Тәрбие сағаты "Теңге күні"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Теңге күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
Төл теңгеміздің туған күнін атап өтуде пайдалануға болатын тәрбие сағатының үлгі-жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Төл теңгенің туған күні

Мақсаты:Қазақстанның ұлттық теңгеге көшу тарихы мен оның маңызы туралы түсіндіру.Ақша туралы түсініктерін кеңейту. Басқа ел валюталарымен таныстыру.Ақша құнынббілуге,оны қолдана алуға үйрету.Өз Отаны үшін мақтаныш сезімдерін ояту.

Көрнекілігі:слайдтар,суреттер,нақыл сөздер

1-жүргізуші:-Қайырлы күн,Құрметті көрермендер мен студия қонақтары!Эфирде «Қаржы»хабары.Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады.Бүгігінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі,Қазақстанның ұлттық валютасы ,теңге туралы әңгімелейміз.

2-жүргізуші:-«Хабар» арнасындағы «Қаржы»Хабарының бүгінгі санына 45 минут уақыт берілген.Хабарымызға белсене араласып,зейін қойып тыңдап отырыңыздар.Хабарымыздың жүргізушісі -Гүлнар Қорғанбекқызы.

Мұғалім:-Балалар,біз қандай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Тәуелсіз,егемен деген сөзді қалай түсінесіңдер?

(Ешкімге тәуелді емес,дербес,яғни өз мәселелерін өзі шеше алатын,өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет)

-Мемлекет тәуелсіз болу үшін оның өзіндік қандай ерекше белгілері болуы керек?

(тілі,Ата заңы,рәміздері,теңгесі)

-Бүгінгі өздерің айтқан төл теңгеміздің пайда болу тарихы туралы әңгімелейтін боламыз.

1слайд. Басқа ұлттардың валюталарының атаулары туралы айту.

Қазақстан-Теңге

Ресей-Рубль

Қытай-Юань

Өзбекстан-Сум

Қырғызстан-Сом

Түркменстан мен Әзірбайжан -Манат

АҚШ-Доллар

Жапония-Йен

Монголия-Тугрик

Үндістан-Рупий

Франция-Евро

Грузия-Лари

Корея-Вон

Алжир-Динар

Украина-Гривна

Тәжікстан-Томани

Швеция-Крона

Армения-Бран

2слайд.Теңгенің айналымға ену тарихы:

1993 ж 12 қарашада ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ҚР Ұлттық валютасын енгізу туралы»жарлығы шықты.15 қараша күні тәуелсіз еліміздің жаңа ақшасы,төл теңгеміз айналымға енді.Міне содан бері 15 қарашаны-теңгенің туған күні немесе «Ұлттық валюта теңге күні»деп атаймыз.Биыл теңгеміздің дүниеге келгеніне 20 жыл болып отыр.

Теңгені жасау 1991 жылдан басталды.Оның дизайнын жасау үшін Жұмыс тобы құрылды.Теңгенің жобасын жасауға отандық дизайнерлерімізбен бірге шет елдік дизайнер де қатысты.Сонымен Тимур Сүлейменов бастаған дизайншылар тобының жобайы таңдалды.

3слайд.Теңгеміз 1993 жылдан бері талай өзгерістерге ұшырады.Алғашқы банкноттарда қазақтың ұлы тұлғалары бейнеленді.Олар:1.200,500,1000 теңгелерде-Әбу-Насыр Әл-Фараби,3 теңгеде-Сүйінбай Аронұлы,5 теңгеде-Құрманғазы Сағырбайұлы,10 теңгеде-Шоқан Уәлиханов,20теңгеде-Абай,50 теңгеде-Әбілхайыр хан,100теңгеде Абылай ханның суреттері бейнеленді.

Алғашқы ақша Англияда,тиындар Германияда жасалып шығарылды.1995 жылы 19 мамырда ғана Қазақстанда ақша шығарылатын фабрика ашылды.

Қазір айналымда тек 200,500,1000,2000,5000,10000 теңгелер мен 1,5,20,50,100теңгелік тиындар жүр.

Қазақтың теңгесі -дизайны керемет,сақтандыру белгілері сенімді,әлемдегі әдемі валюталардың бірі.Ақшаның түпнұсқасы мен көшірмесін дұрыс ажыратуды әр адам білуі керек.

4 слайд.Ақша не үшін керек?

«Теңге тиыннан өсер,Жылқы құлыннан өсер.», «Ақша кетуге тырысады», «Ақша жүрген жерде достық жоқ» деген сияқты сөздердің мағынасын сұрау.

-Ақшаға не сатып ала алмаймыз?(денсаулық,достық,сезім,адамгершілік,абырой т.б.)

Ы.Алтынсариннің «Малды пайдаға асыру»әңгімесін еске түсіру.

Борышы-ата-анасына берген ақшасы

Қарызы-балаларына деп жинаған ақшасы.

Журналистердің интервьюі:(қонақтарға сауал қояды)

-Қандай адамдарда ақша көп болады деп ойлайсыздар?

-Сіз өзіңізді бай адаммын деп есептейсіз бе?

-Ақшаңыз көп болғанын қалайсыз ба?

-Сізге аяқ астынан мол табыс түссе,қайда жұмсар едіңіз?

1 ереже:Ақшаны умаждамай,әдемі әмиянда ұста.Ақша қамқорлықты жақсы көреді.

2 ереже: «Ар-намысы таза адамның ақшасы аз болады»Ақша байлықтың белгісі емес,басты байлық-рухани байлық.

3 ереже:Ақшаны тек жақсылыққа деп жинаңыз.

Ақшаның күші мен құдіретін білдіретін мына жеті ережені есте сақтаңыз:

1.Мал баққанға,ақша адалдан тапқанға бітеді.

2.Ақша туралы арам ой да зиян.

3.Алаған қолым береген,Үстемелеп берсеңіз,үстемелеп аласыз.

4.Қайырымдылықпен айналысыңыз,шығынның қайтарымы мол болады.

5.Басы артық дүниені басқаларға беріңіз.

6.Жанашырлық танытқанды Жаратқан ием жарылқайды.Біреуге міндетті түрде көмектесетін бол.

7.Өмірдегі басты парызың-қайырым,садақа.Оны ұмытсаң,өзің де ұмытыласың.

Жүргізушілер:

-Ендеше құрметті көрермендер мен қонақтар!Осымен «Қаржы» хабарымыз аяқталды.Ақшаларыңыз әрқашан жақсылыққа жұмсалсын деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
843
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі