Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәрбие сағаты. "Төтенше жағдайлар" 8 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Төтенше жағдайлар»
Мақсаты:
Табиғатта болатын төтенше жағдайлар туралы мәлімет беру. Төтенше жағдайларда болуы
ықтимал апат оқиғаларында өздеріне, төңіректегілерге жәрдем көрсете білудің қарапайым жолдарын меңгеру;
Міндеті:
Оқушыларға азаматтық қорғаныс туралы жалпы мағлұмат беру. Оқушыларды сыйластық қа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтижелер:
Төтенше жағдайлар туралы мәлімет алады. Азаматтық қорғаныстың қазіргі өмірде маныздылығын таниды. Жәрдем көрсетуге ұмтылады. Топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытады. Пайдалы ақпараттарды іздеуге және оны пайдалануға үйренеді. Тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өздігінен қорытынды шығара алады.
Сабақтың түрі: танымдық, топпен жұмыс.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірлесу; топтық жұмыс; СТО стратегиялары
Көрнекілігі: буклеттер, суреттер, мақал – мәтелдер, парақшалар;
Қанатты сөздер, мақал-мәтелдер: «Өрт тілсіз жау», «Сақтықта қорлық жоқ», «От жақпа - пісерсің, ор қазба – түсерсің», «Сумен ойнама – батарсың, отпен ойнама –күйерсің», «Сақ жүрсең сау жүрерсің», «Жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ деме – бөрік астында», «Жері байдың – елі бай», «Туған жер – алтын бесік», «Жеміс – жерде, жеңіс – ерде», «Ауа – өмір тынысың», «Судың да сұрауы бар»;
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Ынтымақтастық атмосферасын құру, психологиялық көңіл-күй қалыптастыру.
Сабақтың мақсат міндетімен танысу.
II. Кіріспе. Қызығушылықты ояту.
«Ой қозғау»
Мұғалім сөзі: Адам – табиғат перзенті. Тіршілікте төрт құдірет – Күн-ана, Жер-ана, ауа мен су болса, олардың біреуінсіз тіршілік тоқтайды. деген мақалдар осы төрт құдіретті қадірлеуден тараған. «Табиғаттың бізге жұмбақ сырлары көп танданар» деп ақын Мұхтар Шаханов айтқандай, адам мен табиғаттың, табиғат пен қоғамның арасындағы қарым-қатынас өмір сүрудегі аса қажетті алғы шарт болып саналады.
Табиғат мейірімі, табиғат көркемдігі адам баласын мейірімге бөлеп, ар тазалығын сақтауға бейімдеп отырады екен.
Табиғатта сезім бар, құлақ та бар,
Ренжітсең, күрсініп, жылап та алар.
Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар- дейді ақын жүрек.
Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай ел. Бұл - оның мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз жеті санын киелі сан деп біледі. Осыған байланысты айтылған «Жеті жұт» дегеніміз не?
1.Құрғақшылық (қуаңшылық)
2.Жұт (мал қырылу)
3.Өрт
4.Оба (ауру)
5.Соғыс
6.Топан су
7.Зілзала (жер сілкінісі)
Олай болса, біздің ұсынып отырған сабағымыздың тақырыбы: «Біз қауіпсіз әлем үшін» деп аталады. Біз табиғат апаттары кезінде орын алатын төтенше жағдайлар туралы
әңгімелесеміз. Төтенше жағдайлардың пайда болу себептері, оның түрлері мен сипаты және қауіпсіздік шаралары туралы білетін боламыз.
III. Негізгі бөлім.
Мағынаны ашу.
Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады да жергілікті экожүйелер, елді мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Сендер бұндай жағдаймен кездескенде сабырлық сақтап, өміріңді сақтап қалуыңа мүмкіндік жасау керек. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз.
(Интерактивті тақтадан «төтенше жағдай» атты презентация көрсету)
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза
табуына әкеп соғатын немесе денсаулығына, қоршаған орта мен
шаруашылық жүргізу объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі
мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып,
тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе
апат салдарынан белгілі аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай
пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы немесе техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларға
бөлінеді.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей
зілзала(жер сілкінісі,сел,көшкін,су тасқыны және тағы басқалар
табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы
аурулары)
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар:
өнеркәсіп, көлік авариялары, өрт (жарылыс, үйлер мен ғимараттардың
кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін
электр энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту
құрылыстарындағы авария туғызған төтенше
жағдайлар.
Төтенше жағдайларда ең әуелі не істеу керек?
1. Сабырлық сақтаңыз.
Ойыңызды жинап, іс-әрекеттеріңізді жоспарлап, ойластырылмаған қадамдарға бармаңыз.
2.Әрекет етудің өзіндік жоспарын құрыңыз
Өзіңіз тұратын ауданды шолып шығыңыз, мұнда қандай апаттардың ұдайы болып тұратынын анықтаңыз да, төтенше әрекеттердің мейлінше жалпылама жоспарын ойластырыңыз.
3.Сіздің жоспарыңызда мейлінше жалпылама нәрселер ғана болуы керек: Қатер төнген жағдайда қай жерге паналайсыз. Орныңызда қалуға болмайтын жағдайда қандай жолмен эвакуацияланасыз. Алғашқы ойлағаныңыз бұғатталған болса, тағы қандай шегіну жолдары бар. Қалай эвакуацияланасыз - машинамен, қайықпен немесе басқадай жолмен. Қолайсыз сәтте машина бұзылып қалған жағдайда не істейсіз. Үйде немесе басқадай орында бас сауғалауға тура келсе, қолыңызда қандай заттар болуы тиіс.
Эвакуация кезінде қандай заттарды ала кетесіз.
Тиісінше әрекет етіп, қажетті заттарды реттеуге, әдетте, осы алты қағида жеткілікті.
Бастапқы қажеттілік жиынтығын дайындаңыз Алғашқы жәрдем дәрі қорабы. Құтылардағы консервіленген азық-түліктер және пластик шишалардағы ауыз су. Транзистор қабылдағыш және электр қол шамы. Қабылдағыш пен қол шам үшін қосалқы батареялар жинағы. От жағатын жағдайға арнап - герметикалық қораптағы сіріңке, оттық және қағаз. Құрал-саймандар мен ас үй жабдықтары – тым болмаса шаппалы бәкі, қасықтар, шанышқылар, екі-үш табақ және саптыаяқтар, консерві ашқыш, жеңіл туристік балта. Отбасылық құжаттар мен ақшаны кез келген жерге тастамай, өзіңіз оңай табатындай белгілі бір орынға сақтаған жөн. Өздеріңізге қандай киімдердің қажет болатынын ойластырыңыз да, төтенше жағдайлар үшін отбасы мүшелерінің әрқайсысына арнап, біраз киім, аяқ киім: жазға - су өтпейтін, қысқа - жылы киімдер мен аяқ киімдер дайындап қойыңыз.
5. Артық ештеңе алмаңыз
7. Үрейлі хабарламалар қабылдауға дайын болыңыз. Алғашқы үрейлі хабарламаларды ала салысымен, дайындыққа кірісіңіз.
8. Төнгелі тұрған ТЖ бойынша әрекет жоспарын нақтылап, Бастапқы қажеттілік жиынтығын тексеріңіз. Жаңалықтарды тыңдай отырып, төтенше әрекет етудің өзіндік жоспарын ойыңызда реттеп шығыңыз да, оның хабарламада айтылып жатқан төтенше жағдай кезінде қалай жүзеге асатынын елестетіп көріңіз.
9. Үрейлі хабарлама алған соң байланыс желілеріне күш түсірмеңіз
10. Күнделікті жаймашуақ өмірде туыстарыңызға нұсқау беріп, үйретіп қойыңыз
Апатты жағдай орын алғанда, телефон желілеріне салмақ түсіріп, шын мәнінде көмекке зәру жандардың өміріне қауіп төндірмеңіз.
11. Мейлінше қажеттілік тумаса тұрғылықты орныңызды тастамаңыз
Апаттың жақындап келе жатқаны туралы ақпарат алғанда, мейлінше қажеттілік тумайынша, ешқайда кетпеңіз. Ал бәрібір кетуге мәжбүр болсаңыз, машинада сүйікті әуеніңіздің орнына радионы қосып, жаңалықтарға құлақ түріңіз.
12. ТЖ аймағында қалған үйге қайтқанда сақ болыңыз.Үйлерге кірмеңіз. Апат кезінде ғимаратқа зақым келген болуы мүмкін, онда оның астында қалуыңыз ғажап емес. Су жүргізу құбырларынан алынған немесе құдық суын пайдаланбас бұрын ойланыңыз.
