ТС-ТБ-А-51/17
№16 КОЛЛЕДЖ МКҚК
САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
«БЕКІТЕМІН»
Директордың ТЖЖО
____________ Г. Шертаева
«_____» _______________ 20 ___ ж.
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ: АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ РУХАНИ БОЛМЫС
ТС-ТБ-А-82/15
Данасы:________________________________
Енгізілген мерзімі:____________________________
Пайдалану мерзімі: ______________________________
Қызмет бабында пайдаланылатын басылым
Шардара
АЛҒЫ СӨЗ
1 Әзірлегендер: А-82 топ жетекшісі....................................................................К.Парманкулов
А-82 топ шебері ......................................................................... А. Ибраемов
2 Бірінші рет енгізілді
Осы тәрбие сағатын №16 колледждің рұқсатынсыз толық немесе жартылай қайталауға, көбейтуге және таратуға болмайды
МАЗМҰНЫ
|
1. Мақсаты ..........................................................................................................................................4 2. Көрнекіліктер..................................................................................................................................4 3. Сабақтың түрі ................................................................................................................................4 4. Сабақтың барысы ..........................................................................................................................4 4.1 Кіріспе сөзі....................................................................................................................................4 4.2 Ұлттық тәрбиенің мақсаты .........................................................................................................4 4.3 Отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері.................................................................................5 5. Қорытынды.....................................................................................................................................7 6. Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................................................8 |
1. МАҚСАТЫ
Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
2. КӨРНЕКІЛІКТЕР
Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.
3. САБАҚТЫҢ ТҮРІ
Ой талқылау
4. САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
4.1 Кіріспе сөзі
Қазіргі уақытта жас ұрпаққа рухани тәлім тәрбие беру заман талабы. Жаһандану
уақытында тәрбие беру, ұлттық және рухани негізде үйлестіре жүргізуді қажет етеді.
Адам тәрбиелеу, ӛзіні туған ұлы мен қызын тәрбиелеу – азаматтың ең бірінші аса
маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық қызметі.
Егемен ел болып, еңсесін тіктеп, етек жеңін жиіп, елдігін ерекшелей түскен қазақ
елінің айрандай ұйыған айбынды ел болып кӛпке танылуы, ең алдымен бүгінгі өскелең
ұрпаққа тікелей байланысты. Ендеше еліміздің болашағы жастар болғандықтан, олардың
рухани тәрбиесіне аса мән беруімізді қажет ететіні сөзсіз. Руханилық жеке тұлғаның
негізгі сапалық кӛрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады,
ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Рухани-адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау
дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын
қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен
іс әрекетін анықтайды. Адамгершіліктің негізі мінез құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек етуі, өзара көмектесуі, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес
элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтарына
жатады. Ыбырай Алтынсарин бабамыздың «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы –
еңбек пен ата-ана үлгісі» дегендей, келешек азаматтың дұрыс жол таңдауы үшін, өздігінен саналы әрекет жасау
үшін тал бесіктегі тәрбиенің орны ерекше екендігін айта кеткен абзал. Атақты педагог
Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің
рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады деп кӛрсеткен. Демек, рухани
тәрбиенің азығы ағаштың кӛшет кезінен бастау алуы. Білім-ғылым болмағанда ӛскелең
ұрпақты діннің құдіретімен тәрбиелеп, үндеу тастаған. Бұл дегеніміз қазақ халқының бала
тәрбиесіне деген көзқарасының қырағылығы. Балалар адам өмірінің қуанышы, өмірдің
мәні.
Егеменді еліміздің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын
сонау ерте заманнан келе жатқан ата-бабалар салт-дәстүрімен, халықтық мұраларымен
сабақтастыра тәрбиелеу – қазіргі күннің ӛзекті мәселелеріне айналып отыр. Себебі ең
берекелі, ең парасатты тәжірибе – халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы «зергерлік»
ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, тәлім-тәрбиелік ойлар.
Ұлттық ойындарымыз халықтық мұраларды болашақ мамандарға дене тәрбиесін беруде
пайдалану дене мүмкіндіктерін тәрбиелеп қана қоймай, ақыл-ой жұмыс қабілетін
қалыптастырып, рухани-адамгершілік сезімдері арқылы шығармашылық күш-жігерін
толық мәнінде кӛрсетуге әсер етеді.
Еліміздің қоғамдық-экономикалық ӛміріндегі елеулі өзгерістерге байланысты
саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани жағдайлар жастарды тәрбиелеу
мәселесін дұрыс бағытта ойластыруды талап етуде.
Бүгінгі таңда халықымыздың тарихи мұраларын оқып-білу, қастерлеп, бүгініміз
бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру өмір қажеттілігінен туындап отырған
әрқайсысымыздың азаматтық, перзенттік парызымыз.
4.2 Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбиенің міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек.
Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарын әлем елдерінің озық дәстүрлері мен озық тәрбие үлгілерімен байытып, жаңа тәрбие тұжырымдамаларын жасауда. Осы арқылы білім беру ісі мен ұлттық тәрбие бірлігіне қол жеткізіп, жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру ісі басты нысанаға алынып отыр.
Ендеше, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек, «Ұлттық тәрбие» балабақшалар мен мектептерден бастап қолға алғанымыз жөн деп ойлаймын.
Ұлттық тәрбиенің көздері: Фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, ұлы ойшылдардың еңбегінде жатыр.
Мысалы: Данагөй сөзі. Ауыл адамдары бір данагөй қартпен кездесіп, пікірлесіп отырғанда бір адам тәрбие туралы сұрайды. Сол кезде қария:
- Осы ауылдарыңда балаларыңды кісі өлтіруге, ұрлық пен тонауды қалай жасау керектігін үйретіп жүрген жалмауыз бар? - дейді.
Адамдар:
- Ол кім? Бізге көрсет, оны тез арада өлтіруіміз керек! - деп шулайды.
- Сонымен қатар қыздарыңды жалаңаш жүруге, зинақор жасап, ер адамды өзіне қаратуды, жаман, лас жолға түсуді үйретіп жүрген әйел бар - дейді.
- Олар қандай адамдар, көрсетші. Оларды өлтіріп, жоюдың амалын айтшы? - деген халыққа данагөй қария:
- Қолдарыңнан келмейді, оны жоюға ешбіреулеріңнің арларың жібермейді,- дегенде:
- Сонда кімдер?
- Ол әрбіріңнің үйіңдегі теледидар! - деген екен
4.3 Отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері: туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады. Тұрмыс – салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.
Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар:
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы (ит). Жеті ата: бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата. Жеті жұт: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала (жер сілкіну). Жеті күн: бүгін, ертең, бірсүгіні, арғы күні, ауыр күн, соңғы күн, азына. Жеті ғалым: шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік, аспан (жоғары), жер орта, жер асты (төменгі). Жеті әулие: Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатым шәріп, Құддыс (Мысыр) шәріп, Кәләм (Құран) шәріп. Жеті жоқ: жерде өлшеуіш, аспанда тіреуіш, таста тамыр, тасбақада талақ, аққуда сүт, Аллада бауыр, жылқыда өт. Жеті жетім: тыңдамаған сөз, киюсіз тозған боз, иесіз қалған жер, басшысы жоқ ел, аққу – қазсыз көл, жерінен айырылған ел, замандасы болмаса – бәрінен де сол.
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта. Бес өсиет: ақымаққа сенбе, жауға иілме, сақ жүр, жаманға жалтақтама, жарлыдан сый алма! Бес намаз: таң, бесін, екінді, ақшам, жашиық. Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн. Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз.
Үш даусыз: мінез, кәрілік, ажал. Үш арсыз: ұйқы, күлкі, тамақ. Үш тәтті: жан, мал, жар. Үш ғайып: ажал, қонақ, несібе. Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл.
Яғни халық педагогикасы тәрбиені еңбек пен өнерге негіздей жүгізеді. Тек бертін келе ғана оқу-білім дамып, ғылым мен техника өрістей бастаған кезеңде ғылыми педагогика дүниеге келді. «Ұлттық тәрбие» пәнінің тиімділігі мен мазмұнын арттырудың ғылыми негізі толық қаланып, бүгінде ол жаңа тәжірибелермен байытылуда.
Ұлттық тәрбиенің көздері: фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге-өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары болып табылады. Ұлттық тәрбие – ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі.
Міне, бұл орайда
ұлттық салт-дәстүрлерді үйрету сабақта және сыныптан тыс
сабақтарда,тәрбие сағаттарында көрсету үрдіске айналып келеді .
Еліміздің ертеңін сеніп тапсыратын отансүйгіш, еңбекқор ұрпақ
тәрбиелеу үшін аянбай тер төгіп келеміз.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» болғандықтан әдебиет
сабағында оқушыларға тақпақтарды жалаң жаттатып, ертегілерді құр
оқытып қана қоймай, оны оқушының санасына сіңіріп, мағынасына
терең бойлатуға тырысамын. Ол үшін түрлі көрнекі құралдарды
пайдаланып «Тазша бала», «Қожанасыр», «Алдар көсе» сынды
ертегі кейіпкерлерін балалардың өздеріне ойнатып, жан-жақты
амал-тәсілдерді қолданамыз. Сондай-ақ ежелгі
ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бен
әдет-ғұрыптарымызды, тарихымызды балалардың жадына жастайынан
сіңіріп өсіруіміз шарт.
Мысалы өткен тарихымыздан сыр шертетін «Көшпенділер» фильмін, одан
соң Желтоқсан оқиғасын, тәуелсіздіктің қалай келгендігін жас
балдырғандарға ересектер сияқты түсіндіре алмайсың. Сондықтан осы
жолда «Тәуелсіздігім тұғырым», «Желтоқсан ызғары»т.б тәрбие
сағаттарын өткіземіз. Ол болашақ ұрпақты ұлтын
сүйе білуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар «Сақина салу», «Орамал тастау» сияқты ұлттық
ойындар қабақ үстінде де ойнатамыз. Бұл олардың өз халқына
деген сүйіспеншілігі мен құрметін арттыра түсетіні кәміл.
Болашақ ұрпақ осы бастан қазақтың ұлттық киімдері мен
ою-өрнектерімен танысып, «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ –
домбыра» дегендей, домбырамыз бен «бесік жырын» айтып, ақ бесікке
әлдилеп жолбарыс жүрек батырлар мен ақындарды тәрбиелеген
апа-әжелеріміздің бізге қалдырған ақ бесігін көріп өссіндеген
ниетпен «Бесікке салу, тұсау кесу, сырға салу т.б
салт-дәстүрлерді тәрбие сағаттарында көрсетуге тырысамын.
Әрине, қазіргі балаларды бұрынғылармен салыстыруға болмайды.
Ертеректе балалармен жұмыс жасау бүгінгіге қарағанда әлдеқайда
жеңіл болатын. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсетіп, айтқаныңды
екі етпейтін. Қазіргі балаларымыз бір үйдің еркесі, бір үйдің
жалғызы дегендей... Оларды тек «алдап» көндірмесең ештеңе істете
алмайсың. Оның үстіне бұл тек мектептің ғана емес, үйдегі
тәрбиеге де байланысты. Сондықтан біз, көбінесе, балалардың
ата-аналарымен кеңесіп, бірлесіп жұмыс істейміз. Мені қынжылтатын
тағы бір мәселе – қазіргі балалар уақытын пайдалы істерге жұмсамай,
компьютердің алдында өткізеді. Ол баланы еңбек етуден алыстатып,
ойлау қабілетін төмендететіні сөзсіз.Сондықтан «Жақсыдан үйреніп,
жаманнан жиренуге»нақыл сөздердің құндылығымен тәрбиелеуге
жетелейміз.
Халықтық педагогика – қоғамның
рухани, мәдени және адамгершілік қарым-қатынастарындағы ең қымбат
қазына дейтін болсақ, оқушыларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен
салт-дәстүрлерін үйрету, оны оқушы ойына ұялату арқылы ізгілікке,
адамгершілікке, ұлтжандылыққа, өз салт-дәстүрін құрмет тұтуға баулу
– ұстаздардың басты мәселесі.
Бүгін де өзгелермен тереземіз теңесіп, өркениетті елдер қатарынан көрініп келе жатқан біз үшін ұлттық дәстүрімізді терең меңгеріп, ұлттық болмысымызды сақтап қалу өте қажет деп білемін. Сондықтан еліміздің болашағын тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздар үшін бұл ең басты міндет деп санап, өз сабағымда осы мәселеге баса назар аударуға тырысамын. Жалпы қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда халықтық педагогикасыз болмайтыны белгілі ғой. Әйтсе де оны оқушы санасына терең бойлату үшін күнделікті сабақта тиімді пайдаға асыра білу өте қажет. Қазақ халқының тәлімдік мәні, ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні — адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі. Халқымыз өз ұрпағын бесікте жаткан кезінен өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан кезден қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де, жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып, қаршадайынан есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, мерген де болған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан, бала 5—6 жасынан ат құлағында ойнай бастайды, бір естігенін қалтқысыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық ертегілерді, жыр-дастандарды жаттап алатын болған. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардын сөйлеу корын байытып, мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра беретін. Халықтық шығармалар ішіндегі әр жакты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы ұйқастардың бәрі балаларды қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін шыңдап отырған. Сондықтан халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқытуда тек оны оқытып, жаттатып, талдатып қана қоюға болмайды. Сол арқылы тәрбиелеу керек. Ата - дәстүрімізді мақтан етіп, оқушы жүрегінде өзінің қазақ болып туғанына мақтаныш ететіндей сезімді оятуымыз қажет.
«Айналдырған тас» туралы аңызды тыңдап көріңіздерші: «Ел кезіп жүрген бір адам келе жатса, бір алдында жатқан үлкен тасты көреді. Ол таста «Аудар да, оқы» — деп жазылған жазуды көреді. Ол тасты әрең дегенде аударып, екінші жағын қараса, «Өз білгеніңе назар аудармай, жаңа білім неге іздейсің? — деген жазуды оқиды», яғни бала тәрбиесінде туындап жатқан мәселенің шешімі өзімізде екендігін көруге болады.
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикамыздың тағдырына үлкен үлесін қосып отырғанын студенттерге дәлелмен жеткізу керек. Сондай-ақ, халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрнісі барын, бесік жырын дана халқымыз ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп танитынын оқушы санасына берік орнатуға тиіспіз.Қазақ халқының ұлттық тәлім тәрбиесі мен мәдениеті талай халықтардың өкілдерін таң қалдырғаны тарихи жазбалардан белгілі. Ұлы саяхатшылар мен зерттеушілер қазақтың ежелгі тұрмыс тіршілігі, мәдениеті мен ауыз әдебиеті туралы, ер адамдар мен әйелдердің моральдік этикалық ерекшеліктері туралы, олардың тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы, әулеттегі, рудағы әлеуметтік орны туралы, ұлттық наным, сенім, әдет ғұрпы, мінезі, көшпенді өмір сүргеніне қарамастан салты мен дәстүрінің біртұтастығы, біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнері мен бейнелеу өнерінің, ауыз әдебиеті және музыка өнерінің жалпы дала мәдениетінің таң қаларлық үлгілері туралы таңдай қаға айтып, баяндайды. Ендеше осындай ұлылықты, халқымыздың бай саралы да саналы дәстүрлерін еліміздің болашағы -өзіміздің алдымызда отырған ұрпағымызға үйрету – ұстаз қауымының бірінші міндеті деп білемін.
5. ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, құрметті студенттер,
бүгінгі сабақтың негізгі мағынасын мына мақал – мәтелдермен
қорытындылайық:
1. Тіл тас жарады, тас жармаса.....(бас
жарады)
2. Бал тамған тілден...(у
тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар,
адамзатты...(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -...(жарым
ырыс)
5. Қаһарлы сөз...(қамал
бұзар)
6. Шебердің қолы ортақ,
шешеннің...( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман...(
шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,... ( тіл
кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз...(желмен
тең)
10. Тіл қылыштан...
(өткір)
11. Піл көтермегенді,...(тіл
көтереді)
12. Тілден артық...(қазына
жоқ)
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана
тілі...(ой өсіреді)
14. Жыланның уы тісінде, Адамның
уы... ( тілінде)
15. Ең ащы да тіл, ең...(тәтті де
тіл)
16. Өнер алды – ( қызыл
тіл)
17. Айтылған сөз -...( атылған
оқ)
18. Жылы - жылы сөйлесең,
жылан...(інінен шығады)
19. Басқа пәле
-...(тілден)
20. Білім кілті -...
(тіл)
21. Тілге құрмет –(елге
құрмет)
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп
- көп рахмет.
6. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Сыныптан тыс жұмыстар
- Кезекті басылымдар
- Қазақтың мақал-мәтелдері
8
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәрбие сағаты: Ұлттық тәрбие: адамгершілік және рухани болмыс

шағым қалдыра аласыз