Материалдар / Тәрбие сағаты: "Тіл бірлігі - ел бірлігі"

Тәрбие сағаты: "Тіл бірлігі - ел бірлігі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың мемлекеттік тілді кеңінен игерулеріне көмектесу; Дамытушылық: шығармашылық және ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту; Тәрбиелік: бірін-бірі тыңдап, ойларын толықтыруға, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


«Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған

1 арнайы (түзету) мектеп –интернаты» КММ





«Тіл бірлігі-ел бірлігі»

(тіл сайысы)

Өткізген: Кушекова К.К.

Майсатаева А.Д.

Ахметов Е.М.









Петропавл қалас

«Тіл бірлігі-ел бірлігі»

тіл сайысы

Сыныптан тыс іс-шара

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың мемлекеттік тілді кеңінен игерулеріне көмектесу;

Дамытушылық: шығармашылық және ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: бірін-бірі тыңдап, ойларын толықтыруға, мәдениетті сөйлеуге

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: даналық сөздер жазылған плакаттар, шарлар, кітаптар көрмесі, әріптер жазылған қиындылар.

Сабақтың әдісі: іздену, баяндау, сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың байланысы: тарих, орыс тілі, география.

Сайыстың барысы: Жарысқа үш команда 5 адамнан қатысады, жарыс жеті

кезеңге бөлінеді.

І-кезең: Топтың әр мүшесі әріп таңдап алады, қойылған сұрақтарға жауапты сол әріптен басталатын сөздермен ғана жауап береді.

1-топқа сұрақтар:

1.Қандай елде тұрасың?

2.Сенің мектебіңде қандай балалар оқиды?

3.Досың кім?

4.Қайдан келдің?

5.Елтаңбада не бар?

6.Бүгін қандай күн?

7.Қазақстанда қандай таулар бар?

8.Мақал білесің бе?

9.Сен тұратын облысың қандай?

10.Сен қандай адамсың?


2-топқа сұрақтар:

1.Сенің шашың қандай?

2.Қазақстанда қандай жануарлар бар?

3.Сенің сыныбың қандай№

4.Абзал әнді қалай айтады?

5.Көктемде күн қандай болады?

6.Қандай гүлді жақсы көресің?

7.Бір зат есімді ата.

8.ҚР ақын-жазушыларын ата.

9.Сенің анаң қандай адам?

10.Үйге қашан қайтасың?


3-топқа сұрақтар:

1.Сенің көзің қандай?

2.Аспанда не бар?

3.Мектеп мұғалімдері қандай?

4.Көктемде нелер ұшып келеді?

5.Жетісуда қандай өзеңдер бар?

6.Одағай сөзді ата.

7.Досың қандай адам?

8.ҚР қандай жас әншісін білесің?

9.Талдықорған қандай қала?

10.Бір жемісті ата.


Фразеологизмдердің мағынасын түсіндіріңдер:

1-топ:Қарақат көзді-

Жөнге келді-

Абырой болғанда-

2-топ:Із-түзі жоқ-

Ұшарға қанат жоқ

Түйе үстінен ит қапты-

3-топ:Тамақ аңдыды-

Отты көз-

Зыр жүгірді-

Үш топқа бірдей тапсырма:

«Бауырсақ» сөзінен сөз құрау, әріптер бір сөзде екі рет қайталанбауы қажет. Қай топ көп сөз құрайды?

Жаңылтпаш қайталау, топтың барлық мүшелері қайталап шығады. Сүрінбей айтқан топ жеңіске жетеді.

1-топ: Ақ тайлақ па?

Қара тайлақ ақ па?

2-топ: Ұшқыш жақсы ма?

Үш құс жақсы ма?

Ұшқыш та жақсы.

Үш құс та жақсы.

3-топ: Бір қыз кесте тікті,

Кестесін түсте тікті,

Кешке тікті.

Жұмбақ жарыс. Үш топтың қайсысы бұрын шешіп, қолын көтереді, сол топ

жауап береді.

1.Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады (күн).

2.Бір ағашта он екі ұя, әр ұяда отыз жұмыртқа (жыл,12 ай).

3.Аяғы жоқ-жүреді, ауызы жоқ-сөйлейді (хат).

4.Ішіне тамақ салынған, есігі тастай жабылған (жұмыртқа).

5.Ақ көрпесін тұйықтап, қыстай жатар ұйықтап (қар).

6.Онсыз астың дәмі жоқ, ассыз оның мәні жоқ (тұз).

7.Теңіздей түбі терең. Сүңгіген жетер әрең (білім).

8.Қалың киімді ұнатады, шешіңдірсең-жылатады (пияз).

9.Ағайынды бәрі: шықса –көк, түссе-сары (жапырақтар).

10.Тілі жоқ, -

Ақыл –кеңес береді (кітап).

11.Түрі шар сияқты, түсі қып-қызыл, дәмі бал сияқты (шие).

12.Қайнамай піскен, асықпай түскен (жемістер).

Тізбек ойыны. Қала, өзен, тау, көл, аудан, облыс атауларынан тізбек құрайды. Сөз қай әріпке аяқталса, келесі сол сөз әріптен басталуы керек.

Мысалы: Талдықорған-Нарынқол ...

Топтар бір-біріне дайындап келген сұрақтарын қояды.

Қорытынды. Сөз әділқазылар алқасына беріледі.








09 Қаңтар 2018
863
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі