Тәрбие сағаты "Ұстаз-ұлы тұлға" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие сағаты "Ұстаз-ұлы тұлға" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға тәрбие сағатын қоярда, керек болар деген үмітім бар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Нұра ауылы

«О.Жандосов атындағы орта мектеп –интернат»КММ





Тақырыбы:

«Ұстаз аты биік,әрі мәңгілік»

(сынып сағаты)

Сынып: 4 «ә»

Сынып жетекші: Баянгожаева Жанар Меирмановна







2019 оқу жылы



Күні: 3.10.2019ж

Тақырыбы: «Ұстаз аты биік,әрі мәңгілік»

Мақсаты:

Оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.



Міндеті: Оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу.

Көрнекіліктер: шарлар, слайд



Барысы:



Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.

Ия, жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні де осы күздің үлесіне тиіпті. Ендеше осы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарға деген құрмет арта бермек.

Білімнің кәусәр бұлағын,

Жүресің құйып санама,

Біз үшін сізсіз мұғалім,

Ұстаз да, ғылым дана да.

Ең күрделі ғылым–Адам болу ғылымынан дәріс беріп жүрген мамандық иесі, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар, армысыздар! Бүгінгі «Ардақтайық ұстазды» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!

Тұғыры биік Тәуелсіздігіміздің жасампаздығына көз жеткізіп, өздерінің еселі еңбектерін тек шәкірт ғұмырына арнаған, өмірге өзі де бақытты болып келіп, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп халық қалаулысы атанып, бақытты шаңырақтың иесі болып отырған ұстаздар.

Қыр сырын зерттеп заманның

Ұлылығын айтып бабамның

Өнерге өріс беретін

Барсыз ұстаз мәңгілік дей отырып тақпаққа кезек берейік

Жанерке,Бақдәулет,Аяулы,Каусар,Бекнұр



Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар, дей отырып хор:«Аяулы мектебім» қабыл алыңыздар!

Ұстаздар ұлттың тірегі

Ұстаздар мектеп жүрегі

Ұрпаққа жетер ұстазбен

Халықтың ұлы тірегі дей отырып тақпаққа кезек берейік

«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардақты ұстаздарымыз ортамызда отыр. Көрініс: «Менің атым-Қожа»

Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін өлең жолдарымен білдіреді. тақпақтар

Мектеп анамдай, асыл мектебім,

Құшағы нұрлы көктемім.

Өмірдің аттап өткелін,

Сенде өсіп көктедін.

Бағында құстай сайрадым,

Қырында гүлдей жайнадым.

Сәулетті дархан бесігім,

Тербеліп жүрмін осы күн. Би «Ұстазға шашу»

Әлі есімде мектепке алғаш барғаным,

Сөмке асынып, дәптер, қалам алғаным

Бір бұрышында сол сөмкенің

Кеней сақа, кендір баулы қармағым демекші тақпаққа кезек берейік

Сабағыңнан қалсаң іздеп келетін,

Сырқаттансаң емдеп те өзі көретін.

Жалықпастан жанында ұзақ отырып,

Нелер қызық ертегі айтып беретін демекші хор: «Ұстазым менің ұстазым»

Көңілін бар шәкірттің таба алатың

Кеуделерге намыс отын жаға алатын

Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз

Білімді шәкірттер тәрбиелейтін. Диалог «Әжесі мен немересі»



Алдыңа келіп, ұстазым

Тұңғыш қалам ұстадым

Күлімдеген көзіңнен

Мейірімді сезінген «мектебім» биін тамашалаңыздар



Әр сабағың өтіп жатыр

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып

Тұрасыз сіз, дирижер болып күлімдей, демекші ендігі кезекте ұстаздарға арналған сауалдар

Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз?

«Ұстаз ұлағатты есім» дегенді қалай түсінесіз?

Мектепте қандай қызықтармен кездесе білдіңіз?

Мамандық таңдау қиын ба?

Қорыту

Мұғалімді анамдай жақсы көрем

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне

Ел баласын оқытады ой Алла, дей отырып оқушылардың сіздерге арналған өлең жолдарын,билерін,көріністеріни қабыл алыңыздар деп ойлаймын

Ұстаз болу – жүректің батырлығы

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның алтындығы

Ғылым иесі, ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілін бал тамған ақын да, егін салған диқан да, мал бағып, терін төккен шопан да бәрі бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан да ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Ата-аналар комитетіне сөз беріледі

Ән «Ұстаз ана»



Тексерілді













Тақырыбы:

«Ұстаз аты биік,әрі мәңгілік»





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2019
2878
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі