретті соғыста 70 миллион адам құрбан болса, соның 25 миллионынан астамы Кеңес Одағынан, ал 650 мыңнан астамы қазақ болды. Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін деген ұран әр адамға жалынды күш берді. Кеңес Одағының батыры атағын алған Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов сияқты ағаларымыз болса, Әлия мен мәншүк сияқты апайларымыздың ерлігін ешқан ұмытпаймыз. 500 – ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
1 – жүрізуші: Иә, тарих қойңауыңда тағы да бір кезең. Ол 1986 ж. 16 желтоқсандағы Алматыдағы Қазақстан жастарының көтерілісі еді, Желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбекова, Ербол Сыпатев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова т.б. жастарымыз тәуелсіздік жолында құрбан болды.
ІҮ.Көрініс: «Көңіл толқыны» күйі жәймен орындалып, ортада Ана отырады. Сахна сыртынан Қайраттың рухы:
Елбең, елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып
Ақсауыт киген темірден
Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей көр! – деген Қайраттың дауысы естілді.
Ана (Нурила): Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай буырқанған тасқынды бұл үн кімдікі өзі? Жас тұлпар тұяғының дүбірі естілгендей ме өзінен? Оқыстан шыққан айқай – шуды, сол шуға бүйірі қызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім? Ойпырмай, ия, ия, сол дауыс қой мынау, Қайраттың дауысы ғой, таныдым. Тоқыраудың тоғышарлары тобықтан қағып құлатқан Қайратымыздың үні ғой бұл. Ия, ия, дәл сол! Қалай болып еді өзі?!
1- жүргізуші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин ешкімнің пікірінсіз тағайындалған еді ғой. (Ана ортадан ақырындап кетеді)
Б.Әсем:
Тәуелсіз боп атты халқым сенімі,
Мұз боп қатқан қайғы-мұным еріді.
Ақ шыңдары тауларымның биіктеп,
Кең тыныстап ұлы далам кеңіді.
Тауымыз бар таңыратқан шыңымен,
Ұл-қызым бар, даламыз бар ұлы кең.
Алдарыңда басымды иіп өр халқым,
Құттықтаймыз мерекелі күніңмен!
Фатима:
Еркіндік ежелден ел тілегі еді,
Ертеңді ойлап көңілім серпіледі.
Еркіндіктің қадірін білетін ел,
Жалынды жастарымен желпінеді.
Елдікті ұран еткен ұлың мен ем,
Жетізетін тарихты тілімменен.
Еркіндікке жетпеген оңайлықпен,
Сан қырлы қазағымның сырын төгем.
2- жүргізуші: Ия, ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16 желтоқсаны еді. Таңертеңгілі сағат 10-да бар-жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды үздіксіз басқарып келген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Генадий Васильевич Колбин ешкімнің пікірінсіз тағайындалған еді ғой.
Ү.Көрініс:
Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады. Барлығы дабырласа: Естідіңдер ме? Бұл не масқара? Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз? Ең болмаса ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды? Жан-жаққа жатақханаларға, институттарға, қыздарға хабар бардыма екен?
1-жігіт (Қанат): Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай, қосылыңдар біздің қатарға!
2-жігіт: Дүрсілкінді қайдан да қоңыр аймақ,
Бағы жана ма қала ма соры қайнап
Ұран жазып қып-қызыл ту көтерген
Бізде шықтық алаңға «Елім-ай – лап»
Ербол Сыпатаев (Нұрлан): демократияны бұғаудан босатыңдар, әр халыққа өзінің көсемі керек.Қазақ жерін тек қазақ билеуі керек. Біз бейбіт шеруге шығамыз! Еліміздің тәуелсіздігіне шығамыз!
Сәбира Мұхамеджанова: Қазақ халқының ары мен намысы біржола өлген жоқ, біз ұлтты қорлауға төзбейміз. Ашық қарсылық көрсету керек. Осы жолы бас көтермесек мәңгі тапталамыз! Отаншыл деген рухы бар қыздар, алға!
3-жігіт: Ескерусіз дін жатыр сүресінде
Қақпақ қойып ауызға, көзді байлап.
Санаспайды-әй, бұлар тегі ешкіммен
Жариялылық дегенің елес, білем.
4-жігіт: Жолдастар, Қазақстанның бостандығы, тәуелсіздігі жасасын!
Ләззат: Сүрмейтұғын болдық қой күймей ғұмыр
Көлеңке күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген,
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?
Гүлнәр: Өгей қозы біз болдық енемізге
Келімсектер шықты ғой төбемізге
Ақиқат жоқ маңайың толған аңыз
Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.
1-жігіт: Қашыңдар! Десант! Қырып жатыр! Қашыңдар!
/Осы кезде жан-жақтан милиция, солдаттар қоршай бір дөкей шығады./
Милиция: Тараңдар әйтпесе күш қолданамыз.
(Ешкім қозғалмайды, осы кезде жаңағы дөкей қолын сілтеп қалады. Сойылмен соғу, қыздардың шашынан сүйреу, тепкілеу, айқай шу, қызыл қанға боялады)
Сол кезде қыз: Бар болғаны осы еді «қылмысыз»
Савитскийді көрген жоқ бір кісіміз
Кейін соның қазасы таңылғанда
Аң-таң болып, қан жылап тұрды ішіміз
Қыз: Темір құрсау біздерді бүргені шын
Мұң шағады қапаста кімге құсың
Ақ-қараңды тексерер түрме деген
Концлагерь болды ғой біздер үшін
2-жігіт: Жолдастар, қорықпаңдар! Бостандық біздікі!
Барлығы бірге: Бостандық! Тәуелсіздік! Еркіндік! /Видео «Желтоқсан желі»
1-жүргізуші:
Қазір елім достықтың гүлстаны,
Қуаныштың, бақыттың ырыс бағы.
Мейрамдарын барша халық бірге тойлап,
Мұнда бәрі қосылып ту ұстады.
1- жүргізуші: Ия, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі қалатын бұл жойқын шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды. 19-желтоқсан. Ауруханаға бас сүйегі мен миынан жарақаттанған энергетика институтының екінші курс студенті Ербол Сыпатаев әкелінді. 23-желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол біреудің жалғыз баласы еді. «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.
2 – жүргізуші: Сол бір ерте түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз, армансыз тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазағыңның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің-ау. Еліңнің сен намысы үшін Құрбан еттің жаныңды Мазақ етіп қорлай алмас Ешкім сенің арыңды.
1 – жүргізуші: Сәбира, Сәбира Мұхамеджанова бар жоғы 16 жаста еді. 26-желтоқсан күні Астанадағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін өзінің ар- намысына, анасына, атасына масқара сөздер айтып, балағаттағанына училищеден жазықсыз шығарылғаны үшін шыдай алмай, Өскемен педучилищесінің 1- курс студенті Сәбира Мұхамеджанова жатақхананың 5-ші қабатынан құлап өлді.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің
2 – жүргізуші: Ия, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы күні. Ол 1987 жылдың 1-қаңтар күні үйінде жаңа жылды тойлау үстінде тұтқындылған еді.
1-жүргізуші:
Қазақ «мың өліп, мың тірілсе де» қазақ болып қала берді, әр ұрпақ өзінен кейінгілерге тәуелсіздікті арман етіп, ұлттық мақсат ретінде аманат етті.
ҮІ. Көрініс:/сахнада Қайрат пен жеңгесі дастархан басында отырады. Үйге миллиционер жігіт кіреді/
Миллицонер жігіт:Біз органнан келдік Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік. Прокурордың санкциясы бар. Міне!
Жеңгесі: Қайрат, бері кел.
Миллицонер жігіт: Тез жинал, бізбен бірге кетесің.
Жеңгесі: Ойбай-ау бұларың не? Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді? Әке-шешесіне не бетімізді айтамыз.
Миллицонер жігіт:Жеңеше, сабыр етіңіз! Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты. Анық-қанығын тексерген соң қайтарып жібереміз. /Осы кезде Қайратты миллиционер алып кетеді/
1-жүргізуші:
Маңдайына жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы
сағатына дейін мынау алдамшы дүниеден рахым күтіп,
күдерін үзбеген сұңғыла жігіттің көңілі кім үшін, не
үшін мерт болуға тиіс екенін сезе бастаған
тәрізді.
ҮІІ.
Көрініс.
Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр.
Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты
шаршап, былай дейді:
«-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран
бостандық!!!
Жалалы боп, қатты батты жаныма,
Жазалаушы қағаз алдым қолыма.
Жігіттер-ай, айтып-айтпай не керек,
Жазған екен маңдайыма сорыма.
Біріншіден, мен сағындым анамды,
Екіншіден, бұл құдайға не қылдым?
Бостандықта еркін жүрген жан едім,
Енді, міне, абақтыға
жабылдым.
(Тергеуші Қайраттан сұрақ алады.)
Кезекші:
Заключенный
Рыскулбеков на допрос.
Тергеуші:
Айыпкер
Рысқұлбеков, сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің
бе?
Қайрат:
Егер ол
көшеге бармасам оларды қайдан
көремін?
Тергеуші:
Савицкийді
сен өлтірдің бе?
Қайрат:
Жоқ,
өлтірген жоқпын?
Тергеуші:
Сенің ұрып
жатқаныңды біреу көріпті
ғой.
Қайрат:
Олай болса
мені сол адаммен беттестір, бұл өтірік
жала.
Тергеуші:
Ах, ты,
декабрист несчастный. Я тебе покажу өтірікті!
Жала дейді еще!
Ей, Рыскулбеков, сен, «Савицкийді өлтірдім»
деп
мойныңа ала
сал, сонда сенің жазаң жеңілденеді.
Егер,сен Савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң, әкеңе
тиіспейміз. Әйтпесе әкеңді
де…
Қайрат:
Жолдас
тергеуші, бұл жала ғой! Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай
мойындаймын, адам түгіл тышқанды да өлтіріп көрген
емеспін.
Тергеуші:
Заключенный Рыскулбеков, сен ақымақ
болма, «Савецкийді өлтірдім» деп мойында. Бұл – бір.
Сен әкеңнен 4 мың сом алып, мына менің алақаныма сал, бұл – екі.
Түсіндің бе,
мақұлық?
Қайрат: Жолдас тергеуші! Айылда әзер күнін көріп
отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша
төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым
жоқ.
Тергеуші:
Әкетіңдер, құртыңдар,
атыңдар!
Қайрат:
Тоқта! Айтар сөзім бар.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым
бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар. (Қайратты кісендеп алып
кетеді.)
1- жүргізуші: 8-сыныптың орындауындағы «Желтоқсан желі» әнін желтоқсан құрбандарын еске алып, тағзым етіп қосыла шырқайық!
2- жүргізуші: Пешенесіне жазылған аз ғана ғұмырдың соңғы сағатына дейін рахым күтіп, кім үшін, не үшін мерт болуға тиіс екендігі сезе алмаған еді.
1-жүргізуші: Ербол, Қайрат, Ләззат, Сәбира т.б. сынды аға-апаларымыздың есімдері ешқашан ұмытылмайды. 1986 жылдың Желтоқсан құрбандарына тағзым етіп, 1 мин. орнымыздан тұрып үнсіздікпен еске алайық.
2-жүргізуші:1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика деп жарияланды.
Қазақстан қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл. (Бейне фильм)
1-жүргізуші: Сапарбек Қанаттың орындауында «Илигай» күйін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші:
Туған жерді сүю – парыз
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз
Күзетіне тұру – парыз
1-жүргізуші
Пайдамыз тиіп Отанға,
Риза болсын халқымыз
«5» тік болсын бағамыз
Білімнен бақыт табамыз.
Хор: 8-сыныптың орындауында «Қазақ елі осындай» әнің тамашалаңыздар.
2-жүргізуші. Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ендігі сөз кезегін тәрбие сағатымыздың арнайы қонақтарына береміз.
21