Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты "Темекіні таста! Жаңа өмір баста!"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мақсаты: оқушыларды зиянды әдеттерден сақтандыру, темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлері, олардың алдын алу шаралары туралы білуге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме? Біз өзіміздің ой-думанымызды бастаймыз. Бүгінгі біздің бағдарламамызға тарих, социология, биология, медецина, химия саласының мамандары қатысып отырсыздар. Біздің ой-думанымыз қызықты, проблемалы және әсерлі болуы сіздердің белсенділіктеріңізге байланысты. Думанның тақырыбын хабарламас бұрын мына әнге құлақ салсаңыздар деймін.
(«Шашбаулымның» әніне салып екі оқушы шығады, бір оқушы орындықта темекі шегіп отырған адамды көрсетіп отырады).
Бұл отырған шылымқор,
Сорады кеп шылымды ол,
Қанша айтсаңда алмайды,
«Тартпа» деген тіліңді ол.
Қой, десең де қоймайды,
Көк түтінге тоймайды,
Сора-сора уыты, өн бойыңды жайлайды.
Кірпік әсте қақпайды,
Жөтел қысып, жатпайды,
Бірақ шылым сорғанда,
Аузы тыным таппайды.
Шылымсыз тек жүрмейді,
Жоқ боп қалса тілдейді,
Бірақ оның зиянын, білсе дағы білмейді.
Жүргізуші: Бұл тыңдағандарыңыз шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы. Бүгінгі әңгімеміз осы қоғамдық туралы болмақ. Яғни, ой-думанымыздың тақырыбы: «Темекі шегу: сәнге берілу ме, әдет пе, ауру ма?». Осы тақырып туралы ой-пікірімізді ортаға саламыз.
Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу тіпті жараспаған. Ал кісі өліміне апаратын жаман әдет бізге қайдан келді?
1-оқушы: Темекі адамзатқа ерте кезден белгілі болған, оны діни ғұрыптарға пайдаланған. Еуропалықтардың шылым шегуге қатысты тарихы былайша басталған. 1492жылы Христофор Колумбтың әйгілі «Пинта» кемесінің матросы Родриго Гриана «Алда жер көрінеді» деп айғай салады. Олар бейтаныс құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлайды. Осы жерде жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен қатар «петум» деген шөптің кептірілген жапырақтарын ұсынады. Олар күнге кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап, шегеді екен.
Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері, балалары да темекі шеккен. Колумбтың матростары достастық белгісі ретінде «өмір түтігін», яғни темекіні шеккен.
2-оқушы: Ал 1496жылы испан монахы Роман Пано Еуропаға мәдени өсімдік ретінде темекіні алып келді. 1559жылы Португалиядағы француз елшісі Жан Нико Франция патшайымы Екатерина Медичиге бас ауруы қайталаған кезде темекінің кепкен жапырағын иіскеуді ұсынып, осы жапырақты сыйлайды. Нико мұны темекінің барлық ауруға дерлік шипалы қасиетін айтып кітап жазған испандық ботаник Николай Менардестен естіп білген еді. Осылайша темекіні иіскеу өзіндік модаға айналды. Темекінің зияны туралы кейінірек белгілі болды. Осыған байланысты бұл дәріні тек дәріханаларда ғана сату керек деген ХІІ Людовик қаулы шығарды бірақ темекіні тарту мен иіскеуді әдетке айналдырғандар оны қоя алмады. Ресейге темекі ХVІІ ғасырдың басында келді және оны тартқандар қатаң жазаланды. 1768жылы І Петр темекіге тыйым салғанды жояды. Содан бері темекі шегу кең тарай бастады. Темекі шегу біртіндеп Қазақстанға да келді. 2002жылы шілденің 10 күні Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» Заң шықты.
Жүргізуші: Түтік, папирос, сигарет... Бұл заттарды біз үнемі көріп жүрміз, бірақ осылардың ішіне үңіліп көрдік пе? Сигареттің іші немен толтырылғанын білу үшін сөз кезегін биологқа берейік.
3-оқушы: Темекі алқа тұқымдастар класына жатады. Бұл тұқымдастың 66 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Австралия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің 3түрі өседі. Ол бір жылдық шөп, гүлдері түтікше тәріздес, насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішіне орналасқан ұсақ тұқымдар. Бір грамында 10000 тұқым болады. Өсімдікте басқада улы алколоидтар бар. Темекінің жабайы түрі өсетін жерлерде оның жапырағын жеген малдар уланып, қырылып қалады. Мәдени және дәрілік өсімдік ретінде тараған темекі қазір 120 елде өсіріледі. Одан жылына 12,6 млрд сигарет экспортқа шығарылады, 3 млрд сигарет басқа елден алынады. Темекі көшет арқылы өседі. Жапырақтары қолмен жиналып, бауланып кептіріледі. Ал Қазақстанда жылына 9 мың тонна темекі өсіріледі. Аздап кебе бастағанда жапырақтары сарғайып, өзіне тән иіс шығара бастайды. Темекі жапырағынан лимон қышқылы, РР витаминін никотин- сульфат жасап, ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы қолданады.
Жүрізуші: Адам үнемі білуге құмартып тұрады. Осыған байланысты, құрметті көрермендер, араларыңызда өмірінде бір рет те болса темекі тартып көргендерге сұрақ қойғым келіп тұр. Бірінші рет тартқанда қандай күйде болдыңыз, осыдан кейін тағы тартқыңыз келді ме, жаман әдетті сіз неге тастап кетпедіңіз?
Ұлы Гетенің тамаша шығармасы « Фауста» мынадай бір қызықты оқиға барын бәріміз біле бермейміз. Жаңа дүниеге Мефистофельмен бірге Фауст та барады. Онда көптеген қызықты нәрселерді көреді, солардың ішінде бұрын соңды көріп білмеген өсімдік- темекі де бар еді. Сонда қай кезде де әр нәрседен хабары бар Мефистофель «Қайдағы бір шоғайна емес, пайдалы шөп! Бұл ескі дүниені бақытқа кенелтеді, оны бір шеккен адам дағдылы ермекке айналдырады» деген.
Темекі шегу неге әдетке айналады? Бұл сұраққа жауапты дәрігерден алсақ.
4- оқушы: Темекі түтініндегі құрамды бөліктер қанға сіңеді, екі- үш минуттан соң ми клеткаларына жетеді де, уақытша белсенділігін арттырады. Бұдан шылымқор өзін уақытша жақсы сезініп, тынышталғандай болады. Біраз уақыттан кейін оны жағдайы қайтадан қалпына түсіп тағы жақсы күйді аңсайды, сөйтіп тағы темекіге қол созады. Осылайша никотин зат алмасу үдерісіне орналасып, адам темекі тартпаса бір нәрсе жетпегендей болып тұрады. Бір жыл ішінде ол адам кәнігі шылымқор болады. Аяқ астынан темекіні тастаған адамның басы ауырып, енсесі түсіп, жүйкесі ауырады, ашушаң күй кешеді.
Жүргізуші: Осылайша шылымға әуестену әдетке айналады. Енді адам неліктен темекі шегеді, сол туралы социолог пікірін тыңдайық.
5- оқушы: Дүние жүзіндегі ер адамдардың 60 пайызы, әйелдердің 20 пайызы темекі шегушілер. Темекіні үзбей тартқан ер адамдардың 16,9 пайызы темекіні 8-9 жастан бастап тартқандар. Жас өспірімдердің 27 пайызы жолдастарының әсерімен, 40 пайызы қызықтап, 17 пайызы үлкендердің қолдауымен темекі шегеді. Жас өспірім шылымқорлардың 85 пайызының әке- шешелері темекі шегетіндер. Темекі шегуші қыздарға келсек: олардың көбі басқалардың назарын өздеріне аудару үшін, сәнді көріну үшін, ешкімге тәуелсіз еместігін, өзіне- өзі сенімді екенін көрсету үшін шегеді екен. Бұрындары темекі шегуші әйелдер өте аз кездессе, қазір 16-17 жастағы қанша жігіт темекі шексе, сонша қыз темекі шегеді. Қазақ «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деп айтады. Темекі шегетін балалардың 80 пайызы бұл әдеттен арыла алмайды. Ал екі сигарет тартқан жас өспірімдердің 70 пайызы тұрақты шылымқроға айналады екен. Қазақстанда шылым шегу салдарынан бір күнде 70 адам қайтыс болады. Олардың жас мөлшері 35-69 аралығында.
Жүргізуші: Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар темекі шегеді?
6- оқушы: Зерттеулер бойынша шылымқорлардың 65 пайызы темекі тартуды тастағысы келгенімен, олардың 80 пайызы өздігінен қоя алмайды екен. Жастардың 20 пайызы ұзақ темекі шегушіліктің зардабын біле бермейді. Біз бір көшедегі тұрғындардан кішкене социологиялық сауалнама жүргізгенімізде: темекі тартатын әйел адам жоқ, 9 ер адам темекі тартады екен. Ең кішісінің жасы 23 те. Темекінің 25 жыл тартқан кісі бар. Барлығы темекінің зияны туралы біледі, бірақ « Темекі шегуді неге тоқтатпайсыз?» деген сұраққа « Шаршағанымды басады, күш беретін сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінем» деп жауап берді.
Мойындарына « Бронхит», « Қатерлі ісік», « Туберкулез» деген тақтайша ілінген оқушылар шығады.
-
оқушы: (Бронхит)
Біз темекі тартатындарды жақсы көреміз.
-
оқушы: ( Қатерлі ісік)
Біз темекі тартатындар қатарын көбейткіміз келеді.
-
оқушы: ( Туберкулез)
Сендердің сандарыңның көбейгені біз сияқты ауруларға өте жақсы.
Күрк- күрк көк жөтел,
Күркілдеген не жөтел?
Жасыңнан шексең темекі,
Түбіңі сенің сол жетер.
Түтінмен ыстап өкпені,
Никотин уын төккені.
Жүректің ұстап талмасы,
Мишықтың құрғап кеткені.
Салауатты өмір сүреміз,
Шекпеңіз енді темекі!
Жүргізушіі: « Адам өмірінің биік шыңы- жастық» деп Гете айтыпты, сол жастық өмірімізді нағыз Эвересттің биік шыңына жеткізейік.