Материалдар / Тәрбие сағаты: "Тәуелсіздік-тәңірдің тәтті сыйы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты: "Тәуелсіздік-тәңірдің тәтті сыйы"

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшіге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2020
2953
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тәуелсіздік-тәңірдің тәтті сыйы»
Мақсаты:Балаларға Тәуелсіздік ұғымын  туралы түсіндіру.Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру,патриоттық,Отаншылдық сезімін ояту,елін,жерін,құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырып,гимн,суреттер,видео т.б

Барысы:

І . Гимн орындалады

ІІ. Кіріспе (мұғалім)

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 29 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Еліміздің ұлық мейрамы – Тәуелсіздік күні келеді. Иә, бұл мереке – ұлық мереке, шын мәніндегі ұлы мереке. Бабалардың талай ғасыр аңсаған арманына біздің ұрпақ қол жеткізді. Бұдан артық қуаныш бар ма! Адамның ең басты бақыты – Тәуелсіздік. Ұлттың да басты бақыты – осы. Ендеше, барша қазақ өз бақыты үшін десек қателеспейміз. Біз биыл бұл мерекені 29-шы рет тойлағалы отырмыз.

ІІІ. Негізгі бөлім
Құрметті оқушылар. Сіздерді еліміздің ең атаулы мерекесі 16-желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де, ұмытылмайтын оқиғалар болды
16-желтоқсаннан кейін арада бес жыл өткенде 1991жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды.
Тәуелсіздік бұл басымызға қонған бақ, бақыт!

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдым.
Желтоқсанда егеменді ел болсың деп талпындым.
Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның.
Айналайын,айналайын, қасиетті халқымның.

Оқушы
1917 жылғы бостандыққа қолымыз жетпеді. Өз жерімізде өзіміз қырғынға ұшырап, қуғынға түстік. Мыңдаған жандар ата-жұртын тастап, көшуге мәжбүр болды.
Оқушы
1923-33 жылдарда болған адам нанғысыз ашаршылықта 6 млн дай халықтың 2 млн опат болды. Тағы аштық, жалаңаштық, өлім. Әлі жоқ, дымы құрыған сорлылар елін тастап, көшуге мәжбүр болды.

Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Оқушы
1941-1945 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған а, апат соғыста бірлік, достық жолында жанл қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты азаттықты қорғап е рекше ерлік көрсетті.

Оқушы
Сонау жылы Жер – көркі
Соғыс бұлты торлаған
Сонда мәншүк апамыз
Жаудан елді қорған

І-жүргізуші
Енді, міне, егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болдық. Өшкеніміз жанып, тарихымызды қайта жаздық. Елдің рәміздерімізді жаңадан жасадық мемлекетіміздің орталығын өзіміз таңдадық

5-оқушы
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы жоғарғы сессиясы тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды 6-оқушы

1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа самғады

7-оқушы
4 маусымда Президентіиіз Қ.Р-ның мемлекеттік жалауы, ел таңбасы, ән ұраны туралы Қ.Р заңдарына қол қойды.

8-оқушы
28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш ата заңы қабылданды.

9-оқушы
1993 жылы қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

10-оқушы
1996 жылы 30 тамызда Қазақстан Конституциясына 1 жыл толды. 16 желтоқсанда Қ.Р тәуелсіздігінің 5 жылдық мерекексі атап өтілді.

11-оқушы
1997 жыл >Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы< болып белгіленеді.

12-оқушы
1998 жылы Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы болды.

13-оқушы
1999 жылы Ұрпақтар бірлігімен сабақтастығы жылы болып белгіленеді.

14-оқушы
2000 жылы Мәдинетті қолдау жылы

15-оқушы
2001 жылы Қ.Р-ның тәуелсіздігіне 10 жыл толды.
16-оқушы


Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің


2020жыл- Қ.Р тәуелсіздігіне 29 жыл!

Хор Тәуелсіздік туы берік қолда!

IV. Қорытынды
Тәуелсіздік – тәңірдің сыйы. Ол оңайлықпен келген жоқ бізге.Тәуелсіздіктің 28 жылы ішінде егемендік пен елдіктің береке мен бірліктің, ынтымақтың туын жоғары көтере білдік. Ендігі мақсат – Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, басқа қонған баытты бағалай білу.

Азаттық ұраннын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы, тарих атты қарт шежіренің қойнауына алтын әріптермен жазылған күн, егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі- Тәуелсіздік құтты болсын!







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!