«А.С. Макаренко атындағы №6 орта мектебі мектепке
дейінгі шағын орталығымен» Мемлекеттік мекемесі
(Тәрбие сағаты)
Бастауыш сынып мұғалімі: А.М.
Имашева
Талдықорған қ.
«Тәуелсіздік туы
желбіресін!»
Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда
орталықтың әміршіл – әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас
көтеріп, демократия жолында құрбан болған ұл – қыздарымыздың
ерліктері жайлы түсінік беру. Өз Отанына, туған жеріне деген
сүйіспеншілікті арттыру, Өз елінің тілін, салт – дәстүрін, тарихын
білдіре отырып, патриоттық рухта
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының
суреттері, нақыл сөздер жазылған
плакаттар.
БАРЫСЫ
Мұғалім: Балалар, сендер 16 желтоқсан тәуелсіздік
күні екенін білесіңдер. Ал біз оған қалай жеттік?
Сол
бір сәтте бұлт торлады аспанды
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік Желтоқсанмен
бітпейді
Тәуелсіздік күресі енді
басталды.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Асау аттай өз тізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын иілтіп,
Талай дұшпан төрімізге
өрледі.
16 желтоқсан оқиғасынан кейін
арада 5 жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айының 16 күні қазақ елі
шынайы тәуелсіздік алды. Биыл міне, 22 жыл толып отыр. Тәуелсіздік,
бұл басымызға қонған бақ, бақыт.
1986 жыл желтоқсанда отты
оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты.
Желтоқсан желі дауылға айналды.Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс
құдіретін әлемге паш етті.
Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздігі жолында
Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Спатаев, Жансая Сабитова,
Сәбира Мұхамеджанова сияқты көптеген қазақ жастары желтоқсан
оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп құрбан болды.
(Суреттері көрсетіледі).
Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан Желтоқсан
оқиғасының алғашқы құрбандары - Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,
Ербол Спатаев, Жансая Сабитова, Сәбира Мұхамеджановаларды 1 минут
еске алып, олардың рухтарына тағзым ету біздің парызымыз. (1 минут
үнсіздік)
1 –
оқушы: Шын асыл тұра ала ма жарқырамай,
Халқымнан туар батыр әлі талай.
Ерлерін елім мақтан етер
мәңгі,
Қайрат, Ербол, Ләззат пен
Сәбирадай.
2 –
оқушы: Асқар тау да – сенікі
Бау
– бақша да сенікі,
Қалтықсыз доспенен
Қатал жау да – сенікі.
3–
оқушы: Өзіңдікі – Туың да,
От
пен ауа, суың да.
Жаса, Қазақстаным
Белді бекем буын да!
4 –
оқушы: Тәуелсіздік – 11 әріптен құралған,
Сан
ғасырлар бар қазаққа боп арман,
Талай дара, даналардың көз
жасы,
Қаныменен атты таң боп бізге
алдан.
5 –
оқушы: Тәуелсіздік қасиетті ұғым біл,
Ей,
келешек жан – тәніңмен ұғып біл.
Он
бір әріп не мағына береді,
Ал
талдайын, жеткенінше қызыл тіл.
6 –
оқушы: «Т» білдіреді теңдікті.
7 –
оқушы: «Ә» әдептілік әлдікті.
8 –
оқушы: «У» уайымсыз уақытты.
9 –
оқушы: «Е» егемендік, елдікті.
10
– оқушы: «Л» дейді лағып, лепірме.
11
– оқушы: «С» сенімділік секілді ең.
12
– оқушы: «І» ілтипат пен ізет қой.
13
– оқушы: «З» зиялылық тілек қой.
14
– оқушы: «Д» шақырады достыққа.
15
– оқушы: «І» ілкімді боп сақтыққа.
16
– оқушы: «К» дейді күн бол көктегі,
Көз
алартпа, көршілерге қол сұқпа.
17
– оқушы: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы
ағыс.
Егемендік – ел бақыты етреңі
О,
халайық! Құтты болсын қуаныш!
18
– оқушы: Желтоқсан 16 – сы – мейрам күні,
Аңсаған қазақ халқы көптен
мұны.
Тәуелсіз өз алдына ел атанып,
Қуанып көкіректен шықты мұңы.
19
– оқушы: Бастаған болашаққа туған халқын,
Президент жұрт алдында берген
анты.
Ынтымақ пен бірлікті ұран етіп,
Әлемге таныстырды қазақ халқын.
20
– оқушы: Желбіреді көгілдір байрағымыз,
Елтаңбамыз – айбарымыз.
Ел
бірлігі көтерсе көңілімізді,
Таңындай Тәуелсіздік
жайдарымыз!
Қортынды. Тәуелсіз елдің білімді,
салмақты, байыпты, саналы да салауатты азаматы болуға тырысыңдар,
балалар. Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Ұзағынан
сүйіндірсін!
Аршындай бер, адымдай бер,
Тәуелсіз Қазақстаным!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ
ОРЫНДАЛАДЫ.