Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Тілашар" МАД сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп алды даярлық тобының"Тілашар" атты тәрбие сағатын өткіздім. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің жыл бойы үйренгендерін ортаға салып,ата-аналарына көрсеттім.Бүлдіршіндер көптен үйренген алған білімдерімен қоса өз өнерлерін де көрсетті.Бүлдіршіндер көпшілік ортада өздерін қалай ұстау керектігін үйренді.Сонымен қоса тақпақ айту мәнері,өлең айту,билеу ережелерін үйретіп отырдым.Бүлдіршіндер өте қызығушылықпен қатысты. Ата-аналары да,риза болып қуанып өз лебіздерін,алғыстарын,айтып қуаныштарын білдірді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тілашар»

Мақсаты: Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді білім алуға,оқуға шақыру.

Ұлттық дәстүр «Тілашар» тойы арқылы оқуға ынтасын арттыру,мектепке деген сүйіспеншілігін ояту. Қоршаған дүниені танып білуге жетелеу.

Сахна мәдениетіне тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер.

Барысы:

Мұғалім: Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер мектеп алды даярлық тобының тілашар мерекесінің куәгері болып отырсыздар. Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Мұғалім: Қуаныш бүгін мереке,

Шуағын шашып тұр әлем,

Тілашарға келген қуанып,

Бәрі бірге: Қонақтарға мың сәлем!

Данияр Еркеңіздің мойнына,

Ақ жағасы жарасар.

Кел, келіңіз тойыма,

Тойымның аты – тілашар.

Мектебіміздің директоры Фаткулина Шолпан Мұратқызына сөз беріледі.

Данияр Алты жасқа біздей толған баланы,

Мектеп ана құшағына алады.

Ата-ана қуаныңыз шаттанып,

Шәкірт болып міне бүгін балаңыз.

Айсамал Таудай биік талабым,

Оттай лаулап жанамын.

Салт-санасын сақтаймын,

Дала менен қаланың,

Мен мектепке барамын.

Жанниет Қолға кітап аламын,

Маржан сүзіп табамын.

Жарқыратып кеудеме,

Жұлдыз етіп тағамын.

Мен мектепке барамын.

Жанел Оқуды көп ойлаймыз,

Қызығына тоймаймыз.

Әріптерді үйреніп,

Өлең айтып, би билеп

Өнерден де қалмаймыз.

Ержан Мектеп — үлкен бағдаршам.

Ұстаз — шырақ ұстаушы.

Екеуі де аңғарсақ,

Бағыт жолын нұсқаушы.

Диас Еркесімін атамның,

Еркесімін анамның.

Толып биыл алтыға

Мен оқушы атандым.

Арқама сөмке асына

Мектепке барам асыға.

  1. Ән. Хор: «Біз бақытты балдырған».

Айда Мектеп деген жақсы екен

Қызығы мол думанды.

Жақсы көрем бәрінен,

Әдемілеп жазғанды.

Ү. Нұркен Алты жасқа жеткенім,

Еркеліктен кеткенім.

Кітабымды қолтықтап,

Мектебіме жеткенім.

Әліппеден әріп танып,

Алғаш рет оқимыз.

Тәрбиеден тәлім алып,

Санамызға тоқимыз.

Мадина Өмірімнің көктемін,

Сенде өткізем деп келдім,

Алтын ұям – мектебім!

Оқып ғылым-білімін,

Ой аламын деп келдім,

Оттан ыстық мектебім!

Шұғыла Ойыншық қалды жайында,

Әріптер бөлді көңілді.

Тәбетім жоқ ойынға,

Сезінем үлкен өзімді.

Қуыршақты тастадым,

Уақыт жоқ қой ойынға.

Әріпті құрай бастадым,

Сөздерді тізіп қоюға.

Гүлназ Әжептеуір бойым да,

Сабақ қана ойымда.

Оны ұқпас інім тек,

Шақырады ойынға.

Дейді «Жел боп есейік»

Қайдан білсін ол менің,

Кеткенімді есейіп.

Медеу Кіп-кішкентай баламын,

Алтыдан асып барамын.

Сөмке алып мойныма

Мектепке мен барамын.

Озат оқушы боламын,

Жақсы баға аламын.

Таудай үлкен талабым,

Содан жақсы сабағым.

2.Қыздар тобы. «Бипыл».

Балалар, сауат ашудан алған білімдерімізді тексеріп көрейік.

І тапсырма. Сауат ашу.

-Дыбыс деген не?

-Әріп деген не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?

Жарайсыңдар балалар!

Алмат: Ұстаздарды мақтаймын,

Сенімдерін ақтаймын.

Біздікіндей мектепті

Әлем шарлап таппаймын.

Тақпағымды жаттаймын,

Сабағымды баптаймын.

Біздікіндей мектепті

Ешбір жерден таппаймын.

Нұрсила Алтыға толдым биыл мен,

Оқушы болып киінем.

Арқама сөмке асына

Мектепке барам асыға.

Шохан

Өсіп оймен санамыз,

Өмірге жол саламыз.

Білім қуған баламыз,

Біз оқушы боламыз.

Айткүл

Қуантуға елімді,

Қуантуға жерімді,

Білім жиып өсемін.

Төгіп адал терімді,

Мен мектепке барамын.

Ерасыл

Мектебіңді құрметте,

Бесік болып тербеткен.

Өзің де,жет құрметке,

Азаматсың ер жеткен.

Тұрар

Тану үшін бабаңды,

Тану үшін анаңды,

Тану үшін ғаламды,

Мектеп керек адамға.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн бүгін.

Бұл қуаныш себебін,

Бізге қарап ұғарсың.

Ер жетті деп бөбегім,

Ата-анамыз қуансың.

3.Көрініс. «Амандасу салты»

4. Би. «Флешмоб».

Енді балалар біз математикадан алған білімімізді тексерейік.

ІІ тапсырма. Математика.

Айда Бір дегенім- бесік,

Шықтың содан өсіп.

Медеу Екі деген- елім,

Далам, тауым, көгім.

Мадина Үш дегенім- үміт,

Үміт артар жігіт.

Ерасыл Төрт дегенім- төзім,

Төзе білем өзім.

Шұғыла Бес дегенім- бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алмат Алты деген- ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

Айсамал Жеті деген –жалау,

Жүректегі алау.

Мағжан Сегіз деген- сөзің,

Серт беретін кезің.

Жанел Тоғыз деген- тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Диас Он дегенім- Отан,

Қорға соны, ботам!

Жұмбақ есеп:

Бес алманың екеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолында қалады?

(3 алма)

Сенде болды 3 алма,

Досың берді 2 алма.

Айтшы, кәне балалар,

Болды сонда неше алма?

(5 алма)

Жарайсыңдар балалар!

Мағжан

Ақылшым-асыл ұстазым, Жолымды айқын нұсқадың.

Қасыма кеп қанша сен,

Қамқор боп қалам ұстадың.

Дулат

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай,

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады ,ой Алла-ай.

Ақгүл

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзі бар.

Жандаулет

Ұмтылайық Отан деп,

Оу,балалар жараңдар.

Көк туымыз желбіреп,

Аспанда тұр,қараңдар.

Тәуелсіз бұл Отанның,

Біз бақытты ұрпағы.

Ендеше біз болайық,

Өрге шапқан тұлпары.

Нұрбол

Отан-ыстық ұямыз,

Жүректе Отан тұрады.

Отан-маған пәк ана ,

Мен Отанның ұланы.

А. Ержан

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

5.Қыздар тобы. Би. «Шөжелерім»

Мейіржан

Ұстаздарға мың алғыс,

Алғысымыз көп біздің.

Асыл анам-мектебім,

Үйреткені- адалдық,

Ұсынғаны-адамдық,

Текті мінез даналық,

Бар ұстазға тілейміз,

Бақыт ,табыс, амандық!

Н.Нүркен Өмірімнің көктемін,

Сен де, өткізем деп келдім.

Алтын ұям-мектебім!

Армандарым көп менің ,

Атқарамын деп келдім.

Асыл анам-мектебім!

Оқып ғылым тектерін,

Ой аламын деп келдім.

Оттан ыстық –мектебім!

6. Би. «Вальс»

Ендеше балалар, қоршаған ортадан алған білімімізді тексеріп көрейік.

ІІІ тапсырма. Қоршаған орта.

-Біздің Отанымыз қалай аталады?

-ҚР-ның рәміздерін ата?

-Туымыздың түсі қандай?

-Қазақстанның астанасы қай қала?

Жарайсыңдар балалар!

Ұлдар тобы. «Жастар биі».

Хор. «Әрқашан күн сөнбесін!»

Ендігі сөз кезегі ата-аналарға беріледі.

Құрметті оқушылар! «Оқушы» деген атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті оқушы болады деп сенім білдіремін.

Қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2018
1785
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі