Материалдар / Тәрбие сағаты "Туған жерім,тал бесігім"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Туған жерім,тал бесігім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың туған жерге деген сағыныштары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2019
2917
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы : « Туған жерім, тал бесігім»

Мақсаты: Оқушыларға туған өлке,оның байлығы,алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру.

Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге,оны аялауға тәрбиелеу.

Мұғалім: Қадірменді ұстаздар, оқушылар ! «Туған жерім – тал бесігім!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Иә, осынау кең - байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бар, сендер секілді болашақ ұрпағы бар мәңгілік ел, туған жеріміз – Қазақстан деп аталады. Бүгін сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.

Жүргізуші:
Батыстан толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь – Шань тауларына дейін Ұланғайыр жерді алып жатқан тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.

1 - оқушы: Жанасыл
Қазақстан - туған өлкем.
Жер көппе сендей көркем.
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем.

2 - оқушы: Диас
Көз алдыңда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалғып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам.
Жатамын көк шалғында жаным балқып.

3 - оқушы: Алмас
Тасып жатқан өзендер жағасынан.
Сары белде сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге.
Қазақтың қасиетті даласынан.

Жүргізуші: Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.

4-оқушы: Жандос
Кең дала көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін басқан.
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан.

5 - оқушы: Айзере
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным.
О туған жер, тамашасың, көркемсің.


Жүргізуші: Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат, мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.

6 - оқушы: Кәусар
Туған жер - алтын бесік, асыл - анам,
Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың едім, өзің тектес, Алысқа несебесі шашыраған.

7 - оқушы: Әділет
Табиғат қызығам сан суретіңе,
Бас ием сенің алып құдіретіңе.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,
Тұтқасы күллі әлемге нұр таратып.


Жүргізуші: Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер. Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «Жері байдың елі бай» деп тегін айтылмаған. Қазақстан – көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.

8 - оқушы: Алинұр
«Қазына қара жерде» дейді қазақ,
Күн көрген осы жерден біраз алып.
Жер - анадан үзіліп кете алмаған,
Кемеңгер небір дана, небір алып.

9 - оқушы: Айкөркем
Кен айтады ел мен жұртың өлшемін,
Кенде жатыр күн қуат пен мол сенім.
Кенің барма, жоқ болса жарлысың,
Кенің болса келешегің зор сенің.
Жүргізуші: Табиғаттың басты байлығы – жер. Қазақстан 272 млн гектар жерді алып жатыр, соның 222 млн гектары ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың дана сөзі бекер айтылмаған.

10 - оқушы: Аянат
Топырақтан өмір иісі шығады,
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесімен беретін
Жақсылық та топырақтан шығады.

11 - оқушы: Інжу
Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.өлке.

Би: «Қарлығаш»

Жүргізуші :        

Туған жердің қандай жақсы күзі де,

Туған жердің қандай жақсы қысы да!

Туған жердің қандай жақсы көктемі!

Туған жердің қандай жақсы жазы да!

Жақсы екен туған жердің күні де,

Жақсы екен туған жердің түні де!

Жақсы екен туған жердің суы да,

Еш жаманын таба алмайсың осында!



  «Отан отбасынан басталады» - деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық дүниедегі жансаясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

        Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.Ендеше оқушылар ұйымшылдықпен бәріміз бірігіп,

Саяхат ойынын және шығармашылық жұмыс жасаймыз(сурет салу,түрлі түсті қағаздардан,ермексаздан қолөнер бұйымдарын жасау)

 Мына көрсетілген бекеттердің көмегімен біз елімізге сапар шегіп, Отанымыздың тарихы, өнері, салт-дәстүрі,табиғаты жайлы қосымша мағлұматтар аламыз. Ол үшін бізге 2 топ көмекке келеді.

(Бекеттердің аты жазылған дөңгелектердің оң және сол жағындағы екі команда мүшелерін таныстырады.)

   Енді екі топ кезекпен бекеттердің рет саны көрсетілген сандықшаларды алып,  тапсырмаларды  орындайсыңдар.

Бекеттің нөмірін бір топ алады. Сол нөмір бойынша бекеттің сұрақтарын жүргізуші қояды. Көп ұпай жинаған команда жеңеді. Сұрақтар қойылып болғаннан кейін команда мүшелері тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалардың мәтінін әрбір топ  конвертпен алады. Осы тапсырма көрермандер үшін көрнекті жерге тақтайшаға жазылып қойылады.  Екі топ шамамен 3 бекеттің сұрағына жауап береді. Топтар жауап бере алмаған жағдайда, көмекке келеді.

  Бірінші   «Тарих» бекеті

  1. Қазақтың әйгілі үш биі? (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)

  2. Қазақ халқының атақты үш батыры (Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай.)

  3. Қазақстанның елордасы? (Астана)

  4. Алтын адам табылған жер? (Есік қорғаны)

  5. Қазақстанның ең алғашқы астанасы ? (Орынбор)



     Тапсырма

    Қазақ батырлары туралы көркем әдеби шығармаларды атау. Олардан  үзінді, өлең айтып беру. («Райымбек батыр» (Райымбек батыр туралы, «Дарабоз» (Қабанбай батыр туралы) т.б., (Эпикалық жырлар: «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» т. б. 

       Жүргізуші: Екі топ тапсырмаға дайындала берсін. Мен сендерге ертеде өз жерін қорғап қалған хан туралы аңыз айтып берейін. Ерте, ерте ертеде біздің елді бір ақ көңіл,  ақылды хан басқарыпты. Көрші қытай елімен тату тұрыпты. Сол себепті ол кедергі көрмей, еліне сыйлы болыпты. Күндердің күнінде көрші елден атой салып елші келіпті. «Уа, алдияр, мынау елдің хабары. Мұны естіп денем мұздап барады. Көршіңіз «Егер тату болам десе менімен, ең жүйрігін берсін!» - деп  талап қойып отыр дейді. Өз елінің тыныштығын, тірлігін, екі елдің бірлігін қалаған хан, көп жүйріктің ішінен ойланбастан дүлдүлін  таңдап береді. Бірақ, ханның бұл шешіміне билер ренжиді. «Жоқ, жоқ ештеңеге ренжімеңдер. Ел бірлігі жолында, бір жүйрікті қидым. Байлықтан опа таппаймыз. Еліміз тыныш болса, бір жүйріктің орнына, жүз жүйрік келеді»- деген екен ақылды хан. Арада біраз уақыт өткен соң көрші елден елші тағы келеді. «Уа, алдияр көршіңіз менімен тату болам десе, сүйген жарын берсін»- дейді. Бұл хабарға хан өте қиналады. Өзінің туған әйелін қимай хан көп ойланады. Өз елінің тыныштығын ойлаған хан ақыры адал жарын көрші ханға сыйлапты... Ханның бұл шешіміне ел ішіндегі билер тағы наразы болады. Бірақ хан «айтқан сөздеріңе әрине, таласым жоқ. Егер тыныш болса елмен елдің арасы, адал, сұлу жар табылар шамасы» деген екен. Уақыт зымырап өтіп жатады. Бір күні көрші елден суық хабар тағы келіп жетеді. «Уа, алдияр,  көрші хан, егер тыныштығын қаласа, қасиетті туып-өскен жерінің бір бөлігін кесіп берсін» дейді. Мұндай сұмдықты естімеген хан ашуға мінеді. Бұл қорлыққа шыдаған хан ойланбастан шешім айтады. «Халқым менің! Қасиетті туған жердің топырағын, алтын кенін қорғау үшін көрші елге соғыс ашамын. Жиналыңдар бәрің де!» деп жарлық береді. Бұл жарлықты естіген билер «Ұлы әміршім, көрші хан жүйрігің мен жарыңды сұрағанда, ойланбастан беріп едің. Асылыңды үн-түнсіз бергенде, шағын жеріңді қорғағаның қалай» дейді. «Менің жүйрігім мен жарымды көршіге үн-түнсіз бергенім, олар менің өз меншіктерім. Ал қасиетті жер- сонау ерте заманнан ата-бабаларымыздың кіндік қамы тамған, олардың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған халықтың жері. Туған жеріміз менің меншігім емес, ол келешек ұрпақтікі, елімдікі.  Қасиетті даламның бір бөлігін басқа елге бергенше, жерімді қорғап өлгенім артық» деген екен. Қасиетті ханның осы салмақты сөзі сол сәтте ел үшін аралап кетіпті. Міне содан бері біздің жеріміз атадан балаға мұра болып бізге жеткен екен. Міне, аңыз осылай аяқталады. Балалар, елін, жерін сүйген біздің ата-бабаларымыз жерімізді ұрпағы үшін елін-жерін осылай қорғаған. Сенде, көк теңбілді байрағымызды жоғары ұста! Еліңді, жеріңді әрқашан сыйла, қорға демекпін. 

 

       Екінші  «Тау мен дала» бекеті

      1.Зайсан көлі Қазақстанның қай облысында орналасқан? (Шығыс          

         Қазақстан облысы)

2.    Қазақтар қандай дала өсімдігін отанның символы деп есептейді? (Жусан)

 

3.Біздің еліміздің жерінде кездеспейтін аңдар мен жануарларды атаңдар (Піл, мүйізтұмсық қолтырауын, керік т.б.)

 

  4.Жетісудың жеті өзенін атаңдар (Іле, Қаратал, Биен, Ақсу, Лепсі,

     Басқан, Сарқант)

5. Қазақстанның ең биік нүктесі  ата? (Хантәңірі шыңы)

 

       Тапсырма: Қазақстанның көркем табиғатына, әсем жерлеріне байланысты ән немесе өлең орындап беру.

 

     Үшінші « Әдебиет» бекеті

  1. Қазақ халқының ұлы ақындарын ата (Абай Құнанбаев, Жамбыл, М.Жұмабаев, М.Мақатаев т.б.)

  2. Қазақ халқының ертегілерін атаңдар (Ер- Төстік, Алтын сақаАсанқайғы,Тазша бала, Керқұла атты Кендебай, Жыл басы т.б.)

  3. Отан, туған жерге байланысты мақал-мәтелдерді жалғастырып айтыңдар:

            Отансыз ...адам – ормансыз бұлбұл

            Отан ...оттан да ыстық

            Ел іші –.... алтын бесік

           Отан – ....елдің анасы, ел –ердің анасы

           Туған жерге...туың тік

            Туған жердей ...жер болмас, туған елдей ел болмас.

 

  1. Жұмбақтарды шешу:

Аузы төбесінде,

Тұтқасы денесінде

                 (Құман)

 

Иінінде құлағы,

Ішінде бұлағы,

Көмейіне от салсаң,

Ызыңдап тұрады.

                   (Самауыр)

 

Мал төлдеп,

Әр ауыл

Пісіреді ақ бауыр

                (Уыз)

 

Басы құдық,

Сабы сырық.

                   (Ожау)

 

    Тапсырма

     Сендердің алдарыңда қазақ ертегілерінің аттары және сол ертегілерде кездесетін заттардың аттары берілген. Осы заттар қай ертегіде кездеседі?

  • қазы (Алдар көсе мен Шығайбай)

  • домбыра (Ақсақ құлан)

  • сақа (алтын сақа)

 

    Төртінші  «Ән-күй» бекеті

  1.     Қазақтың атақты композиторларын атаңдар? (Н.Тілендиев, 

         Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов...)

 

 2.   Қазақ халқының атақты күйшілері (Құрманғазы, Тәттімбет, 

      .   Ықылас, Дина).

 

3.    Қандай қазақ халық әндерін білесіңдер? (Елім-ай, Әй-әй, бөпем, 

         Бір бала, Бесік жыры....)

 

Тапсырма

Сендердің алдарыңда қазақ халық әндерінің сөздері берілген. Сөздерден  ән шумақтарын құраңдар.

  • Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

Елім-ай, Елім-ай

 

  • Әй-әй, бөпем,

Кейін қалған елімді

Көрер ме екем!

 

  • Угай-ай,

Ән салшы-ай       ,

бір бала-ай.

Қос етек, бұраң бел,

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!