Тарбие сағаты "Тілдің мерейі-елдің мерейі" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарбие сағаты "Тілдің мерейі-елдің мерейі" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тілдің мерейі-елдің мерейі" атты сынып сағаты 1 сынып оқушалырына арналған. оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу мақсатын көздейді. Балалар мемлекетіміз туралы тақпақтар айтты, "Сөз қадірі" тақырыбында көрініс көрсетті. "Төле бидің төрелігі" атты билердің шешендік өнерлерімен де таныс болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тілдің мерейі – елдің мерейі

Мақсаты: оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: киіз үй және оның жабдықтары

Барысы

1-оқушы: Ана тілі-адам болып жаралғаннан бері жан-дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Жүргізуші: Ана тілі жүректің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа сақтап отыратын қазынасы.

2-оқушы: Қазақ тілі-өте бай, икемді тіл.

3-оқушы: Ана тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Тілім өссе мен де біргше өсемін,

Тілім өшсе мен де бірге өшемін.

4-оқушы: Туған тілім-бабам тілім, өз тілім,

Туған тілім-анам тілім, өз тілім.

5-оқушы: Туған тілім-далам тілім, өз тілім,

Туған тілім-адам тілім, өз тілім.

Жүргізуші: Сол тіліммен дүниені аттадым,

ТАПТЫМ БҮКІЛ ТІРШІЛІКТІҢ АТАУЫН;
Жатты онда аманаты атаның,

Жатты онда уыз сүті ананың.

Сол тіліммен махаббатқа тіл қаттым

Сол тіліммен талай гүлді жинап тым.

Сол тіліммен сәбилерді сөйлеттім.

Сол тіліммен көз жастарын құрғаттым.

Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдердің арасын келісімге келтіретін де тіліміз. Ана тіліміздің ой тереңдігін, құдіреттілігін оның қазына екенін дәлелдейтін көріністерді тамашалайық.

Көрініс: «Төле бидің жұмбағы»

Төле би: Уа, халқым! Сөз қадірін білетін жастарға 10 түрлі жұмбағым бар. Жұмбағым мынау: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

Автор: Ұлы аға, жұмбақты шешуге рұқсат етіңіз-деп Қазбек би шығады.

Төле би: Рұқсат, Қаз дауысты Қазыбегім

Қазыбек би: 1 дегенім бірлігі кеткен ел жаман,

2 дегенің егесіп өткен ер жаман,

3 дегенің шошынған ат жаман,

4 дегенің төсектен безген жас жаман,

5 дегенің белсеніп шапқан жау жаман,

6 дегенің асқынып кеткен дерт жаман,

7 дегенің келіншек жесір қалса сол жаман,

8 дегенің серпілмеген қайғы жаман,

9 дегенің торқалы той жаман,

10 дегенің кәрілікке дауа болмас, сол жаман.

Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің. Әйтеке би сен не айтасың?

Әйтеке би: Уа, халайық!

Көсіліп шабар жерің бар,

Тау көтерген елің бар,

Атадан қалған сара жолың бар,

Тіл қадірін білер болсаңдар!

Көрініс: «Сөз қадірі»

Қатысатындар: Автор, әкесі, баласы, қария

Автор: ерте, ерте, ертеде бір қадірлі шешен қария дүниеден көз жұмарында баласына: Балам, мен көп ұзамай дүние салам! Әкем қазына қалдырмады деп өкпелеме, ел ішінде қалдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле,-дейді. Мұны естіген бала, әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылып, таба алмайды. Ойы сан-саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.

Бала: Әкем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп таба алмадым? Сіз айтыңызшы.

Қария: Оның саған қалдырған мұрасы-тіл. Ол шешен адам еді! Тілден қымбат қазына жоқ, балам!

Автор: Осылай аталы сөздің шешімін тауыпты.

Жүргізуші: Бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамыздың соңын ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолымен қорытындылағым келіп отыр.

Тілің-халқың, халқың-тілің қос егіз.

Екеуінің саясында өсеміз.

Халық пен тіл жасай берер қос мекен,

Саясында көгереді көсегең.

Сіз бен біз де бұл дүниеден көшеміз,

Жасай бермек жасайды сол, қос егіз!











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі