Тәрбие сағаты «Тіл-ең қымбат қазына» 8-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты «Тіл-ең қымбат қазына» 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл күніне арналған тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тіл-ең қымбат қазына»
Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру.
Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қабырға газеті, ақын-жазушылардың суреттері,нақыл сөздер.
Әдісі: Мерекелік іс-шара.
Барысы .
Мемлекеттік Әнұран орындалады.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы:қалыптасқан жаңа мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында: «Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірбиесінен өтіп,біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз.Қазақ тілі-біздің руханинегізіміз.қазақтың болашағы қазақ тілінде»деп тіл мәселесін көтеруде үлкен мән жатыр.Өйткені,бүгініміз бен ертеңімізді түгендеу-қазіргі күннің еншісінде.
1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.
Бүгінгі «Тіл-ең қымбат қазына» атты мерекелік іс-шараны ашық деп жариялаймыз!
Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің, тілім менің-тірлігім!

1-жүргізуші.
22 қыркүйек - Қазахстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады.
Ана тілі - әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
2-жүргізуші.Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халкына Жолдауында «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет.
Соның ішінде, ен алдымен ел егемендігінің көрінісі, құндылығының бірі болып саналатын мемлекеттік тілді - қазақ тілін меңгеру - баршамыздың міндетіміз.
1-жүргізуші.Балалар тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайықшы.
Хадиша : Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы. Шынар: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының жүрегі. Орал: Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
Дильназ:Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болуы керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы, айбынды
Туған тілі - сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр салт - санасы - тірегі,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихи еске алуғақаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Төрт анаға әнін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған
Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.
1-жүргізуші.Әрине, тілімзідің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес.Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық.. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.
Арай : «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді». Ғ. Мұстафин.

Арманай: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ. Мүсірепов.
Жанел: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов.
Хадиша: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.
Дильназ: Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырына
Ақ көңілмен тарта аларсың, сен тілім.
2-жүргізуші : Тілім менің тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің.
Өз халқыма жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің
1-жүргізуші.Көрініс: «Ең қымбат қазына»
Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.
Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
«Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
1-жүргізуші: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
2-жүргізуші:: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
1-жүргізуші: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың - ойы бай» деп текке айтылмаса керек.
Ән «Бабалардың ізімен»
2-жүргізуші.Халықтың тарихта қалуы тітіліне байланысты.Тіл халықтыңжаны ,сәні . Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Өйткені халқымыз дәрежеге емес , дәстүрге бағынған.
1-жүргізуші: Еліміз - Қазақстан Республикасы Егеменді ел атанып , ана тілімізге Мемлекеттік статус берілді. «Тіл туралы заң» қабылданды.
Дильнара: Қуан далам!
Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста
Мұңды жүрек түндігін
«Тіл туралы»
Заңым енді күшіне
Паш еткендей
Кескен жаңа кіндігін.
Жомарт:Қуан бабам!
Қуанатын жөнің бар.
Деген едің
Тіл бар жерде өмір бар.
Халық жауы атандық - ау
Сол үшін ғұмырыңды
Құрбан етіп жолында ар.
Мұғалім: Балалар, бұл өлеңде айтылып отырған , ана тілі үшін құрбан болған жандар кімдер деп ойлайсыңдар?
Оқушылар хормен:Аталарымыз Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев,Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов.
2-жүргізуші.Қазақ халқы ежелден - ақ, тіл қадірін біліп , ақылды дұрыс сөзге бағына білген. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз ұйқасы жатады;
1-жүргізуші:Үш кемеңгер дүлдүлім,
Сақтаған ел бірлігін!
Қазақта қара қылды қақ бөлген
Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің сөз үлгілеріне зер салайық.
Төле би Уа, халқым!
Көсіле шабар жерің бар!
Тау көтерген елің бар,
Қол бастайтын ерің бар,
Атадан қалған сарс жолың бар.
Сөз қадірін біліңдер!
Қазыбек би.Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз.Басымыздан сөзді асырмаған елміз!
Әйтеке би:Тамыры суда тұрса да
Уақыты жеткенде
Құрамайтын құрақ жоқ
Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.
Ән «Атамекен»
2-жүргізуші:Ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас - ең зор адамның , мәдениеттілік , тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады.Оның мәні - әр адамның ана тілін отанындай, туған халқындай, өз ата- анасындай сүйіп ардақтауында.Міне, сондықтан бүгінгі ақын- жазушыларымыз былай дейді.
Ердаулет: Ақыл - ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілің ардақты
Ақ сүтіндей ананың.
Серік.Өсірген ой - білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің ,
Мәнін терең білуді.
1-жүргізуші: Тіл! Тіл-құрал! әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса. әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз.
2-жүргізуші: : «Тіл -ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан,бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.

Барлық оқушы төмендегі өлеңді хормен айтады:
Қуан анам!
Ұзағынан сүйініп.
Сәтің де көп
Кейде кеткен түңіліп.
Ақ сүтіңнен бойға біткен тілімді
Пір тұтамын
Мен де алдыңда иіліп.
Барлық оқушы бастарын иеді
«Қазақша би»
Қорытындылау.
Мұғалім
: Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Осымен біздің тіл мерекесіне арналған сабағымыз аяқталды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2020
632
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі