Бекітемін:
М/д тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Күні:
Тәрбие сағатының тақырыбы:
«Ұлттық ойын-ұлағат
көзі»
Мақсаты:
Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай
қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып
жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат беру. Ұлттық ойын түрлерінің
мазмұнын түсіндіре отырып, ойнату арқылы қызығушылықтарын арттыру.
Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз
ұлттық ойындар екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге
тәрбиелеу.
Тәрбиелік
бағыты:Ұлттық
тәрбие.
Көрнекілігі:
Слайд(ұлттық ойындарға байланысты суреттер,
роликтер), шарлар т.
б
Тәрбие сағатының
барысы:
Құрметті ұстаздар! 1 «а» сынып оқушыларының «Ұлттық тәрбие»
бағытындағы «Ұлттық ойын-ұлағат көзі»атты ашық тәрбие сағатын
бастауға рұқсат
етіңіздер.
Бейнеролик.
Кіріспе
сөз:
Халқымыздың тарихи - мәдени мұраларының
түрлері сан алуан. Солардың қай - қайсысы да адамға, соның
игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды игіліктердің
бірі – ұлттық ойындар.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді.
Олар : аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын
,зеректікті , ептілік пен икемділікті қажет ететін және соңғы кезде
қалыптасқан ойындар.
Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл
ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар.
Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға
деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын
арттырып,еңбекке баулиды, ширықтырып,
шынықтырады. Ұлттық ойындар осылайша атадан - балаға,
үлкеннен - кішіге мұра болып жалғасып
отырған.
Базарбаева Аяулым
Армысың , аманбысың асыл халқым,
Әрқашан арта берсін сенің даңқың.
Ұмытпай қазағымның ата-салтын
Әрқашан арта берсін сенің даңқың.
Жақсылықова Аружан
Кел, қанекей,
келіңдер,
Тамашаны
көріңдер.
Бізде қызық ойын
бар.
Барлығың ден
қойыңдар.
Орынбаев
Алғат
Атты
баптап,
Түсеміз біз
көкпарға.
Күш болмаса
өзіңде
Қаларсың аунап көк
шаңға.
Болатбек Ұлықпан
Бәйге міне
басталды.
Қосылдым мен
шетінен.
Озып шықсам
егерде
Әжем сүйер
бетімнен.
Малкаждар
Гүлжан
Ала алмасаң
теңгені,
Мазақ қылар
көпшілік.
Ілу үшін
теңгені
Керек екен
ептілік.
Жұмағұлова
Алина
Кімнің көзі
қырағы
Жамбы атуға
шығады.
Кім тигізсе
жамбыға
Сол елінің
ұланы
Жидебаев Иманали
Палуан болу оңай
ма?
Қажет оған көп
айла.
Сол үшін біз
аянбай,
Көп күрестік
көгалда.
-Бүгінде адам баласы жасаған жеті кереметтің
қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан - жай
емес.
Топтық
жұмыс.
«Сөйлейтін қабырға» әдісі
-Әр топқа алдымен ойынның сурет беріледі.Сол ойындар туралы мәлімет қабырғаларда жасырылады.Әр топтың көшбасшысы сол мәліметті іздеп тауып тобына жеткізеді.Топ мүшелері бірігіп постер қорғайды.
Хан талапай -Асықпен ойналатын түрі.Ойын жүргізушісі қолындағы асықты « Хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Балалар тез-тез жинап алулары керек. Асықты кім аз жиып алса, сол жеңілген болады.
Жамбы ату– түркі тектес халықтардың арасында ертеден кең таралған спорт түрі. Атпен шауып келе жатып биік сырықтың басына ілінген күміс теңгені садақпен атып түсіру керек.
Аламан бәйге — ат жарысы. Аламан бәйгеге 20-60, кейде одан да көп сәйгүлік қосылады. Ат 25-100 шақырым қашықтыққа шабады.
«Алтыбақан» - қазақтың ұлттық ойыны. Бір деңгейде байланған екі арқанға екі адам қарама-қарсы отырады да, төменірек байланған арқанға аяқтарын тірейді. Бұларды бір адам тербетеді. Алтыбақанда тербеліп отырған екі адам ән салуға тиіс.
Мұғалім:Ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде біздің заманымыздан бұрын бірінші мың жылдықта - ақ қалыптасқан.Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ,асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамымыздағы ұлттық ойындардың негізгі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алған. Азғантай уақыттың ішінде олардың барлығына бірдей тоқталу мүмкін емес. Сондықтан қазір сол ойындардың ішінен зеректілікті,ептілікті және икемділікті қажет ететін бірнеше ойындарға тоқтала кетейік.
«Ақшамшық»( сақина салу )
Ойын шарты:Ойын бастаушы балаларды шеңберге тұрғызып, екі қолдарын уыстаған күйі отырғызады.Ойын бастаушы қолындағы сақинаны әр ойыншының уысына салғандай ыңғаймен ойынға қатысушыларды түгел аралап өтеді де,қолдарына білдіртпей сақинаны тастап кетеді. Содан кейін ойын қатысушыларына «сақина,сақина шық » деп бұйырады.Сақинаны ұстап отырған ойыншы алдыға сытылып шығып өнерін көрсетеді және ойынды жалғастырады.
Мұғалім:Атамыз қазақ бір ауыз сөзбен қуантып, бір ауыз сөзбен жауын орнынан тұрғызбай тастаған шешен, қайсар, кеңпейіл халық болған.
«Орамал тастамақ»ойыны
Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап каетеді.Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді.Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең,тақпақ айтып немесе билеп беруі керек.Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай жалғаса береді.
Ойын жүргізуші: Серікбай Назифа
-Ендеше балалар, бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінген. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түскен. Келесі ойын түрі «Білектесу» деп аталады. Бұл ойын күш сынасу үшін ойналады.
Ойын шарты: Балаларды екі топқа бөліп, ортаға бір – бір баладан шығарып, шынтақтарын үстел үстіне мықтап қойып, қолдарын айқастырып ұстатып, бар күштерімен екінші баланың қолын үстел үстіне жығу керек. Жыққан бала жеңіске жетеді.
-Қазақтың кез - келген шаңырағында болған той
- мереке ән - бисіз
өтпеген.
Олай болса
Жеңісұлы Мерейдің, «Ұланымын тұранның!
» әнін қабыл
алыңыздар.
Қорытынды:
Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу – бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. Ойын – балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі.
.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты "Ұлттық ойын - ұлағат көзі!"

шағым қалдыра аласыз