Материалдар / Тәрбие сағаты «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағаты «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағатын өткізуге көп көмегін тигізеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2019
7557
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г Аяп


5 «Ә»сыныбы

Күні :04.10.2019 ж

Тақырыбы: «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!
Сабақтың мақсаты:
1.Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулу. Ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
2. Дамытушылық:Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу.
3.Білімділік: Білім беру, білімді қалыптастыру. Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қомай, оларға тың мәліметтер, беріп білімді қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:әңгімелесу, сұрақ-жауап, пікір талас.
Көрнекілік құралдар: Буклет, ұлағатты сөздер, ұлы ұстаздардың суреті (Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов).
С
абақтың барысы:

Өту барысы:

Мұғалім:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем! атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән- мағына жатыр десеңші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш «Әліппенің » бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр- сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Жеткіншектің жүрегіне ізгілік сепкен еңбек шынында да ұлы да ұлағатты емес пе?!

I  жүргізуші:

Ұстаз — ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

ІІ  жүргізуші:

Ия, бүгін сол, мектептің айнасы, бәйтерегі, ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса, бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.

I  жүргізуші:

Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай

Барлығы, хормен Мерекелеріңіз құтты болсын!

Хор : Ұстазым әні

ІІ  жүргізуші:

Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

І  жүргізуші:

Мұғалім-ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

 ІІ  жүргізуші:

Олай болса ақын аға- апаларымыздың ұстаздарымызға арнаған өлең шумақтарын үш тілде жыр тыңдайық..

Бекзада , Сәния,Дәулет ақын шығармаларынан үзінді оқиды.

І  жүргізуші:

Ұстаздарға мың алғыс
Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,

ІІ  жүргізуші:
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!

Гүлайым «Мерекем»әні

І  жүргізуші:

Ханшайым ,білесіңбе, біздің сыныптыңда ақын ұл қыздары бүгінгі мерекеге құр келмеген сияқты..
ІІ  жүргізуші:Әрине,бүгінгі күн айтулы ерекше күн емеспе? Ендеше Аман мен Жансаяның жырларын кезек берейік.

І  жүргізуші

Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын

IІ  жүргізуші:

Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
шәкірттер бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін. Ән: Ұстазым Адина,Дәулет,Мерей

I жүргізуші:

Бүгінгі күн ұстаздар үшін ерекше күн.

IІ жүргізуші:

Неге олай дейсің Нұрислам?Мен бүгінгі күнді ғана емес,барлық күнді ұстаз мерекесі дер едім,себебі, ұстаз еңбегіне ештеңе тең келмейді дер едім.

I жүргізуші: Дұрыс айтасың,жайдары мінез ұлағатты ұстаздарымызбен сыр сандықты ашып сырлассақ қалай қарайсың?

ІІ жүргізуші: Олай болса сыр сандықты ашайық...

Сыр сандықтан стикерлер таңдату арқылы нөмірлер таңдап алынады.Сол бойынша шарларды жару арқылы жасырылған сұрақтарға жауап береміз.

  • Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?

  • Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте қандай өзгерістерді байқайсыз?

  • «Ұстаз — мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?

  • Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?

  • Оқушы кезіңізде сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма? Болса сол туралы есіңізде ме?

  • Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?

  • Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?

  • Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.

  • Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме едіңіз?

  • Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?



І жүргізуші:

Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,

Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың

Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап,

Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.

IІ жүргізуші:

Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

Би
І  жүргізуші:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

ІІ  жүргізуші:
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Хормен , М –мейірімді    Ұ— ұлағатты     Ғ-ғазиз      А-ақылды     Л— лайықты     І-іскер     М— маман

Мұғалім: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Осымен ұстаздарға арналған сабағымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!