1.«Біздің түсінігімізде». Үш топқа бөлінген оқушылар өздерінің жинаған мәліметтерімен бөліседі. Үй тапсырмасы ретінде алдын ала берілген. Постер қорғайды. Әр топ қауіпті жағдайлар туралы ойларын жеткізеді.
-
Төтенше жағдай дегеніміз не?
-
Төтенше жағдайдың түрлері және сипаттамалары?
-
Төтенше жағдайларда ең әуелі не істеу керек?
1 топ: . «Су»
Су тасқыны
Су тасқынының негізгі үш себебі бар:
жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың
жылжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе
қар еруі ұзаққа созылғанда өте
қауіпті.
Су тасқыны
кезінде:
- Үйдегі газды, суды, жарықты
сөндіру;
- Пештегі жанып жатқан отты
өшіру;
- Үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне не
жоғары қабатқа
шығару;
- Бірінші қабаттағы есік пен терезелерді
тақтаймен не фанермен қағып
тастау;
- Мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін
ашып тастау;
Кездейсоқ су тасқынында өзіңізбен бірге жылы
киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және басқа
нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді
ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса қайық және т. б. дайындау
қажет.
Су кеткеннен кейін электр сымдарынан,
зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында су
тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған
заттардан тамақ әзірлеуге
болмайды.
2 топ: «От» 3 топ: «Жер» 1 топ: . «Су»
Өртің шығу себептері, өрт қауіпсіздігі туралы
- Отпен жұмыс істегенде
абай болу керек;
-
Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерге
өртеуге;
- Автокөліктен шыққан
жалынға;
- Күн күркірегендегі
найзағайларға;
-
Майланған материалдың үйкелісіне;
-
Күн сәулесінің әйнектен өткен
нүктесі;
Өрт елді мекендердегі
ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналар дағы
байланыс. Мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен
адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман
алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен,
шырпылардан өрт шалады. ауа райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт
желдің есебінен, ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын
өрт шалады..
Өрт қауіпсіздігі ережесі
Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын енкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.
2. Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.
3. Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.
4. Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.
5. Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.
6. Егер сізге біреуді өрттен кұтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.
7. Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.
Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы,
жиідемалу, жүрекайналуы, сананыжоғалту.
3 топ: «Жер»
Жер сілкінісі
Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қана уақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз. Үйдің ішінде: Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз. Сілкініс кезінде қауіпті және қауіпсіз жерлерді анық білген жөн. Қауіпсіз жерлер: Үйде (ғимараттың ішінде) 1)Босаға есік жақтауы 2)Ішкі бұрыш 3)Мықты қабырға 4)Бел ағаш 5)Ванна, тоңазытқыш 6)Парта,стол,кереует Далада: 1)Ашық алаң 2)Биік ғимараттардан аулақ болу 3)Биік ағаштардан аулақ болу Қауіпті жерлер: 1)Терезе жақтағы бұрыш 1)Биік ғимараттар 2)Биік ағаштар 3)Баспалдақ 4)Лифт 5)Жиһаздар 6)Шам жағу қауіпті 7) Соңғы қатардағы шеткі бөлмелер Далада: 1)Биік ғимараттар 2)Биік ағаштар 3)Электр жүйелері 4)Жер асты өткелі Сілкініс басталысымен үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұрасыз (шкаф іші кереует). Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз. - лифтті пайдаланбаңыз. - есіктен далаға шыққан уақытта жанталасып, бір- біріңізге кедергі жасамауға тырысыңыздар. - үйлерден электр бағаналардан аулақ тұрыңыз, электр сымына жақындамаңыз. - сілкініс кезінде үйге кірмеңіз. Автомобиль ішінде: - сілкініс басталған сәтте жүріп келе жатқан автомобильді ашық жерге тоқтатқан дұрыс. - жолаушылар асып-саспай байыпты түрде транспорт ішінде отырып, жер сілкінісінің басылуын күткен жөн
Жер сілкінуіне
дейін алдын ала дайын
болыңыз;
- рюкзак немесе сөмкеңізді,
құжаттар;
- үш күнге жететін тамақ пен
су;
- жылжымалы электр фонарымен
сөмке;
- алғашқы медициналық дәріханасы мен
медикаменттер;
- жылы киім мен аяқ
киім;
2. Тәжірибелік кезең.
Бақытсыздық жағдайы аяқ астынан белең алуы мүмкін сондықтан да қандай жағдай болмасын алғашқы көмек көрсетуге әрбір азамат дайын болуы тиіс. \Оқушылар өздерінің тобына байланысты төтенше жағдайға ұшыраған кезде көрсететін алғашқы медициналық көмекті көрсетеді. Көрініс түрінде көрсетіп, жауаптарын түсіндіріп айтады.\
1 топ. «Су»
Адамды үсік шалса немесе суға батып кеткен жағдайдағы алғашқы көмек
2 топ. «От»
Өрт болған ғимараттың ішінен қолы күйген, ес – түссіз адамды алып шыққан жағдайдағы алғашқы көмек.
3 топ. «Жер»
Зілзала болған ғимараттың ішінен аяқ-қолы сынған, басы жарылған адамды алып шыққан жағдайдағы алғашқы көмек
3. Ой сергіту
Келесі бөліміміз «Бейне сұраққа» көшелік. Ұлттық рухани дүниеміздің жанашырлары – ұстаздарымыздың оқушыларға қояр сұрақтары бар екен.
-
Өрт сөндіру қызметін шақыру үшін неге «101» нөмері таңдалынып алынған?
(себебі, ол-қарапайым, әрі оңай. Есте сақтауға жеңіл. Екіншіден, ол қысқа, қараңғы
жерде де теруге ыңғайлы.)
-
Өрт сөндіру қызметін шақыру кезінде 101-телефоны арқылы қандай ақпараттар беру қажет. (өрт болған нысанның орналасқан мекен-жайын, өрттің шығу орны мен өзінің фамилиясын дереу хабарлау қажет)
-
Терроризмге қарсы қауырт желіге хабарласу үшін қай номерді тереміз?
4. Ситуациялық кезең
1 топ: . «Су»
1.Сендердің үйлерің өзен немесе көл жағасында орналасқан болса, онда көктемде су тасқыны болды делік, сендердің іс-әрекеттерің?
2.Тауға саяхатқа шыққанда шатыр, шелек, балта, ыдыс, тамақ, жылы киім алып шықтың. Сұрақ: нені тастап кеттім деп ойлайсың?
3. Төгілген бензинді қалай сөндіруге болады?
2 топ: «От»
1.Көлікте кетіп бара жатқаныңда егістік алқабы өртеніп жатыр, сендердің іс-әрекеттерің?
2. Егер сен тауға саяхатқа шыққанда адасып тауда қалдың, не істейсің ?
3.Өрт болып жатқан үйдегі немесе пәтердегі терезені сындыруға бола ма?
3 топ: «Жер»
1.Кешкі жаңалықтардан таңғы сағат 4.00 де жер сілкінісі 6 баллға болатынын хабарлады. Үйіңде өзіңнен ересек ешкім жоқ, 2 кішкентай бауырың бар, сендердің іс-әрекеттерің?
2. Шөл далада келе жатып адасып кеттіңдер, не істейсіңдер
3.Жер сілкінісі кезінде лифтіге мінуге болама?
5. Жұптық жұмыс.
Сәйкестік тест
Су тасқыны |
Жер сілкінісі |
Жанартау атқылау |
||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Көктемде
2.Таулы аудан
3.Арнасынан асуы
4.Ауаға зиянды газ шығу
5.Өрт туындау
6.Жолдағы заттарды ағызып әкету
7.Теңіз, өзен, көл жағалаураында болады
8.Сейсмикалық аймақ
9.Зілзала
Қорытынды
Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол – өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспар ларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді. Кейбір жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланыс ты болады. Мысалы: алғашқы медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде. Өмір қауіпсіздік негіздерін әрқайсың білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білу керек. Өзге жанды құтқару үшін өз өміріңді тәуекелге тігу оңай емес. Құтқарушының әрбір жұмыс күні ерлікке пара-пар. Дегенмен, бұл жерде көзсіз батылдықтан гөрі кәсіби біліктілік қажет. Елім дейтін айбынды азаматтарымыз қашанда аман болсын.
Жүректен жүрекке