Материалдар / Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік тұғырың, егемендік елдігің" 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік тұғырың, егемендік елдігің" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тәрбие сағаты жоспарының ізденуші ұстаздарға, әсіресе жас мамандарға пайдасы тиеді деген ойдамын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1162
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Тәуелсіздік тұғырың,егемендік елдігің

Мақсаты:Оқушылардың бойында Отан сүйгіштіктілік сезімдерін қалыптастыру.

Ұлттық құндылықтарымызды біліп өсуге,ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Біздің сыныбымыздың «Тәуелсіздік тұғырың, егемендік елдігің» атты тәрбие –сағатына хош келдіңіздер! Қазіргі кезде біз ашық аспан,жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүрудеміз, білім алу үшін мүмкіндік мол. Еліміздің тәуелсіздік алуы, кеше құрбан болған бауырларымыздың арқасында.Бұл жолда қаншама жастардың өмірі, тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстаудан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

2-жүргізуші: Қазақ халқы еркіндікке жеті үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған тарихы бар Қазақстан ғасырлар бойы армандаған өз тәуелсіздігін алды. Ал 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталды. 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

1-жүргізуші. Бұл күн- Қазақстан тарихында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан желтоқсан бүкіл халықтық мереке.

2-жүргізуші. Осы оқиғаға байланысты көріністі тамашалаңыздар.

Көрініс

Темір тордың ар жағында Қайрат өлең жазып отыр. Өлеңін оқиды.

Қайнама қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып

Қырып салды табанда

Сөйлесем даусым жетпейді,

Кез болдық мынау заманға

Шовинизм еді ғой

Басты себеп жанжалға.

Осы кезде екі жендет Қайратты сот залына әкеледі.

Хатшы. Отырыңдар!

Сот үкімді оқиды.

Сот: Алдындағы сот нәтижесі бойынша:

Қазақ КСР Жоғары сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рұсқұлбековтың айыптау ісін қарай отырып, жоғарыда айтылған оқиғалардың негізінде Қазақ КСР қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287, 299 және 301 ьаптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді. Қайрат Ноғайбайұлы Рұсқұлбеков кінәлі деп табылып мынандай қылмысының жазаға тартылсын: Қазақ КСР Қылмыстық Кодексінің 60-бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 171-1 бабы бойынша ең жоғары өкім жазасына,атуға кесілсін.

Анасы: Жоқ, бұл үкім дұрыс емес. Менің балам ақ, ол қымыскер емес.

Хатшы: Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңдар.

Сот: Қайрат Рұсқұлбеков ақтық сөзің бар ма?

Қайрат: Бар.

«Ақтық сөз!» Өлеңін оқиды.

«Ақтық сөзің не?»-деген,

Бүгін қойды сот сұрақ.

Айтамын оны халқыма,

Жоқ пиғыл менде жасымақ

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қамым бар,

Бозторғайдай жасым бар,

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты-құрбандық,

Атам десең атыңдар!

Хош бол анам артымда,

Ағайын, туған-азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ер жұртым саған аманат!

Сот: Бүгін сот жабық.(Екі жігіт Қайратты залдан алып кетеді. Осы кезде апасы баласының соңына жүгіреді.)Осы кезде Қайрат «Анама» деген өлеңін оқиды.

Қайрат: Дамир өзі оқиды

Мейіріміне, ақ жүзіне анамның

Көңіл жүдеп, көз жасаурап қараймын

Кешір ана, кешірімшіл едің ғой,

Кемістігі көп қой мынау балаңның.

Кейін білдім, кеш ұғындым, өкінем,

Өкінем де, басымды иіп өтінем,

Кешір ана, кешірімшіл едің ғой

Қолыңнан тым, ерте ұзап кетіп ем. Анасы жылап кетеді.

1 Жүргізуші: Алматы сәулет құрылысы институтының студенті Қайрат 21 жасқа келгенде, түрменің 21-ші камерасында, 21-ші мамыр күні қапаста дүниеден өтті.

2 жүргізуші: Қазақстан жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады.

1жүргізуші: Сабира, Лаззат апаларымыздың басынан кешкен қайғы-қасіреттерін ешуақытта ұмытпаймыз. Жазаға тартылған 99-дың 76 ерлер, 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен апаларымыздың ішінде Лаззат туралы айтқым келеді. Ләззат Асанова 1970 жылы 27 шілдеде Талдықорған облысы Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Жастайынан зерек болған. Мектепті үздік бітіріп, Алматыдағы П.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен қазақтың қайсар қызы 1986 жылы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болды.

2 жүргізуші: Келесі кезекті оқушыларға береміз

Аяулым:

Азапты ауыр күндер артта қалды,

Еркіндік ернеуінен таптық балды.

Тізгінін тәуелсіздік қолға ұстап,

Шаттанып шаңырақта жақтық шамды.

Аружан:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Аяулым:

Асқақтап көк байрағы аспанымда,

Қазақ тұр төрткүл дүние асқарында.

Жаны жас, жүрегі мәрт елмін бүгін

Азаттық арайланып дастанында.

Аружан:

Тәуелсіздік-ардақты асыл ұғым,

Тәуелсіздік-қасиетті ұқсаң сырын.

Тәуелсіздік алған ел бақытты ғой,

Тәуелсіздік жайында осы жырым.

Ерзат:

Тәуелсіздік келген жоқ оңайлықпен,

Бүгінгі жарқыраған келбетімен.

Тарихты сараласаң көзің жетер,

Қатпарын жаза біліп рет-ретімен.

Венера:

Тәуелсіздік аңсаған қайран елім,

Талай ғасыр соғыста қорғап жерін.

Арпалысып, алысып сыртқы жаумен,

Сақтай білді қазақтың ел бірлігін.

Темирлан:

Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,

Өткен жолын жалғанда ұлы дастан.

Болашағыңа қарасам көз жіберіп,

Аумайсың атылмақшы жас барыстан.

2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасынан кейін, әділдік орнады ма, Ділназ қалай ойлайсың?

1-жүргізуші. Әрине, әділдік үшін құрбан болған аға-апаларымыздың арманы орындалды. Үміттері ақталды.

2 жүргізуші:Балалар, өткенге шолу жасайықшы?

Слайдтан 1991 жыл мен 2017 жыл аралығындағы еліміздегі толағай табыстарды көрсетіп, қысқаша әңгіме жүргізу.

1 жүргізуші:

Тәуелсіздік- шырайлы лағыл таңсың,

Жүректерге үміт боп жағылғансың.

Аяулысың білмеген алақаннан,

Суып барып, қайтадан табылғансың.

Біздің қалайтынымыз хормен: Бейбітшілік, Тыныштық, Бостандық, Еліміздің босағасын нығайту.

«Елім менің» хор

2-жүргізуші.

«Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсен тілегіміз

Бірік барда тірлік бар»- деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз!

1 жүргізуші: Құрметті ұстаздар, сыныптастар осымен ашық тәрбие сағатымыз соңына жетті. Баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, Отанымызға тыныштық тілейміз!









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!