Тәрбие сағаты «Тәуесіздік –бақыттың бар бастауы» 5-8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты «Тәуесіздік –бақыттың бар бастауы» 5-8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелосіздік күніне орай сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек бола алады. Оқушыларды патриоттық бағытта тәрбиеге баулу көзделген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Тәуесіздік –бақыттың бар бастауы»

Мақсаты: оқушылардың туған елін, жерін, Отаның сүюге сүйіспеншіліктерін арттыру;

жас ұрпақтың бойында еліне, Отанына, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру;

еліміздің мақтаныштарының үлгі-өнегелерін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Түрі: тәрбие сағаты

Әдісі: әңгімелеу, түсіндірмелі.

Пәнаралық байланыс: музыка, тарих.

Көрнекілік: слайдтар, театр реквизиттері,

Барысы:

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгін Тәуелсіз ел болғанымызға жиырма бес жыл толған мерейлі күнді атап өткелі отырмыз.

Еліміз егемендік алып, санамыз қайта жаңғырды.

Өз жеріме өзім ие болған күн,

Тілім таза бостандығын алған күн.

Елтаңбан мен көк байрағым желбіреп,

2-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын, аспанымыз ашық болып, еліміз, жеріміз аман болсын! Тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығы құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

1-оқушы: Елімнің атын айтсам –Қазақстан.

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаға толған мекен.

Байлығым атын айтсам- Қазақстан.

2-оқушы: Тәуелсіздік бұл бақыт,

Сарқылмайтын шаттық қой.

Көздің жасын құрғатып

Келген бізге қой.

1-жүргізуші:Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиындықты бастан кешірді

2-жүргізуші:Абылай заманы- батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны толғанша ел мен жер үшін айқаскан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қанша!



Көрініс: Жоңғар ордасы. Хан тақта отыр.

Уәзір: Ләппәй тақсыр! Қазақтар келіп тұр.

Хан: Кірсін! (Бір топ қазақ елінің адамдары кіреді)

Иә, қазақтар! Неменеге келдіңдер!

Айтатыңдарыңды айтыңдар да үйлеріңе қайтыңдар!

Қазыбек би:Біз қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Досымызды сақтай білген елміз. Елімізден құт-береке қашпысын де,найзаға үкі таққан елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса,күн боламын деп тумайды. Қазақ, қалмақ баласы табысқалы келгенбіз.Сен темір де, біз көмір, еріткелі келгенбіз.

Хан:Балам,атың кім?

Бала:Атым Қазыбек, әкем Келдібек би, ұлтым қазақ, руым қаракесек.

Хан:Ендеше,дауысын қаздың дауысындай қанқылдап шығады екен, есімін Қаз дауысты Қазыбек боп қайта жаңғырсын. (хан шапалақ ұрады.)

Уәзір: Ләппәй тақсыр!

Хан: Қамаудағы қазақтарды босатыңдар!

Совет Батырхан Сағынай «Күй»

1-жүргізуші:Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге оны ешкім аяп бермеді,

Тәуелсіздік ата- баба арманы

Қандай елмін бүгін міне көр мені!

2-жүргізуші:Біз осы күнге қалай жеттік? Еліміздің тәуелсіздігі үшін шайқас болды. Бұған патриот қазақ жастары қатысты. Олар өз елін, жерін, тілін сақтап қалу үшін шайқасты. Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Сыпатаев Сабира Мұхаметжанова есімдері мәңгі есте қалады.

1-жүргізуші:Қайрат ағамыздың ақтық сөзінен көрініс.

Лейтенат Петров сіздің бұйрығымызбен келді.

Тергеуші: Айпкер Рысқұлбековты тергеуге әкелдіңдер.

Тергеуші:Сен аланға не үшін келдін?Савицкийді өлтіргенінді мойындайсың ба?

Қайрат : Мен ешкімді өлтірген жоқпын.Ақтық сөзімді айтуға беріңдер.

(Қайратты үрып- соға бостайды)

Қайрат:Қайрат деген атым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Күнәдан таза басым бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Қазақ деген затым бар.

Атам десең атыңдар.

Ән: «Сарбаздар»

Ай-хай, ұландарым-ай, қырандарым-ай

Шарықтасын, ай-хай, ұландарың-ай!

(Саз әуенімен зал тілщі келіп, балаларды суретке түсіре бастайды).

2-жүргізуші: Сәлеметсіз бе, сіз кімсіз?

Тілші:Ой, сәлеметсіз бе, мен Астана телеарнасынан келген тілшімін. Бүгінгі Тәуелсіздікке арналған мерекелік шара туралы сұхбат жүргізбекшімін. Мен қонақтарға рұқсат болса бірнеше сұрақ қойсам деймін, болады ма?

1-жүргізуші: Иә, әрине, қойыңыз. Біз жауап беруге дайыңбыз.

Тілші:

-Бас қаламыз қай қала?..

-Қазақстан Республикасының Президенті кім?..

-Бүгін қандай мерекені тойлап жатырсыңдар?..

-Қазақстан Республикасының рәміздеін атап беріңдер?..

Тілші:Жарайсыңдар, келесі кездекен ше сау болыңыздар!

Ән «Отан» 6 сынып оқушылар

2-жүргізуші: Міне, осындай егеменді еліміз,

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

1-жүргізуші: Еліміз бар егемен,

Алып едік не деген?!

Батыр десе батырмыз,

Ақын десе ақынбыз

1-оқушы: Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық.

2-оқушы:Қазақ халқы мәңгі жасасын!

3-оқушы:Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын.

4-оқушы: Тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығы құтты болсын! Аспанымыз ашық болып, еліміз, жеріміз аман болсын!

5-оқушы:Тәуелсіздікке қол жеткізген күніміз баршамызға құтты болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін!

Ән «Қазақстан»







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2018
1198
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі